Каспийдің құқықтық мәртебесінің шешілуін бір жыл тосамыз

Каспийдің құқықтық мәртебесінің шешілуін бір жыл тосамыз

Әзірбайжан Президентінің «Гян­джлик» қалалық резиденциясында өткен Каспий жағалауы елдері басшыларының ІІІ саммиті табысты өт­ті. Саммит шы­мылдығын ашқан Әзір­байжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан, Ресей мен Әзірбайжан өз арасында Каспий теңізін бөлу мәселесін әлдеқашан шешкенін, енді Каспий теңізінің құқықтық мәр­тебесін анықтау мәселесінде ортақ келісімге келу қажеттілігін жә­не бүгінгі таңда Каспийді достық теңізіне айналдыру үшін бес елдің эко­но­ми­калық ынтымақтастығын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Саммитте сөйлеген сөзінде Каспий теңізіндегі елдердің ынтымақтастығының көкейкесті мәселелерін жоғары деңгейдегі бестарапты форматта талқылауға мүмк­ін­дік беріліп отырғанына тоқталған Пре­зи­дент Н.Назарбаев «Ынтымақ­тас­тығымыз тиімді болуы үшін біз Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселені толықтай шешуіміз қажет. Каспий су айды­ны­ның бірегейлігі тек оның көмірсутегі ресурстары қорына иелігінде ғана емес, сонымен қатар Каспий мыңдаған жылдар бойы өзінің жағалауын мекендеген халық­тар­ды біріктірген достық пен тұрақтылықтың теңізі болып қалды», – деп атап өтіп, Кас­пий­дің құқықтық мәртебесіне байланысты арнайы жұмыс тобының отырыстарын кем дегенде жылына бес рет өткізіп тұру туралы ұсыныс жасады. Орынды ұсыныс өзге Пре­зи­денттер тарапынан қолдауға ие болды. «Каспийдің құқықтық мәртебесімен жұмыс жасайтын аталмыш жұмыс тобының қызметіне тоқтала кеткім келеді. Сөйтіп, үш жыл ішінде Tehpaн саммитінен кейін атал­ған келіссөздер механизмі аясында алты кездесу өткізілді. Жеке кездесулер ара­сын­да үзілістер бір жылдан да асып кетті. Біз мемлекет басшылары жылына бір рет кездеседі деп келіскенбіз», – деген Елба­сы­ның сөзінен кейін келесі жылы өтетін саммитті өз міндетіне алған Ресей Прези­ден­ті Д.Медведев бұдан былай Каспий басқосуы жылына бір мәрте тұрақты түрде өткізілетініне сенім білдірді. Осы орайда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі тура­лы конвенция келесі саммитте қабылданып қалуы мүмкін екендігі айтылды.

Олай болса, 20 жылдан бергі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселесіне нүкте қоюға бір жыл қалды деуге болар. Елбасы Н.Назарбаев: «Келесі жылы Ресейде біз тарихи оқиғаның куәгері болатынымызға сенемін. Біз Каспий теңізінің құқықтық мәр­тебесін анықтау мәселесінде бір-бірімізбен жақындаса түстік», – деп атап өтті. Сондай-ақ саммитте Каспийдің био­ре­сурстарын пайдалану, қорғау және ұдайы өндіру тақырыбына ерекше мән берілді. Осы орайда, Қазақстан Президенті бекіре тұқымдас балықтың саны апатты жағдайда азайып бара жатқанына бай­ла­ныс­ты күрделі ахуалды ескеріп, оларды аулауға уақытша, яғни бес жылға дейін бестарапты мораторий енгізу туралы бастама көтерді. Бұл мәселе бұдан бұрын 2007 жылғы Теһран кездесуінде де айтылған болатын. Президент Н.Назар­баев­тың айтуынша, осындай уақытша мораторий теңіз еркесі – бекіре тұқымдас балық түрлерінің популяциясын қайта қалпына келтіріп, оларды болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді. Расында, Мексика шығанағының фаунасы мен флорасына төнген апат Каспийдің ен байлығын игеріп отырған елдер үшін де сабақ болуға тиіс. Саммиттің қорытындысы бойынша 15 тармақтан тұратын Бірлескен мәлімдеме қабылданып, Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы 15 баптан түзілген келісімге қол қойылды. Келісімнің бірінші бабында көр­сетіл­гендей, Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті қам­тамасыз ету жағалау елдерінің айрық­ша құзыреті (прерогатива) болып бекітілді. Жал­пы, бес ел Каспий теңізіне қатысты барлық мәселелерді тек бейбіт түрде шешетін болады. Саммиттегі ерекше атап өтерлік оқиға Елбасы ұсыныстарының саммиттің хаттамалық шешімінің негізіне айналуы болды.

Сонымен, хаттама бойынша тарап­тар Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға бес жыл бойына мора­торий енгізу тетіктері туралы ұсы­ныс­тарды үш ай мерзім ішінде талқылауды және әзірлеуді тиісті ведомстволарға тапсыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тараптар жағалаудағы мемлекеттердің меншігі болып есептелетін су кеңістігін қоса алғанда, 24-25 миль қашықтықтағы ұлттық аймақтың аумағын үш ай мерзімде тал­қылауды және келісуді тиісті ведомстволарға тапсыру туралы шешім қабылдады. Осын­дай шешімдерді Қазақстанның бұрыннан негіздеп келе жатқан өз позициясының өзгелер тарапынан мойындалғанын аңғар­тады. Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді мақсат еткен 15 баптық келісімге сәйкес, бес мемлекеттің өкілетті органдары осы салада өзара ынтымақтастық орната алады. Келісім бойынша, тараптар ақпарат пен өзара тәжірибе алмасады, кездесулер мен кеңестер өткізеді, терроризмге, ұйымдасқан қылмыс пен заңсыз қару және есірткі айналымына, контрабанда, адам саудасы, биоресурстарды заңсыз өндіру мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөнінде өзара келісіп, бірлескен іс-шаралар өткізетін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар бес елдің нақты ведомстволарына міндеттелді. Кас­пий жағалауы елдері басшыларының ІІІ саммитінің жалпы отырысы аяқталғаннан кейін Әзірбайжан басшысы И.Әлиев «Кас­пий бестігінің» президенттерінің құрметіне ресми қабылдау ұйымдастырды. Каспий маңы елдері мемлекет басшыларының саммиті аясында Қазақстан Президенті Н.Назар­баев Ресей Президенті Д.Медве­девпен кездесіп, онда екіжақты эконо­микалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Қазақстан басшысымен кездесуінде Ресей Президенті Д.Медведев: «Мен алдағы уақытта Астанада ЕҚЫҰ-ның саммиті жоғары деңгейде өтетініне сенемін, Сізге саммитті өткізуде табыс тілеймін», – деді. Сондай-ақ Президент Н.Назарбаев Иран Президенті М.Ахмадинежадпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселесі сөз болды. Кеше Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Португалия астанасы Лиссабондағы НАТО саммитіне қатысты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста