Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы елшісі Андриан Елемесов Сицилия өңіріндегі Палермо қаласында жұмыс сапарымен болып, Палермо мэрі Леолуко Орландомен кездесті.
Палермо мэрі қазақстандық тараппен түрлі секторларда, соның ішінде сауда-экономикалық, туризм, мәдениет және өнер салаларында өзара ықпалдасуға қызығушылық танытты. Сол жерде Палермо мэриасымен бірлесе «Конфиндустрия Сицилия» өнеркәсіпшілер ассоциациясы базасында «заманауи Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктері» атты Қазақстан-итальяндық аймақтық бизнес-форум ұйымдастырылды.
Форум қатысушылары алдында сөз сөйлеген мэр Л.Орландо Сицилия мен Қазақстанның аймақтары арасында тұрақты іскерлік байланыстарды дамыту маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол инновациялық және экономиканың «жасыл» секторларында қызмет жасап жүрген кіші және орта бизнес деңгейінде өзара ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігін айтып кетті. Форум аясында А.Елемесов Палермо қаласының кіші және орта бизнес ұлттық конфедерациясының төрағасы Дж.Казаментомен келіссөздер өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыға салып, екі ел аймақтарының кіші және орта бизнес өкілдерінің арасындағы байланыстарды дамыту бойынша нақты қадамдарды қарастырды.
Сонымен қоса, аймаққа сапары барысында Қазақстан елшісі Марсалы мэрі Джулия Адамомен кездесу өткізді. Ол жақын болашақта Қазақстан-итальяндық аймақтық инвестициялық форум өткізу туралы бастама көтерді. Кездесу нәтижесінде Марсалы кинотеатрларында бірқатар қазақстандық фильмдерді көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.
Жалпы, орын алған байланыстар итальяндық тараптың ынтымақтастықты нығайтуға деген қызығушылықтарын байқатты, сондай-ақ әрі қарай қарымды даму мен өзара тиімді ықпалдасу үшін болашағы зор бағыттар анықталды.
Италия кәсіпкерлері «жасыл» экономика секторында серіктестікті тереңдетуге мүдделі
Последние статьи автора