Экс-министр Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 
Бұл туралы Қазақстан кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова мәлімдеді.

Қаракөзованың айтуынша, 13 наурызда Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының жаңа кеңесшісі таныстырылған. Ол - Елжан Біртанов.

QazMed төрағасы Әлиакпар Мәтішев әлеуметтік әріптестікті дамытуда үлкен тәжірибесі бар Елжан Біртановқа медицина қызметкерлері үлкен үміт артып отырғанын атап өтті.

Әріптестері алдында сөйлеген сөзінде Елжан Біртанов медицина қауымының мүддесін ілгерілету үшін бар тәжірибесі мен білімін жұмсайтынын атап өтті.

«Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелерінде кәсіподақтың рөлі маңызды. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік серіктестермен бірлесіп шешуге тиіс мәселелер әлі де бар: медицина қызметкері мәртебесін, медициналық мекемелерді кадрлық қамтамасыз етуді, жас мамандарды жұмысқа орналастыруды, әлеуметтік қолдауды заңнамалық тұрғыдан айқындау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерінің лайықты еңбекақысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындауды бірге жалғастыру қажет. Салалық келісімге өзгерістер енгізу жұмысы тұр», - деді Қаракөзова Елжан Біртановтың сөзін бөлісіп.

Tengrinews.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста