Өркениетті құтқаруға жасалған қадам
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі бізге қазіргі кезде қалыптасып отырған ахуалды дәлме-дәл айқын түсіндіріп береді, сондай-ақ, адамзат өркениетіне төніп тұрған қауіп туралы айтады. Мемлекет басшысы кез келген соғыс бүкіл тіршілік атаулыны ажал аранына түсіретін заманда өмір сүріп отырған адамзатқа төнген қауіп орайында терең алаңдаушылық білдірді.
Президент ХХІ ғасыр соғыссыз өтуі тиістігін атап көрсетіп, ядролық қаруды және жаппай қырып-жою қаруларын жою қажеттігін қадап айтты.
Жоғары мәртебелі бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп, бейбіт адамдарды қырып-жойып жатқан соғыс вирусына қарсы тұру үшін мемлекеттердің не істеуі керектігін ұғынықты және дәл айқындап берді. Бұдан Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл адамзатқа қатысты өне бойғы қамқоршылығы, ХХІ ғасырда өмір сүріп, жұмыс істеуге тиісті келешек ұрпақтардың тағдыры үшін шынайы алаңдаушылығы сезіледі.
Қазақстан ядролық қаруды шектеуге бағытталған бейбіт бастамаларды қолдайды. Мұнда жанжалдарды келіссөздер жолымен және келісімдерге қол қою арқылы шешуге екпін түсірілген. Өйткені, осы заманғы соғыстарда ешқашан жеңімпаз болмақ емес. Ал ядролық қаруды пайдалану бүкіл адамзатты жоюға алып келеді. Біздің әлем бірегей. Бізде басқа Отан жоқ. Сондықтан, «Соғыссыз ХХІ ғасыр» ауқымды бағдарламасы қажет.
Осы бағдарламаны қабылдау үшін Президент бірнеше қадам жасауды ұсынды. Біріншіден, бұл әлем ядролық қарусыз әлемге айналуы тиіс. Қарудың терроршылар қолына түсуін болдырмас үшін жарақтануға бақылау жасау жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған халықаралық күш-жігерді жұмылдыру қажет. Сондай-ақ, БҰҰ аясында Бейбітшілік, тұрақтылық, сенім және қауіпсіздік жолындағы мемлекеттердің ғаламдық коалициясын құру керек.
Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздікті қолдайтын, сондай-ақ, басқа мемлекеттер қабылдай алатын тиісті шешімдерді әзірлеуге қабілетті Көшбасшы болып табылады. Ол мемлекеттердің көшбасшылары мен халықтар адамзаттың болашағы үшін жауапты болып табылатынын ерекше атап көрсетті. Сондықтан, шешім қабылдайтын әрбір адам адамзатты соғыс қатерінен құтқаруға ұмтылуы тиіс.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі үлкен қызығушылық тудыруда
Амжад әл-КАДИ, Иордания корольдігі Ақпарат істері жөніндегі агенттігінің
бас директоры
Орнықтылықтың орны қашанда жоғары
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды саммитке қатысқан кезінде кім-кімге де ой салатын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жария етті. Бұл манифест саммитке қатысып отырған барлық әлемдік көшбасшыларға арналғанымен, ядролық қауіп-қатер мен соғыс үрейіне қарай бүкіл әлемдік қоғамдастыққа құлаққағыс еткендей әсер қалдырды.
Аталған бағдарламалық құжаттың ядросы орнықты әлем орнатуды қамтамасыз ету қажеттігі болып табылады. Оның үстіне, Қазақстан мемлекетінің басшысы қауіпсіздік саласындағы тұрақсыздықты атап көрсете келіп, әлемнің түрлі бұрыштарында жаңа текетірестер мен әскери қарсы тұрушылықтардың жаңа ошақтары тұрақты түрде пайда болып отырғанына өзінің алаңдаушылығын білдірді.
Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев барша әлем басшыларын қарусыздану мен таратпау ісіне әрі қарай да батыл үлес қосуға шақырады. Аталған салада Қазақстан екі онжылдық бойы үлгі болып келе жатыр. Бұлай деп отырған себебім, әлемде алғаш болып өз аумағындағы ядролық сынақ полигонын жапты.
Бұған қоса, әлеуеті жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты. Сөйтіп, әлемдік қоғамдастық алдында жақсы атқа ие болып қана қоймай, бейбітшілік бағытындағы бастамаларын тұрақты жалғастырып келеді. Бұл бастамалар негізінен қарусыздану мен таратпау бағыттарын көздейді. Жалпы алғанда, жарияланған манифест Қазақстанға тек бедел мен сенім қосатын болады.
Дитер БОДЕН,
ГФР-дің ЕҚЫҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі, саясаткер
Ғаламшар қолдауын күтеміз
«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – ғаламшардағы барлық адамдардың, келер ұрпақтың тағдыры мен болашағы үшін алаңдаушылық көрінісі
Қазақстан Президенті Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың, өкінішке орай, өз мақсатына сай орындалмай отырғандығына байланысты қаупін негізді білдіреді. Ал халықаралық терроризм қатері барған сайын ұлғайып бара жатқанын ескерсек, ядролық қаруды қолдану ықтималдығы да еселеп арта түсуде. Өйткені, ол сұмдық салдарлар жайында ойланбай, шүріппені басып жіберетін ессіз адамдардың қолына түсуі мүмкін ғой.
Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі бұдан 25 жыл бұрын планетада бірінші болып ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапқан Қазақстанның бейбітшіл бастамаларын еске салады. МАГАТЭ жетекшілігімен ел аумағында жақында Төмен байытылған ядролық отын банкі жасалды. Оны бейбіт мақсаттағы ядролық энергетиканы дамытушы барлық мемлекеттер пайдалана алады.
Бүгінгі күн туралы айтқанда өткеннің қасіретті сабақтары жайында да ұмытуға болмайды. Екінші дүниежүзілік соғыс әлемнің барлық мемлекеттері үшін ғаламат тауқыметтер әкелді. Ол сұмдықтар Польшаны айналып өткен жоқ, сөйтіп, осы ғаламат соғыста біздің еліміз де қатты зардап шекті. Мен өскен қалада қазір адамдар экскурсияға келетін «Майданек» концлагері сақталған. Адамзаттың бір кездерде геноцидтің бүкіл сұмдығын қайта бастан кешуіне жол беруге болмайды.
Бұл менің Қазақстанға бірінші келуім. Менің мұнда келіп, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып жатқан бағдарламам «Академиялық ұтқырлық» деп аталады. Иоанн Павел ІІ Люблин католик университеті, яғни менің университетім ШҚМУ-мен студенттер алмасу жөнінде екіжақты келісім жасасқан. Соның арқасында қазір Өскеменде оқып жатырмын.
Қазақстандық ЖОО-лар студенттері де осы бағдарлама бойынша Люблинде оқу мүмкіндігіне ие. Мысалы, бірінші семестрде біздің университет ШҚМУ-дың 2 студент қызын қабылдады. Айтқандай, оларға Польша да, біздің университет те жағымды әсер қалдырған.
Қазақстан менің өз өмірімде сапарлап барған ең алыс ел екендігін айтқым келеді. Қазақстан бірегей ел екен. Мен мұны мұнда болған алғашқы күндерден-ақ сезіндім. Ал мұндағы этностық, мәдени және діни әралуандық менің жадымда жарқын әсерімен мәңгілік сақталмақ. Шығыста осы өңір аумағында тұратын 100-ден астам этносты біріктірген, Қазақстандағы тұңғыш Достық үйі бой көтерді.
Қазақстан Президентінің елде татулықты, келісім мен бірлікті сақтауға көп көңіл бөлетіні баршаға белгілі. Тек осының арқасында ғана Қазақстан ғаламшардың барлық тұрғындарына үлгі бола алады деп есептеймін.
Юстына ОСУХ,
Иоанн Павел ІІ Люблин католик
университетінің славян филологиясы факультетінің студенті
ӨСКЕМЕН
Үлкен серпін туғызды
Планетамыздың, өркениетіміздің болашағы бүгінде бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Біздің барлық жоспарларымыз, ұмтылыстарымыз ертеңгі күнге бағытталған және де әлемдік қоғамдастықтың әрі қарайғы дәйекті дамуымен тікелей байланысты.
Соңғы жылдар оқиғасы бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіріп тұр, кейбір еларалық жанжалдар әлемдік соғысқа ұласып кетуі ықтимал.
Әр адам жасына, этностық немесе діни көзқарасына қарамастан, Жер шарының кез келген нүктесінде бейбіт және бақытты өмір сүргісі келеді.
Сондықтан, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі үндеу бүкіл әлемде қызу үнқатысу мен резонанс туғызды.
ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек! Дәл осылай деп әлемде бірде-бір мемлекет басшысының, бірде-бір қоғам және мемлекет қайраткерінің жан дауысы шыға шырылдаған жоқ, жанайқайы да естілмеді.
Жаһан жұртының тыныштығы үшін, келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін тәуелсіз Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеу тастауын әлемнің барша тұрғыны қолдайды.
Өйткені, ХХІ ғасырда әлем жұртына тұнығы лайланбайтын тыныштық, мамыра-жай бейбіт өмір керек.
Мемлекет басшысы былай дейді: «Әлем бұған дейінгі 100 жылдықта адамдар бейбітшілік үшін қалай күрессе, ХХІ ғасырда дәл солай саналы және табандылықпен күресуге әбден лайықты. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз».
Біздің Президентіміз жаһандық бейбітшілік үшін қозғалыста және адамзат өркениетін сақтау үдерістерінде көшбасшы екенін мақтан тұтамыз.
Біз Президентіміздің үндеуін барлық саясаткерлер, Жер планетасының барлық тұрғындары еститініне сенеміз және соғыстар адамдар өмірін құртатын нақты ахуал болудан қалады ғой деп үміттенеміз.
Бақтияр МӘКЕН,
Парламент Мәжілісінің
депутаты
Бүкіл адамзаттың мүддесі жолында бірігейік
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі ғаламшарлық ауқымда үлкен серпіліс туғызды
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа бейбітшіл бастамасы бүкіл адамзаттың мүддесін қамтиды. Осынау маңызды құжаттың ақылман әрі көреген саясаткердің бүгінгі және болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнін ойлаған жан дүниесінің толғанысынан туғаны сөзсіз. Манифесте өте дәл атап көрсетілгендей, мемлекеттер арасындағы барлық дау-дамайлар соғыс арқылы емес, тек келіссөздер үстелдерінің басында шешілуі тиіс.
Бүлдіргіш зардабы зор қауіп бүкіл әлемге төніп тұрған кезеңде өзара түсіністік пен ынтымақтастық ерекше маңызды. Орал өңірі мен Орынбор атырабы уақыт сынынан өткен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды көптен бері үзбей жалғастырып келеді. Экономикада, білім беруде, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында өзара тиімді жобалар іске асырылуда. Орал бойынша жүзеге асқан халықаралық тарихи-мәдени, экологиялық экспедиция халықтық дипломатияның бірегей үлгісі болып табылады. Оған трансшекаралық өзендер проблемасына назар аударту жөніндегі ортақ ұмтылыспен біріккен Батыс Қазақстан және Орынбор облыстарының командалары қатысуда.
Мен осы экспедицияның тұрақты қатысушысы ретінде Орал-Жайық өзенінің қорғаушылары тағы бір жауапты миссияны орындап, көршілес аймақтардың достығын нығайтуға септігін тигізіп жүргеніне көзім жетті. Өткен жазда Оралда экспедиция аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің төрайымы Светлана Смирнова ниеттестік хаттамасына қол қойып, ол Ынтымақтастық туралы меморандумның негізіне алынды. Биыл экспедицияға 20 жыл толады. Бұл – елеулі мерейтойлық оқиға және жүргізілген үлкен де қажетті жұмыстың қорытындысын шығаратын уақыт.
Біздің өңірлеріміз Еуропа мен Азияның тоқайласқан жерінде орналасқан. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеясы бұл арада шын мәнісінде халықтық тамырларға бойлаған. 2014 жылы Орынборда экспедиция мүшелерінің 20 жылдыққа арналған кездесуі болып өтті. Өмір Қазақстан Президентінің бейбітшілік идеясын өзекті ете түсіп отырған өркениетаралық, конфессияаралық және мәдени ынтымақтастықтың зор келешегін болжап білгендігін паш етіп отыр.
«Еуразия халықтарының достастығы» және орынборлық Әйелдер кеңесі өткен жылдың соңында халықаралық дөңгелек үстелдің бастамашысы болды. Онда ортақ еуразиялық әлеуметтік-мәдени және рухани кеңістікті сақтаудағы әйелдердің рөлі талқыланды. Отырысқа Ресейдің, Қазақстан мен Қырғызстанның әйелдер қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері қатысып, экономикалық тұрақсыздық пен халықаралық шиеленіс жайлаған осынау алмағайып уақытта күш-жігер біріктіруді ұйғарды. Қазақстан делегациясының басшысы, қайық экспедициясының үздіксіз капитаны және сол кездегі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко қыркүйек айында Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық форум жайында әңгімелеп берді. Ол форумда әлемнің 80-нен астам елінің әйелдері әлеуметтік қауіпсіздік және гендерлік теңдік проблемаларын талқылады.
Орынборда өткен дөңгелек үстел бейбітшілік, достық пен өзара түсіністік ісін нығайтуға үлес қосудың тағы бір мүмкіндігіне айналды. Сондай-ақ, «Әйел. Саясат. Қоғам» тақырыбымен Оралда өткен халықаралық конференцияның басты тақырыбы да осы болды. Өйткені, әрбір әйел, ең алдымен, өзінің отбасында және елде тыныштық пен тәртіп болғанын қалайды. Олардың бәрі біріккен кезде шиеленістің ушығуына қарсы тұруға және бейбітшілікті қорғауға қабілетті толағай күшке айналады.
Ұлы Жеңіс және Ұлы Отан соғысының ерлері біздің бәрімізге бірдей қастерлі. Өткен жылдың қазан айында Орынбордың парк-музейінде Панфилов дивизиясына арналып, ол құрылған және қазіргі панфиловшылардың қызметі жалғасып жатқан қалалар бойынша жүріп өткен Зерде вахтасы бастау алды. Салтанатты жиында сонау сұрапыл соғыста жауға төтеп беріп, жеңіп шығуға сан түрлі этностар адамдарының достығы мен топтасқандығы көмектескені қадап айтылды.
Қаһармандар туралы көкіректің жадында сақтау – қасиетті борыш. Ал біздің бүгінгі міндетіміз ардагерлер мен жастарды сабақтастырып жатқан көзге көрінбес арқаулардың нығайып, дами түсуіне саяды. Сондықтан, біз жас ұрпаққа «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидаттарын түсіндіруге міндеттіміз. Ізгі ниетті барлық адам: «Адамзатты өлім себетін соғыс қаупінен мәңгілікке құтқару үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Қазір және көзкөрім болашақта бізде бұдан көкейкесті міндет жоқ», деп айтылған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне өз үнін қосады.
Людмила МАРЧЕНКО,
«Еуразия халықтары достастығы» автономды коммерциялық емес ұйымдар төрағасының орынбасары, Орынбор облысы Қоғамдық палатасы әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің төрайымы (Ресей)
Баршадан күш-жігер талап етеді
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта ынтымақтастық пен тең құқықты әріптестік жолында өзара құрмет пен жаһандық үнқатысуды нығайтуға негізделген сыртқы саяси бағыты бар ел ретінде өзінің орнын нық алып отыр.
Біздің еліміздің Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде ұсынған бастамалары Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылық, болашақ ұрпақ – планетаның жас тұрғындарының ертеңіне деген сенімділігі жолында жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлес қосуға дайын екендігінің жарқын айғағы болып табылады.
Халықаралық деңгейде, барлық құрлықтарда бүгінгі түрлі қарама-қайшылықтарға талдау жасай және оны негізге ала отырып, еліміз Президенті нақты, кейін қалдыруға болмайтын бағыттарда, нақты айтқанда, ғарышты, әлемдік мұхитты милитарландыруға болмайтын шараларды ілгерілете келіп, барлық елдердің басшылары қабылдауы тиіс шараларды көлденең тартты.
Ядролық қарусыздану, Әлемдік ареалдар құру, ірі державалардың әскери және экономикалық қарсы тұрушылықтарын болдырмау, халықаралық қарусыздану, әділетті жаһандық бәсекелестік – бүкіл адамзаттың алдында тұрған басты мәселелер, міне, осылар.
Халықаралық құқық негізінде осы мәселелерді шешу бүкіл үкіметтердің, саясаткерлердің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өнер қайраткерлері мен миллиондаған адамның күш біріктіруін талап етеді.
Ізгі ниетті адамдар болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі мен игілігі үшін өздерінің айтарлықтай үлестерін қосулары тиіс.
Қазақстанның Азаматтық альянсы
Парасатқа шақырады
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі ушыға түсіп отырған халықаралық жағдайлар уақытында бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін маңызды стратегиялық құжат болып табылады.
Мемлекет басшысы жалпыға ортақ демилитаризация және ХХІ ғасырда қирататын соғыстар мен жанжалдардың алдын алу бойынша бірқатар бастамаларын ілгерілетті.
«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» жалпыға ортақ бағдарлама қабылдау туралы ұсынысы өте парасатты және дер кезінде жасалған ұсыныс болып табылады. Әлем соғыс вирусы мен жанжалдарды дереу жою бойынша шешімді және дәйекті іс-қимылдарға мұқтаж.
Біздің Президентіміздің бейбітшілік пен соғыссыз өмір сүрулері тиіс болашақ ұрпақтың тағдыры үшін алаңдайтыны әрқашан айқын сезіледі. Мемлекет басшысы жаһандық стратегия шеңберінде жаңа қару түрлерін жасап шығару үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салу бойынша халықаралық құжаттарды орындау жөнінде міндеттеме қабылдауды ұсынады.
Президент ядролық қаруды пайдалану бойынша барлық мемлекеттерге тыйым салу қажеттігін атап көрсетеді. Жаппай қырып-жоятын қару түрлерін жасау және жетілдіру үшін пайдаланылуы ықтимал ғылыми жаңалықтардың Тіркеу реестрін құру қажеттігін көлденең тартады.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қарама-қайшылықтарға орын жоқ
Біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – планетамыздың барлық адамдарын парасатқа және ізгі ниетке шақыру.
Бүгінде ядролық қарулану, бірқатар елдердің саясат пен экономикада жаһандық үстемдікке ұмтылуы, терроризм мен экстремизм көріністері бүкіл адамзат тағдырын жаман салдарларға алып келуі ықтимал.
Мемлекет басшысы әлемдік қоғамдастықты бейбітшілікті сақтау мен бүкіл Жер планетасы болашақ ұрпақтарының тыныш өмірі жолында өздерінің күш-жігерлерін біріктіруге шақырады.
Бүгінгі жаһандық қарама-
қайшылықтардың түпкілікті себептерін айқындай келіп, Нұрсұлтан Әбішұлы жетекші елдердің көшбасшыларын жеңетін ешкім болмайтын соғыс қатерінің алдын алу бойынша үйлесімді іс-қимылдардың кең ауқымын ұсынды.
Президент өзара құрмет, ізгі көршілестік, ашықтық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген жаңа әлемдік тәртіп құрудың бес басты бағытын бөліп көрсетті.
Жаңа әлемде ядролық қаруға, терроризмге, саяси және экономикалық қарама-қайшылықтарға орын болмауы тиіс.
«Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі
Жалпыға ортақ бағдарлама
Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесімен үлкен қызығушылықпен танысып шықтық.
Мемлекет басшысы бүкіл адамзаттың өмірі мен қауіпсіздігі үшін, ХХІ ғасырда өмір сүретін болашақ ұрпақ тағдыры үшін алаңдаушылығын білдірді.
Бұл үндеу бүкіләлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін халықаралық терроризм мен ядролық қаруды таратпауға қарсы біріктіруге және адам баласын өлім себетін соғыс қатерінен мәңгіге арылтуға шақыру болып табылады.
Біз болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың іс-қимылын соғыс вирусына қарсы үйлестіру қажет екеніне сенімдіміз.
Манифест – әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшесінің, біздің планетамыздың әрбір тұрғынының мүддесін қаперге алатын жалпыға ортақ бағдарлама.
«Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігі
Әлемге керегі тек бейбітшілік
ХХІ ғасырда әлемге бейбітшілік керек!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің басты тезисі, міне, нақ осы.
Біздің еліміз Президентінің манифесі – жаппай қырып-жоятын қару түрлерінен толықтай азат әлем құру бойынша іс-қимылдың дәйекті бағдарламасы.
Нұрсұлтан Әбішұлының дана саясатының арқасында Қазақстан, атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетінен өз еркімен бас тарта отырып, бүкіл халықаралық қоғамдастыққа мемлекеттің ядролық қаруды қолданбай-ақ өмір сүре алатынын іс жүзінде көрсетіп берді.
Біздің еліміз Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 Жоспарын жасау бастамасын ілгерілетті. 2016 жылы Қазақстанның елордасы – Астана қаласында жоғары деңгейде БҰҰ-ның Халықаралық конференциясын өткізуді ұсынды.
Біз Президентіміздің саяси көрегендігінің арқасында ұсынылған барлық бастамалар адамзаттың бейбіт дамуы жолында табысты жүзеге асырылатынына сенімдіміз.
«Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі
Сын-қатерлермен күресте күш біріктірейік
«Қазэнерджи» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің көкейкестілігі мен дер кезінде жарияланғанын атап өтеді.
Әлемде болып жатқан үрейлі оқиғалар балаларымыз бен барша адамзаттың тағдыры туралы үлкен алаңдаушылықпен ойлануға мәжбүрлейді. Әлемнің қазіргі заманғы жаңа қатерлер алдында әлсіз бола түскені айқын көрінеді.
Біз нағыз бітімгершілік қызмет дәл қазір керек екеніне сенімдіміз.
Мемлекет басшысы, өзіне тән даналықпен және көрегендікпен, әлемдік қоғамдастық елдері көшбасшыларын, үкімет жетекшілерін, жетекші саясаткерлерді, ғалымдарды, бизнесмендерді және барша адамзатты жаһандық сын-қатерлермен күресте күш біріктіруге шақырды.
Барлық мемлекеттердің теңдей жауапкершілігі қағидаттары негізінде бейбіт үнқатысулар ұйымдастыру бойынша нақты және шешімді іс-қимылға көшетін уақыт жетті.
Мемлекет басшысы баршаны бүкіл әлемдегі бейбітшілік жолында саяси ерік-жігер танытуға, нақты шешімдер қабылдауға және осы бағыттағы идеяларды іс жүзіне асыруға кірісуге шақырды.
«Қазэнерджи» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
Шаралар қабылдаудың оқу құралы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – бүгінде бүкіл планета деңгейінде ұжымдық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіретін әлемдік жанжалдарға жол бермеу бойынша бірінші кезекті шаралар қабылдау үшін уақтылы жетекші құрал.
Өзінің манифесінде Мемлекет басшысы адамзат өркениетінің прогресі мен жаңа буындағы технологиялардың дамуы әлемнің Төртінші өнеркәсіп революциясының табалдырығында тұрғанын айқын көрсететінін атап өтті.
Бірақ, екінші жағынан, әлемге жеңімпаз болмайтын соғыс вирусы қатер төндіріп отыр. Ядролық державалар жинақтаған жаппай қырып-жоятын қару әлеуеті, халықаралық терроризм мен ірі державалардың бір-біріне қарсы тұруы адамзат өміріне нақты қауіп төндіруде.
Нұрсұлтан Әбішұлы бастамашылық танытқан «Әлем. ХХІ ғасыр» жалпыға ортақ бағдарламасы ядролық қарусыздану, орнықты бейбітшілік аймағын құру, әскери-блоктық қарама-қарсы тұрушылықты еңсеру, демилитаризация мен әділетті жаһандық бәсекелестікті енгізу ісіне бағытталған және дүниежүзін бүкіл әлемдегі миллиондаған адамның балалары мен немерелерінің болашағы үшін соғыс қатерінен аластау мақсатын көздейді.
Қазақстанның Кинематографистер одағы
Үрейсіз өмір сүріп үйрену керек
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің маңыздылығы мен уақыттылығын атап өткіміз келеді. Мемлекет басшысының жаңа бастамасы әлемдік жұртшылық мүшелері тарапынан қолдау тапты.
Әлем егер терроризмнің алдын алып, адамзатты өлім себетін соғыс қатерінен аластатпайынша қазіргі заманғы өркениеттің жойылып кетуі ықтимал екеніне көздері жетті.
Президент өзінің халықаралық қоғамдастыққа үндеуінде адамзаттың прогрессивті күштерін бейбіт үнқатысуды, құқықтар мен мүдделерді өзара құрметтеуге, сондай-ақ, әлемнің барлық халықтары үшін тұрақты дамуды қамтамасыз етуге жағдай жасауға шақырды.
Мемлекет басшысы жаппай қырып-жоятын ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да қару түрлерінің қиратушылық ресурстарын пайдаланбай-ақ жаңа тарихи жағдайларда өмір сүріп үйрену керек екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық
стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы
Бейбітсүйгіш саясаттың қисынды жалғасы
Еліміз Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы бейбітсүйгіш саясатының қисынды жалғасы болып табылады.
Адамзат ХХІ ғасырда ғылым мен технология дамуында үлкен табыстарға жетті. Және енді бүкіл әлемдік қоғамдастық алдына өзара қарым-қатынаста теріс сценарийлерге жол бермеу бойынша міндет қойылып отыр.
Мемлекет басшысының халықаралық қатынастардың негіз қалаушы барлық қағидаттарын қайта қарау бойынша бағдарлама ұсынуы – саяси тұрғыдан кесіп-пішілген және барлық адамзат тағдыры үшін прогрессивті, яғни қалыптасқан әлемдік тәртіпті өзгерту бойынша жетекші құрал.
Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік деңгейдегі дана да көреген саясаткер ретінде, әлеуеті планетамыздағы бүкіл тіршілік атаулыға қатер төндіретін жаппай қырып-жоятын қару түрлерін жою бойынша стратегиялық маңызды шаралар ұсынды.
Бейбітшілік пен тұрақтылық Қазақстан Президентінің ішкі және сыртқы саяси бағытында басты бағдар болып келді және қала бермек.
«Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы