«Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өтеді

«Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өтеді

12-13 қазанда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Семей сынақ полигоны жабылуының 20 жылдығына орай елімізде қарусыздану саласындағы ауқымды халықаралық шара – «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы кеше дүйсенбілік брифингіде СІМ ресми өкілі Асқар Әбдірахманов осылай мәлім етті.
Ресми өкілдің айтуынша, халықаралық шара негізгі екі бөлімнен тұрады. Оның алғашқысында Астанада халықаралық са­рап­шылардың, беделді әм белгілі саясат­кер­лердің басқосуымен ірі конференция ұйымдастырылса, алқалы жиынның жалға­сы Семейде делегаттардың, сондай-ақ қа­лың жұртшылықтың қатысуымен полигонға сапар­ды қамтитын форумға ұласпақ. «Ха­лықаралық шараның алғашқы күні Тәуел­сіздік сарайында өтетін басқосу аясында Ядролық сынықтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шарттың шапшаң түрде күшіне енуіне қатысты жаһандық әрекеттерге қосымша серпін беру, ядролық қару мен басқа да жарылғыш құралдарға арналған ыдырағыш материалдар өндірісіне тыйым салу жөніндегі шартты әзірлеу, сондай-ақ ядролық қарудан бос аймақтар қағидала­рын тиімді енгізу мәселелері талқыға түсетін болады. Бұл ретте әлемге беделді сарапшылардың қатысуымен Ядросыз әлемнің жалпы декларациясын қабылдау туралы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бас­тамасына ұсыныстар да әзірленбекші. Ал конференция қорытындысына орай – «Ядро­сыз әлем үшін» атты Астана дек­ла­рациясын қабылдау жоспарланып отыр», – дейді А.Әбдірахманов.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, Семей­де өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Кур­чатов­тағы Ұлттық ядролық орталық нысан­дарына бару және Қазақстан жеріндегі ядролық сынақтардың құрбандарына жаңар­тылған мемориалды тақта ашу сал­танаты да өткізілетіні жоспарланған. Бұл рет­те халықаралық форумды өткізу Қазақ­станда және жаһандық қарусыздану мен таратпау әрекетіне зор үлес қосқан әріптес мемлекеттерде осы үдерістің бастама­шылары, сонымен қатар бүгінгі күні де аталған мақсатқа жету үшін аянбай жұмыс жасап жатқандарға құрмет көрсету болып саналмақ.
Форумға қатысу үшін бірқатар халық­аралық ұйымдардың басшылары, ядролық қарусыздану саласындағы жетекші рөл атқаратын мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының лауазымды тұлғалары, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ядро­лық қарусыздануды жүзеге асыруға қатыс­қан ардагер саясаткерлер шақырылып отыр. Бұдан бөлек, ауқымды шараға әлем­нің жетекші мемлекеттерінің үкіметтері мен пар­ламенттерінің, ғалымдар мен сарапшы­лар қауымдастығының, жаппай қырып жоя­тын қаруды таратпау мен қарусыздану сала­сындағы беделді халықаралық ұйым­дардың өкілдері де қатысатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста