Кадр тапшылығының сыры неде?

Кадр тапшылығының сыры неде?

Кадрлық резерв қалыптасу үшін кадрлық саясат оңтайлы болуы керек. Еліміздегі осы кадр саясаты туралы және кадрлық резервтің әлеуеті хақында аз айтылып жүрген жоқ. Президенттің өзі бірнеше мәрте осы мәселені төтесінен қойған болатын. Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет мүшелерімен кездесуінде «Жастарды қамқорлыққа алу – менің саясатым, алайда министрлік пен мемлекеттік ведомстволардың аппараты «балалар бақшасына» айналып кеткен. Тіпті лауазымды орынтаққа отырған жастар өздерінің бұл қызметке не үшін келгендерін де білмейді» деп қатаң ескерту жасаған-ды. Ал сайлаудан кейінгі тағайындаулар нәтижесінде түзілген ескі де жаңа Үкіметпен қайта қауышқан Президент тағы бір мәрте кадрлық резерв хақында ой қозғап өтті. Ұдайы Мемлекет басшысының сынына ұшырап жүретін бұл саланың шекесі қызып тұрмағаны белгілі. Ендеше, осы саладағы мәселелерге тоқтала кетейік.
Жалпы, кадрлық саясаттың кең тараған бірнеше түрі бар. Пассивті, реактивті, пре­вен­тивті және активті. Пассивті кадр саяса­ты­нда мемлекет немесе мекеменің қандай да бір жоспары болмайды. Мұның соңы ке­лең­сіздіктерге, орны толмас олқылық­тар­ға әкелуі мүмкін. Ал реактивті кадр сая­саты – басшылық кадр дағдарысының се­беп-салдарын анықтап отырады. Кадрлық қыз­метті дамытуға күш салынады, бірақ то­лық­қанды жоспар мен болжамдар жаса­лын­байды. Алдын ала жасалатын кадрлық сая­сат (превентивті) – басшылық кадрға қа­тысты барлық жағдайдан шыға алады. Қысқа әрі ұзақ мерзімдерге жоспарлар жасалынады. Белсенді кадрлық саясат – бұл саланың ең жоғарғы сатысы. Мұндай кезде мемлекет немесе мекемеде кадрға қатысты проблемалар болмайды.
Активті кадр саясатына не кедергі?
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында пас­сивті кадр саясаты жүргізілгенімен, 1993 жылдың соңына қарай реактивті кадр саясатына көштік. Сол жылдың қара­ша айында Президенттің Жарлығымен «Бо­ла­шақ» стипендиясы тағайындалып, 1994 жылдан бастап қазақстандық жастар шетелде білім ала бастады. Мемлекет өзін қай салада болсын бәсекелестікке бейімдеу мақсатында қазіргі кезеңде әлемнің 20-дан астам елінде мамандар даярлап жа­тыр. Ұзақ мерзімді даму жоспарларын бе­кіт­кен Қазақстан дәл қазіргі уақытта пре­вен­тивті кадрлық саясатын жүргізіп отыр деу­ге болады. Ал еліміздегі қазіргі кадр сая­сатын сын садағына алып жүрген Пре­зи­денттің қалауы – активті кадрлық саясат­ты қалыптастыру. Яғни кадрлық резерві әлеу­ет­ті, кез келген дағдарыстан шығара алатын кадр саясатын қалыптастыруымыз қажет. Бірден айта кетейік, активті кадр саясатын жүргізіп, әлеуеті жоғары кадрлық резерв жасақтауға кедергілер де жоқ емес. Ең біріншіден, Елбасының өзі айтып өткен­дей, елдегі кадрлық резервті қалыптас­ты­руға көшіп-қонып жүретін әкімдер салған «сара жол» –командалық жүйенің кедергісі үлкен. Жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін жақсы білетін, әлеуметтік сатымен көтеріліп келе жатқан жас мамандар көп жағдайда осы командалық әдістің кесірінен шетқақ­пай­ланып қалады. Саяси ғылымдар док­торы Есенжол Алияровтың пікірінше, кадр­лық саясатқа кедергі келтіріп отырған ко­мандалық жүйе Президент Әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімімен қадағалануы тиіс. Ғалымның айтуынша, басталған істің соңы­на дейін жүргізілмей қалуына кедергі бо­лып отырған командалық жүйеге тосқауыл қо­й­майынша, кадрлық саясат жөнге кел­мейді. Екіншіден, бізде кадрлық резерв, не­гізі­нен, «Болашақ» бағдарламасы арқы­лы жасалып отыр. Оған дәлел – аталған бағ­дарламаның 18 жыл бойы жүргізіліп ке­ле жатқаны. Аталған стипендия алдағы уақытта да өз иелерін таба бермек. Жасы­ра­тыны жоқ, қарапайым азаматтар ара­сында «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алсаң, басшылық қызметке орнала­сасың» деген пікір кең тараған. «Болашақ» бағдарламасы шәкірттерінің тасасында қалып қойған жергілікті жас мамандардың екі қолға бір күрек таппай жүргеніне қоғам тарапынан көңілтолмаушылық бар. Бұл өз кезегінде бірнеше мәрте зиялы қауым мен жастар ұйымдарының наразылығына ұшы­ра­ған болатын. Шетелдің ірі оқу орында­рында білім алған мамандарды да тарту керек. Бірақ бұл да жеткіліксіз сияқты. Сон­дықтан жоғарыдағы мысалдарды ескере отырып, баламалы жүйе жасалып, бірнеше бағыттар бойынша кадрлар даярлау қолға алынуы қажет. Конкурстық, ротациялық жүйелердің жүзеге асырылғаны дұрыс. Үшіншіден, әр маман өз саласын бес сауса­ғын­дай білу үшін жоғары оқу орындарында нақты тәжірибелік курстардан өтуі керек. Ол үшін енді ғана қалыптасып келе жатқан ЖОО жанындағы ғылыми-зерттеу инсти­тут­тарын дамыту шарт. Жалпы, кадр саяса­тының өзі ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Ашық кадр саясаты кезінде мамандар қандай қызметке болсын алынады. Қажет болса, жоғарғы қызметке де конкурстық негізде жұмысқа қабыл­данады. Ашық кадр саясаты көп жағдайда мер­зімді даму бағдарламаларына сүйе­н­ген мемлекет пен нарықты игеруге мүдделі мекемелерге тән. Жабық кадр саясаты – жаңа қызметкерді тек қана төменгі қыз­метке ғана алу. Саяси-экономикалық, мә­де­ни дамуды бастан кешкен, төрт құбыласы тең постмодерн сатысындағы мемле­кет­терге тән.

Түйін
Біздің елде тікелей Президенттің тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы «кадрлық резерв» жобасын әзірлеген болатын. «Кадрлық резерв» бағдарламасы саяси, әкімшілік және сайланатын лауазымдар үшін резервтегілердің жоғары білікті жедел құрамын қалыптастыруды қамтитын болады. Оны жүзеге асыру да биліктегі саяси құрылымға тапсырылған. Біздіңше, ұлттық деңгейдегі бағдарламалар көптің талқысынан өткеннен кейін ғана қабылданып, тәжірибеге ұсынылғаны дұрыс. Алуан пікір бар жерде кем-кетік аз болады. Және Мемлекет басшысы айтқан лауазымға ие болатын мамандардың аймақтарда екі-үш жыл жұмыс істеуі керектігін және тұрмыс пен тіршілік тауқыметін жақсы түсінетін қала мен аудан әкімдерін жоғарылату мәселелері жүзеге асқаны абзал. Сонда ғана солқылдақ кадр саясатынан құтылатын боламыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста