Кедендік одақ органдарының қызметі қандай?

Кедендік одақ органдарының қызметі қандай?

Кедендік одақ құрылғалы бері қоғамды «Бір­ың­ғай экономикалық кеңістіктің жұмысын кімге тапсырамыз, кім үйлестіреді?» деген сауал мазалап келеді. Бұл орайда саясаткерлер мен экономист мамандар экономикалық кеңістіктің барлық қадамы мен мәселесін, шешімдері мен жұмыс істеу әрекеттерін Еуразиялық экономикалық комиссия­ның реттейтінін айтқан еді. Өйткені әу басында Еуразиялық экономикалық комиссияның негізгі міндеті болып Кеден одағы мен Бірыңғай экономи­ка­лық кеңістіктің жұмыс істеуі және даму жағдай­ларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі экономикалық интеграция саласында ұсыныстар әзірлеу бекітіліп қойған болатын. Осы бағыттағы жұмыс қарқыны қалай жүріп жатыр? Бүгінгі басты сауал  осы. Бұл сұрақтың аясы «Кедендік одақ органдарының негізгі атқарар функциясы қалай болуы керек?» деген сұраулы оймен кеңейе түсетіні де белгілі. Ендеше, саралап көрелік.

Еуразиялық экономикалық комиссия деген не?
Қазір кез келген қоғам мүшесі КО-ны біртұтас эко­но­микалық кеңістік деп түсінеді. Бұл кеңістік шеңберін­де кедендік баж салынбайтынын, экономикалық шек­теуші құралдар қолданылмайтынын, тек демпингке қар­сы немесе компенсациялық шараларды қолдануға рұқ­сат етілетінін біледі. Десек те, біздің азаматтарымыз «осы шаруаларды, сонымен қатар Кедендік одақ шең­бе­рін­де біртұтас кедендік тариф және шет мем­ле­кеттермен сауда айналымын кім, қалай реттейді?» де­ген сауалға аса мән бермей келеді. Бұл шаруалар ті­згі­нін тікелей Еуразиялық экономикалық комиссия ұстап отыр.
Бұл комиссия Кеден одағының нор­матив­тік-құқықтық қорын қалыптастыруға, кеден тәртібін оңайлатуға және сыртқы эко­номикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға міндетті.
Ең алдымен атқарар шаруасы не?
Еуразиялық экономикалық комиссия ең алдымен не жасауы керек?  Бұл сауал­ға сарапшы мамандар Еуразиялық эко­номикалық комиссияның басты міндеті КО-ға мүше Қазақстан, Ресей, Белоруссия та­раптарының өзара пайдасын, тең құқы­лы­ғын және ұлттық мүдделерінің ескерілуін қам­тамасыз ету керектігін айтады. Әрбір қабыл­данатын шешімдердің экономика­лық негізділігін де комиссия назарда ұс­тауы керек. Ашықтық, жариялылық және объек­тивтілік қағидаттарды негізге алған­да ғана КО жұмысы жемісін бермек. 
Комиссияның құрылымы қандай?
Еуразиялық экономикалық комиссия Ко­миссия кеңесі және Комиссия алқасы­нан құралған. Комиссия кеңесі мен Комис­сия алқасы қызметінің тәртібін мемлекет бас­шылары деңгейіндегі Жоғары еуразия­лық экономикалық кеңес бекітеді. Бұл екі құ­рылым өз қызметі шеңберінде құрылым­дық бөлімшелерді, яғни департаменттерді құру­ға құқылы.
Комиссия Кеңесінің функциясы
Комиссия кеңесі тікелей Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі ин­теграциялық процестердің басқарылуын жү­зеге асырады. Бұл кеңеске Үкімет бас­шы­сының бір орынбасары (мүше мем­ле­кеттердің барлығынан) өкіл болып кіреді. Ко­миссия кеңесі Еуразиялық экономика­лық комиссия қол қойған халықаралық шарттар жобаларын Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мақұлдауына ұсына алады. Сонымен қатар Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Комиссия Алқасының функциясы
Комиссия алқасы Кеден одағы мен Бірың­ғай экономикалық кеңістік шеңберін­дегі мәселелерді интеграциялау саласын­да­ғы ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық ко­­мис­сияның атқарушы органы болып есеп­теледі. Комиссия алқасы тоғыз мүше­ден тұрады. Алқаға КО-ға мүше елдерден үш өкілден кіреді. Сол тоғыз өкілдің біреуі Комиссия алқасының төрағасы болып тағайындалады. Сонымен қатар Комиссия алқасы тікелей Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттеріне басшылық жасайды. Комиссия алқасының мүшелерін мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі төрт жыл мерзімге тағайындайды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның департаменттері
Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес, Комиссия кеңесі және Комиссия ал­қа­сының қызметін Еуразиялық экономика­лық комиссияның департаменттері жүзеге асырады. Комиссия департаменттерінің құра­мы Еуразиялық экономикалық комис­сия­ның қызметкерлерінен жасақталады. Еуразиялық экономикалық комиссияның департаменттерінің директорлары мен орын­басарларын төрт жылдық мерзімге Ко­миссия алқасының төрағасы тағайын­дай­ды.

Түйін
Біз бүгін КО шеңберінде дүниеге кел­ген Еуразиялық экономикалық ко­мис­сияның атқарар шаруасын ғана сөз етіп отырмыз. Бұл жай оқырман сана­сы­на «Егер де КО-ға мүше бір ел Еу­ра­зиялық экономикалық комиссияның ше­шімімен келіспесе не болады?» деген ой ұялататыны хақ. Мұндай жағ­дай­­лардың консенсус шешімін қа­былдай­тын мемлекет басшылары дең­­­­­ге­йін­дегі Кедендік одақтың жоғар­ғы органы бар. Бұл жоғарғы орган – Мем­лекет басшыларының деңгейіндегі мемлекетаралық кеңес және Үкімет басшыларының деңгейіндегі мемле­кетаралық кеңес болып екіге бөлінеді. 

Тақырыпқа орай
Біріккен алқа деген не?
Еуразиялық экономикалық комиссия­дан тысқары Кеден одағына мүше мемле­кет­тер арасындағы кеден қызметтерінің Біріккен алқасы қызмет жасайды. Біріккен алқаның төрағасын кеден қызметі басшы­ла­рынан жасақталған алқа мүшелері сай­лай­д­ы. Кеден одағы аясында құрылған алқаның негізгі міндетіне кеден қызметін үйлестіру, кеден ісі мәселелері бойынша Кеден одағының бірыңғай құқықтық база­сын қалыптастыру ісі жатады. Бұдан бөлек Бірік­кен алқа кедендік бақылау ұйымдас­тыру­дың біріздендірілген тәртібін қамта­ма­сыз етіп, Кеден одағы аумағында кеден сая­сатын іске асыруға жәрдемдеседі. ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі (Кеден ода­ғының жоғары органы) және Кеден ода­ғының комиссиясы қабылдаған шешім­дерді іске асыруға да мұрындық болады.

Сіз не дейсіз?
Сайполла Сапанов, саясаттанушы:
– Кедендік одақ шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия секілді ұлтүсті ұйым­дардың құрылуы – Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістерді дамыту сала­сындағы ең күрделі мәселелердің бірі. Меніңше, осындай ұйымдар – интеграцияның дамуы­ның басты кілті. КО мүшелерінің ортақ мүддесі ескерілуі керек. Мысалы, Еуроо­дақ­қа мүше елдердің экономикалық әлеуеті әртүрлі. Десе де, ол елдердің Еуроко­мис­сиядағы құқығы демократиялы түрде теңестірілген. Бізде де сол ұстаныммен демок­ра­тиялық принциптерге сүйене отырып дауыс беру, шешім қабылдау секілді кей­бір мәселелерді қайта қарауымыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста