Электронды үкімет қағазбастылықтан құтқарады

Кеше «Зерде» Ұлттық ин­фо­ком­муникациялық хол­дингі» АҚ ҚР Байланыс және ақпарат министр­лігі­нің қолдауымен жаңа бастама көтеріп, Қазақстан Респуб­лика­сының Электрондық үкі­меті порталын қолдануды үйре­туге арналған оқыту бағ­дар­ламасын іске қосты. Олар жыл соңына дейін елі­міз­дің 80-ге жуық елді мекенінде арнайы семинарлар өткізіп, 70 мыңнан астам қазақ­стандықтың көзін ашып, вир­туалды мүмкіндіктерін түсін­діріп бермекші. Семинар барысында мамандар қаты­су­шыларға электрондық үкімет туралы мәлімет беріп, портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу мен қолдану тәртіптерін және электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу жолдарын үйретеді.
Сарапшылар қауымы электронды қызмет көрсету үрдісі Үкімет пен халықтың, мемлекет пен арыз берушінің арасындағы байланыста жекелеген адамдардың қаты­суын барынша шектеп, сол арқылы жем­қорлық пен қағазбастылықтан құтқара­тынын жиі айтып келеді. Америкалық мил­лиардер Билл Гейтс бір кездері «компьютер – әрбір үстелде, әрбір үйде» деп арман­даған бол­са, қазір қазақстандықтар да компьютер мен ғалам­тордың тұрақты пайдаланушыларына айналуда. Қоғамның технологиялық дамуы мемлекеттік билік органдарына да әсер ететіні анық. Осы орайда соңғы он жылда әлемде электронды үкімет деген ұғым пайда болды. Электронды үкімет дегеніміз биліктегі кәдімгі үкіметке оппозиция болатын базбір құры­лым емес, ол мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функ­ция­лардың электронды түрі. Электронды үкімет шы­найы көрініс бергендегі артықшылықтар: үнем­ді түр­де әкімшілік басқаруды жүзеге асырады; қоғам мен Үкімет арасындағы қарым-қаты­насты тү­бегейлі өзгертеді; биліктің халық алдын­дағы жа­уап­кершілігі артып, демо­кратия жетіле тү­седі.
Расында, қазіргі қоғам жеңіл, жедел әрі ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым-қатынас жасайтын ақпараттық дә­уір­ге әлдеқашан өтіп кетті. Тұрғындар кез келген мәселе үшін ауыл мен қаланың орталығына сабылмай, коммуналды тө­лемдерді, оның ішінде жарық пен газ, телебайланыс ақысымен есептесу, жылжымалы және жылжымайтын мүлік салық­тарын төлеу операциясын электронды түрде жүзеге асырып, зейнет­ақы есептері, некені тіркеу операцияларын үйде отырып-ақ атқара беретін болды.
Әрине, әлемдегі ең белсенді электронды үкіметке қол жеткізген Сингапур мен Эстония елдерінің ерлігін қайталау үшін қазақстандықтарға көп еңбектенуге тура келеді. Қоғам назарын Қазақстан электронды үкіметті дамытуға аудару, азамат­тардың е-қызметтерді пайдалануға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар, ха­лықты электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндіктері туралы ақпа­раттандыру қажет. Қазіргі жағдайда халықтың ұмтылысы мен оларды өз деңгейінде ақпарат­тандыру жұмыс­тары қарқынды жүріп жатыр. Өткен жыл­дың нәтижелері бойынша электронды үкі­мет порталында 15 мемлекеттік қызмет және жергілікті атқарушы органдардың 20 мемлекеттік қызметі электронды форматқа көшірілді. «Е.gov» порталын пайдалану­шы­лардың саны бір жылда бес есеге арт­қан. Жалпы, электрондық үкімет пор­та­лын­да 70-тен астам электрондық және 2000 ақпа­раттық қызмет түрлері ұсыныл­ған. Пор­­тал арқылы 6 миллионнан астам элек­трондық анық­тама берілген. Электронды үкіметтің жақтау­шылары еліміздің Эстония мен Сингапурдағыдай барлық қызметті электронды тәсілге көшіруін армандайды, және оған билік тарапынан тосқауыл жоқ. Өткен жылы еліміз электронды үкіметті дамыту бойынша 192 елдің ішінде 46-орын­ға табан тіреді (2008 жылы 81-орында тұрған). Ал биылғы 2011 жылғы көрсеткіш сарапқа салынса, Қазақстан тағы да он сатыға өрлейді деген үміт бар.

Сарапшылар пікірі
Денис ЛЕДНЕВ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобаларды сараптау және талдау департаментінің директоры:
– Электронды үкімет халықты қағаз­бастылықтан құтқаратыны анық. Бұған дейін қызмет көрсетудің 74 түрін жүзеге асыру үшін 164 түрлі құжат қажет болатын. Бұл дегеніміз, 2010 жыл бойына азаматтар 62 миллион құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқаларын ұсыну керек болған. Бұл азаматтар үшін ай­тарлықтай шығын және мемлекеттік органдар үшін де ауыр салмақ. Электронды үкімет қағаз арқылы құжат алмасуды барынша қысқартуға алып келеді және электронды қызметтердің көп бөлігін біртіндеп электронды форматқа аударуға болады. Қазіргі таңда қызметтерді электронды үкімет порталы, электронды үкімет төлем шлюзі арқылы төлеуді іске асыру мәселелері бойынша екінші деңгейлі банктермен белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар баж салығын төлеуге байланысты төлем терминалдары операторларымен, кедендік бақылау комитетімен белсенді жұмыс жүргізуде.
Алмас ТОЛЫҚБАЕВ, Электронды үкімет жобасының менеджері:
Қазіргі таңда электронды үкімет порталын пайдаланушылар негізінен мүліктің бар-жоқтығы жөнінде анықтама алу, зейнетақы қорында жиналған ақшаның анықтамасы және жол жүру ережесін бұзғандардың айыппұл төлеу сынды операцияларды жиі жүзеге асырады. Биыл порталдағы 70-тен астам қызмет түріне тағы 15 қызмет түрі қосылады. Оның ішінде жергілікті әкімші­лік­термен қызмет түрлері, Ішкі істер министр­лігінің қызметтері сынды ерекше маңызды мәселелер ескеріледі. Халықтың бұл порталға деген белсенділігі жоғары, мәселен, 2009 жылы алынған анық­тамалардың саны 20 мыңнан астам болса, 2010 жылы 1,5 миллионға жуық анықтама алынды. Ал осы 2011 жылдың тек алты айында 3,5 миллионнан астам анықтама алынып отыр. 2010 жылы бұл порталға 20 мыңдай адам тіркелген болса, биылғы жылдың алты айында ғана 26 мыңдай адам тіркеліп үлгерді. Күніне 20 мыңдай адам осы порталдан анықтама алады. Яғни күн өткен са­йын еселеп өсуде.

Электронды үкімет игіліктері
Электрондық үкіметтің көмегімен, e.gov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады:
жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, ӘЖК алу; теміржол немесе әуе билеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу, бюджеттік төлемдер, төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлемдер, мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей хабарласу, мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста