Дубайда қанша қазақ тұрады?
«Парсы шығанағындағы өзге елдер сияқты Біріккен Араб Әмірлігі де экономикасын дамыту үшін сырттан келетін жұмыс күшіне зәру. Бүгінгі таңда Араб Әмірлігіне Үндістаннан 2 миллион 600 мың адам келген. Бұл аталған елдегі халықтың 27,15 пайызын құрайды. Екінші орында пәкістандықтар-- 1 миллион 200 мың адам (12,53 пайыз) Араб Әмірлігінде жергілікті тұрғындар 1 миллион 84 мыңның шамасында, яғни мемлекетті құраушы халық жалпы халықтың 11 пайызын ғана құрайды».
Мұндай мәліметті сол Араб Әмірлігінің зерттеушілері жариялап отыр. Араб жеріне жақсы жайлы өмір іздеп ағылып жатқандардың қатарында посткеңестік елдердің өкілдері бар ма? Бар екен. Әлгі зерттеуге қарағанда, Әзірбайжаннан - 7 мың, Қазақстан мен Украинадан - 5 мың, Беларустан —2 мың адам бар көрінеді.
Араб Әмірлігі, соның ішінде жұмақ қала атанған Дубай кейінгі кездері қылмыстық жауапкершіліктен жалтарған шенеукніктердің де жайлы орнына айналды. Дубайда қанша қашқынның тұрып жатқаны туралы мәлімет жоқ.
Б.Ерназар.
www.oinet.kz