Киберқауіпсіздік мәселесін қолға алатын уақыт жетті

Ақпараттық технологияның тасы өрге домалап тұрған қазіргі кезеңде интернетке тәуелділік артып келеді. Жер шарын 6 миллиардтан астам адам мекендесе, соның 1,5 миллиардтан астамы ғаламторды тұрақты түрде пайдаланатындар санатында екен. Яғни осынша жұмыр басты пенденің немесе одан да көп адамның электронды поштаға иелік ететіні анық.

Ақпараттық тәуелділікке өзіміз сұранып отырмыз
Жасыратыны жоқ, елімізде кеңінен та­ра­ған ресейлік mail.ru сайты. Осы сайттың әкім­шілігі таратқан мәліметтер бойынша, mail.ru-ды пайдалану бойынша қазақ­стан­дықтар алғашқы орынға шыққан. Аталған сайт­тың отаны Ресейдің өзі екінші сатыда. ТМД кеңістігінде кеңінен тараған бұл сайт­ты қолдану бойынша, Өзбекстан – үшінші, Украи­на – төртінші, Белорус елі бесінші орын­да екен. Ресейлік аталған сайттың мере­йін үстем етіп отырғандардың арасын­да mail.ru-ды м-агент үшін пайдаланатын жастар ғана емес, өкінішке орай мемле­кеттік мекемелер де бар. Аудандық әкім­шіліктер, мәдени ошақтардың дені – осы сайттың тұрақты қолданушылары. Қазақ қаріпін «оқығысы» келмейтін сайттың дамуына неге өзіміз үлес қосып отырмыз. «Ақпарат­тық қауіпсіздікті сақтау үшін орыстың газет-журналына тосқауыл қою керек» деп ұрандататындардың өзі ресейлік сайттардың шырмауында екенін аңғара бермейді. XXI ғасырда ақпараттық қауіпсіз­дікті сөз еткенде халықтың санасын жаппай жаулап жатқан интернет сайттарын да естен шығармау қажет. Блоггерлердің пі­кірін­ше, mail.ru – хакерлер ұнататын сайт көрі­неді. Ен­деше, мемлекеттік мекемелер­дің осы сайт­тың пошталық қызметін пайда­ланып отыр­ғаны қалай?
Анар МҰСТАФИНА, блоггер:
– Қазақ жастары ақырындап интернетті пайдаланудың қыр-сырын меңгеріп келеді. Алайда интернет тек Mail.ru деп ойлай­тын­дар көп, оның ішінде тек м-агенттігін ғана пай­­даланатындар қаншама. Mail.ru пошта қыз­меті қауіпсіздік жағынан әлсіз жүйе деп ма­мандардың бәрі айтады. Оның бірден-бір себебі, қолданушылардың оңай кілт­сөз­дер­ді пайдалануында болып отыр. Оны хакерлер бірден «бұзып-сындыра» алады және спам-жарнамаларды сүзгіден өткізу бөлімі де толық қамсыздандырылмаған. Әсіресе мемлекеттік құпия саналатын хаттармен жұмыс істейтін мекемелерге абай болу керек деп ойлаймын. Білікті фирмалардың өзіндік ішкі хат алмасу жәшіктері болады. Ал ондай жоқ болса, ресмилігін байқату мақсатында Gmail.com, Yahoo.com деген сияқты пошта жәшіктерін қолдануды ұсынар едім. Интернетті көптен бері пайдаланушылар баяғыдан осы пошта қызметтеріне ауысып үлгерген. Өйткені бұл пошталардың функциялары өте ыңғайлы, әрі спам-жарнама сүзгісі де қолайлы. Бірақ қауіпсіз деп ешбір пошта жәшігін кесіп айтуға болмас.
Киберқауіпсіздікке мүдделі болуымыз керек
Еліміздегі әрбір азамат құпиялы хат ал­масуға құқылы. Бұл туралы Конститу­циямызда былай деп жазылған:
«Әркім өзінің жеке салымдары мен жи­наған қаражатының, жазысқан хаттары­ның, телефон арқылы сөйлескен сөздері­нің, почта, телеграф арқылы және басқа жол­дармен алысқан хабарларының құпия­лы­лығы сақталуына құқығы бар. Бұл құ­қық­ты шектеуге заңда тікелей белгіленген рет­тер мен тәртіп бойынша ғана жол бері­леді». (ІІ бөлім. Адам және азамат, 18-баптың 2-тармағы.)
Адам құқығын бәрінен жоғары қоятын мемлекеттердің негізгі заңдарында дәл осы бап бар. Баптың құрылымында ерек­шелік жоқ, бірақ сол талаптардың қан­ша­лықты сақталуына келер болсақ, айыр­ма­шылық көп.
Ресейде мынандай бір оқиға тіркелген. Бір әйел хакерлерге өзге азаматтардың эле­к­тронды адрестерін беріп, құпия кілт­терді айтып отырғаны үшін 10 дол­лар­дан «сыйақы» алып отырған. Осылайша, олар Конституциямен қорғалған жеке адам­дардың құқығына қол сұққан. Жақын­да АҚШ-тық хакер есімі жұртқа мәш­һүр тұлғалардың электронды пош­та­ла­рына шабуыл жасаған. Киберқылмыскер осы қылмысы үшін 121 жылға бас бостан­дығынан айырылды. Біздің елде де мұндай оқиғалар аз емес. Алайда жеке құқығын қорғап, сотқа шағымданып жатқан ешкім жоқ. Жақында айтыскер ақын Айнұр Тұр­сынбаеваның mail.ru сайтындағы пош­тасына өзге адам кіріп, Айнұрдың таныс­тарын балағаттап шықты. Бір күннен кейін ақын қызымыз барлығынан кешірім сұрап, хакерлердің кіргенін баяндады. Аяулы ақынның ар-намысын аяққа таптаған адамның кім болғанын, оның үстінен сотқа шағым түсірілді ме, жоқ па, соны анықтау мақсатында ақынның өзіне хабарласып көріп едік, байланысу мүмкін болмады. Ал АҚШ-та танымал адамның электронды поштасына кірген адам өмір бойы темір тордың арғы жағында отыратын болды. Ал бізде ше? Хакерлер тайраңдап жүр. Бұл жерде азаматтар құқығына кепілдік беретін Конституцияның кейбір баптары орындалмай отыр ма, әлде азаматтардың өзі шағымданбай ма?
Берік Бекжанов, Мәжіліс депутаты:
– Конституциямыз еліміздің әрбір аза­матының құқығын қорғайды. Яғни азаматтардың еркін хат алмасуына, оны жария етпеуге ерік берілген.
– Бізде азаматтардың көпшілігі элек­­трон­дық поштасына хакерлердің кіргенін айтып жатады. Осы ретте Конс­титуцияның тиісті баптары орын­дал­май ма, әлде аза­маттар тарапынан ша­ғымдар түсіп жатқан жоқ па?
– Сіздің осы мәселеге байланысты нақты дәлеліңіз бар ма?
– Әрине, дәлел де, мысал да көп.
– Егер жеке электронды поштасына ха­кер­лердің кіріп, ойына келгенін істегені анық болса, әрбір азаматтың сотқа ша­ғым­­дануға құқығы бар. Азамат өз құқығын Кон­сти­туциямен, тиісті заңдармен қорғай алады.
– Ал сіз кезінде сот органында істегенде осындай жағдайлар тіркелді ме?
– Жоқ, мұндай мәселеге байланысты шағымдар түскен жоқ.
 Демек, бізде азаматтардың өзі бейжай қарайды. Хакерлерге кешіріммен қарау қауіпті екенін әлі түсіне бермейміз. Егер қандай да бір экстремистік, сепаратистік пиғылдағы дүниелерді сіздің атыңыздан өзгелерге жолдаса ше?
Кейбір азаматтарға бір мәселемен хат жазсаңыз, «кешіріңіз мен ол емес едім» деген жайбарақат жазылған жауап аласыз. Бәлкім, ол сенімді адамы шығар. Алайда электронды пошта адамның жеке мүлкі сияқты емес пе? Әлде біздегі интернет мәдениетінің қалыптаспағанының бір сыры осында ма? Жоғарыдағы кемшілік­тердің алдын алу үшін киберқылмысқа қарсы шараларды күшейту керек шығар. Мысалы, Түркияның 70 млн азаматының әрқайсысының электронды поштасы бар. Бір қызығы, бұл елде электронды пошта адресі бала өмірге келгенде туу туралы куәлігіне жазылып, кейіннен оның жеке куәлігіне де көшіріледі. Яғни ол адамның жеке паспорт нөмірі сияқты болады. Биылдан бастап қолданысқа енгізілген бұл жүйе адамға өзінің жеке құпиясын сақтауға мүмкіндіктер көп. Бұл – киберқылмыспен күресудің бір тәсілі.

Түйін
Көктемде Тунис пен Мысырдан бас­тал­ған көтерілістер бүгінде Ливиядағы соғысқа жалғасуда. Сарапшылар бұл бүліктердің өршуіне ғаламтордың оның ішінде әлеуметтік желілер мен элек­трон­ды пошталардың ықпалы бол­ға­нын жасырмайды. Сондықтан қа­зір қа­уіп­сіздік туралы мәселе қозғал­ған­да ки­б­ерқауіпсіздік деген қатар ата­латын бол­ды. Әрбір индивидтің қауіп­сіздігі – бү­тін бір мемлекеттің қа­уіп­сіздігі. Енде­ше, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйы­мы­ның саммитінде бірінші бо­лып Елба­сы көтерген киберқауіпсіздік мә­селесін қол­ға алатын кез жеткен сияқ­ты.

Тарихы
Электронды пошта 1965 жылдың 2 қазанында пайда болды деген мәліметтер бар. Дәл осы күні Массачусетс технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис пен Том ван Влек MAIL бағдарламасын жазып шықты. Алайда электронды поштаның «әкесі» – BBN Technologie компаниясының бас инженері, профессор Рэй Томлинсон деген дерек басымырақ. Аталған ғалым 1971 жылдың 2 қазанында пошталық бағдарламаның авторы атанады. Биыл электронды поштаға ресми түрде 30 жыл толып отыр. Айта кететіні, бәрімізге жақсы таныс «айқұлақ» яғни @ белгісін осы Рэй Томлинсон ойлап тапқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста