Финн елі Қазақстанды маңызды серіктес деп таниды

Кеше Финляндия Республикасының Еуропа істері және сыртқы сауда жөніндегі министрі Александр Стубб қызметтік сапарымен Алматы қаласына келді. Министрмен бірге келген 55 финн компаниясының өкілі Қазақстанда түрлі бағытта бірнеше келіссөзге қол жеткізуді жоспарлап отыр.
Финляндияның инновациялық даму, энергия үнемдеу, тау-кен өндірісі, құрылыс, білім беру тағы да басқа салаларынан келген қонақтар Қазақстанға жасаған сапарларының алғашқы күнін қазақ-финн іскерлік семинарынан бастады. Бұл жиынға Finpro Қазақстан компаниясы мен Фин­ляндияның Сауда орталығы және Қа­зақстан Респуб­ликасындағы Финляндия Республикасы елшілігінің өкілдері қатысты. Семинарда финн кәсіпкерлерінің Қазақ­станмен ынтымақтастықтың құры­лыс, көлік инфрақұрылымы, денсаулық сақтау және білім сияқты салаларында келісім­шарттарға қол қоюды жоспарлап отырғаны белгілі болды. А.Стубб мырзаның сөзіне қарағанда, Қазақстан Еуропаның солтүс­тігіндегі Финн елі үшін маңызды серіктес болуға лайық. Сол себепті осы сапар барысында қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, байланыс және комму­никациялар, энергетика, ауыл шаруа­шылығы мен табиғи ресурстар салалары бойынша да бірқатар келіссөздер жүр­гізілмек. Финляндияның Еуропа істері және сыртқы сауда министрі қазанның 5-іне дейінгі аралықта Алматы мен Астана қала­ларында бірнеше кездесуге қатысады. Ол Алматыдағы КИМЭП пен Астанадағы Назарбаев университетінде дәріс оқуға әзірленіп келген. Қазанның 4-5-і күндері еуропалық делегацияны қазақстандық-финляндиялық Үкіметаралық комис­сияның Қазақстан тарапынан тең төрағасы, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров қарсы алады. Сонымен қатар А.Стубб Астана қаласындағы екі күндік сапары барысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовпен, Премьер-министрдің орынбасары, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен, ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченкомен, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен, сондай-ақ Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағам­бетовпен кездесуді жоспарлап отыр. Стубб сапары қазанның 5-інде өтетін Астанадағы қазақ-финн үкіметаралық комиссиясының 7-отырысымен аяқталады.
Александр Стубб, Финляндия Респуб­ликасының Еуропа істері және сыртқы сауда жөніндегі министрі:
– Қазақстанға келуді өткен жылдан бері жоспарлап жүрдім. Біз Қазақстанды бар­лық салада қарқынды дамып келе жатқан, экономикасы мықты ел деп білеміз. Сапарымыз сәтті басталған сияқты. Қазақ­стандықтар бізді жылы қарсы алды. Іс-шараларымыз да ойда­ғыдай өтіп жатыр. Бірақ бір нәрсе ойымнан шықпай қалды. Мен Алек­сандр Винокуровпен велосипедке мініп, Алматы қаласын аралағым келген. Бірақ оның өзге елде жүргенін қазір ғана естідім. Ал сапарымның ең басты мақ­сатына тоқталсақ, ол – екі елдегі іскерлік ынтымақтастықты нығайту. Астана қала­сына барғаннан кейін ондаған ұсыны­сымды жеткізіп, бірнеше құжатқа қол қоямыз деген ойдамын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста