Дербес деректерді қорғау туралы заң қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете ала ма?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жеке басыңыз, туған-туысыңыз, мал-мүлкіңіз жайлы ақпараттың қоғамға ашық болғанын қалар ма едіңіз? Мұндайды қалайтын адамдар кемде-кем. Сондық­тан «Дербес деректерді қор­ғау туралы» заң жобасы көп­тің көңілінен шықпай жатқан сияқты. Аталған заңға қарсы шығып жатқандардың басым көпшілігі жеке азамат туралы ақпараттың құпия сақталмай, түрлі «есіктер» мен «тесіктер­ден» сыртқа шығып кетіп, қоғамға жариялы болып қалуынан сескенеді. Енді біреулерге «бұл жоба қазақ­стандықтар­дың еркіндігіне нұқсан келтіреді» деген күдігін жасырмайды.
Қалай десек те, бұл тақырып қазір қо­ғам­дық талқылаудан өтіп жатыр. Жуырда оны Мәжіліс талқылап, депутаттар аталған заң жобасының кем-кетігін көрсетіп берген болса, енді оны сарапшылар қауымы орта­ға алып қарастыруда. Саяси шешімдер инс­ти­тутының бастамасымен өткен сарап­шы­лар клубының отырысында «Дербес деректерді қорғау туралы» заң жобасының артықшылықтары мен кемшіліктері, болуы мүмкін салдары мен зардабы сөз болды.
Жалпы, заң жобасы бойынша азаматтар туралы дербес деректің тізіміне мыналар кіреді: азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, жынысы, туған күні, жері, ИИН, тұр­ғылықты жері, байланыс құралының або­ненттік саны, қозғалмалы және қозғал­май­тын мүлкі, білімі, кәсібі және био­мет­рия­лық дербес деректері. Заң жобасында аза­маттар жөнінде дерек жинау олардың рұқсатымен жүзеге асады делінген. Сөйте тұра, ол заң бойынша міндеттелінетін се­беп­тер көрсетіледі, яғни: құқықтық тәртіп­тің сақталуы, тұрғындарды әлеуметтік қор­ғау, халық санағы және әскери қызметке байланысты жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның келісімінсіз мәлімет жинау – тек лаңкестікке қарсы бақылау, барлау, жедел іздестіру шаралары кезінде, сонымен қатар мемлекеттік құпия деректеріне және аза­мат­тардың өмірі мен денсаулығына, заңды мүд­делеріне орай қолданылады.
Жалпы, әлемнің көптеген елдерінде азаматтар жөніндегі мәліметтер қоры бар және ол бұрыннан жинақталған. Ал оған қатысты заң жобасы «Дербес деректерді қор­ғау туралы заң» деп аталады. Атауы көр­сетіп тұрғандай, мұндағы негізгі басым­дық сол деректердің құпиялығын қорғауды көз­дейді. Яғни мемлекетте өзінің азамат­тар­ы жөніндегі мәліметтердің қоры бол­ған дұрыс, бірақ ол үшін мәліметтерді тиісті деңгейде қорғай алатын қабілеті болуы ке­рек.
Саяси шешімдер институтының сарап­шы­лары «Дербес деректерді қорғау тура­лы» заң жобасында негізінен сол дерек­тер­дің қорғалуына қатысты көптеген олқы­лықтар кеткенін айтады. Әлішер Тастеновтің айтуынша, қазір мемлекеттік органдардың мәліметтер қоры банктердегідей жоғары деңгейде қорғалмайды. Яғни азаматтар жөніндегі мәліметтер мемлекеттік мекеме­лер­дің қолында электронды түрде сақта­латын болса, олардың сайттарын бұзып кі­ріп, барлық ақпаратқа қол жеткізуге сауа­ты жететін қылмыскерлер жетерлік. Қа­зақ­стан Ұлттық телекоммуникациялар қауым­дас­тығының директоры Евгений Ма­лишевский «жеке адам туралы жинақталған барлық ақпараттың қылмыскердің қолына түсуі қорқынышты жағдай болар еді» дегенді айтады. «Әр адам өз өмірінде сан түрлі құжаттар жинайды. Сондай-ақ меке­ме­лер де жекелеген адамдарға қатысты мәліметтерді қағаз жүзінде жинақтайды. Соның себебінен қағаз құжаттар тау-тау болып үйіліп кетеді. Ал оның электронды форматқа өтуі, әрине, қуантарлық жағдай. Дегенмен оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаса, одан гөрі бұрынғы қағазымыз жақсы болып шығады. Ақпараттың құпия­лылығы мен қауіпсіздігі осы заң жобасының күн тәртібінде бірінші болып тұруы керек еді», – дейді Е.Малишевский. «Қазақстан­ның Интернет қауымдастығының» вице-президенті Александр Ляхов бұл бастаманы жата кеп жамандай берудің қажеті жоқ дегенді айтады. «Азаматтар жөнінде дер­бес мәлімет жинап, оны электронды жүйе­ге орнату заман талабы болып есептеледі. Осыдан екі жыл бұрын Евгений Касперский әлемге интернет-төлқұжат енгізуді ұсынған болатын. Алайда жалпы жұртшылық бұл бастаманы сынға алып, сөгіп, іске жарам­сыз етіп тастады. Алайда көп ұзамай-ақ сол бастаманы Барак Обама қайта көтерді және жақын болашақта АҚШ-та енгізілгелі жатыр. Меніңше, бұл бастамаға қарсы шы­ғудың орнына оны қалай жүзеге асыра­мыз деген бағытта ой қосу керек», – деді ол.
Сергей ЗЛОТНИКОВ, «Транспаренси Қазақстан» қорының атқарушы директоры:
– Қазір бізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік мекемелерде ақпараттың қалай құпия сақ­талатынын сол орталықтардан-ақ көруге бо­лады. ХҚО-ларда 6-7 мәлімет қоры бар. Солардың барлығы сатылады. Сол мәлімет­тер бір қолдан бір қолға заңсыз өте береді. Басқаны былай қойғанда, қылмыскерлер де пайдаланады. Бізде қаржылық монито­ринг туралы заң бар, ол да тиісті деңгейде қорғалып жатқан жоқ. Бір әйел жеке куә­лігін жоғалтып алған екен. Оны тауып алған екінші біреу сол құжатпен СТН және ӘЖК жасатып алып, несие алған. Ал мына дерек қор­ында жеке адам туралы барлық мәлі­мет­тер жинақталады. Ал ол қолды болып жатса қандай былыққа айналары түсінік­сіз.

Петр СВОИК, Монополияға қарсы қоғамдық комитет төрағасы:
– Мұндай заңның қолданысқа енуін қолдаймын. Қазіргі жағдайда адамдардың барлығы ақпараттық қоғамның объектілері мен субъектілеріне айналып отыр. Сондық­тан бұл бізге қажет нәрсе. Әрине, кемшілік­тер айтылып жүр. Бірақ оның барлығы уа­қытша деп ойлаймын. Қазір оны түзететін ма­мандар бар. Дегенмен, меніңше, ақпа­рат­тың таралуы мәселесіне қатысты жеке бір кодекс болуы керек сияқты. Ақпараттан­дыру дегеніміз не, жеке дерек дегеніміз не, қандай жағдайда оны тарату заңсыз бо­лады деген сияқты түсінікті талаптар болуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста