Бүгінгі ұрпақ – болашақтың иесі

Абай ОМАРОВ (коллаж)

«Қандай да елдің ертеңін білгің келсе, оның жастарына қара» деген ұлағатты сөз бар. Әр заман өз ерекшеліктерімен, дарынды өрендерімен, өрелі істерімен тарихта таңба қалдырады десек, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі бойкүйездік кім-кімді де бейжай қалдырмасы анық. Ұрпақ тәрбиесі – ұлттылықтың ажырамас бөлігі. Уақыт сөресінен ешқашан түсірмеуге тиіс осынау адамдық міндетімізге болашақтың талабымен қарағанымыз абзал.
Патриотизм, отансүйгіштік туралы айтылып жатқан көркем дүниелер ісі­міз­бен астасып жатыр ма? Елбасымыз Нұр­сұл­тан Назарбаевтың: «Біздің бір ғана Ота­нымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан», – де­ген сөзі әрбір өскелең ұрпақтың жүре­гі­не жігер беріп, үлкен жауапкершілік жү­гін жүктеген сенім деуге толық негіз бар бол­ғанымен, оның сіңірілуіне үлкен ке­шен­ді жұмыс керек. Төл тарихын сонау за­ман­дардағы ержүрек, қайсар сақ, Әлкей Мар­ғұлан айтқан «ғұндардың соңы – түр­кі­лердің басы» ұрпағынан тарқататын хал­қы­мызға бір кездері тарих өз сынағын ұсын­ды. Ал жаһандану заманында тек эко­номика ғана емес, мәдениет пен тіл бә­секелестікке түсіп жатқан ғаламда ерлік, өр­лік, отансүйгіштік секілді рухани құн­ды­лық­тар ұлт тағдырымен қоса айтылатын­ды­ғын кім білді?! Саналы ұрпақ – сапалы ел ертеңінің көрінісі. Бүтіндік, елдік, Тә­уел­сіздікті тұғыр еткен өрен тәрбиелеу жо­лын­да ата-бабамыздан келе жатқан та­рихи жадты тірілтіп, ұлттық мен­та­ли­те­ті­міз­дің бай мұрасын заман талабына сай жаң­ғыртуымыз керек.
Бүгінгі балғындардың бойындағы «отан», «отаншылдық», «ұлт», «ұлт­жан­ды­­лық» ұғымдарының тек қартаң тартқан ақ­­сақалдар мен орта тап буын өкілдерін ға­на емес, сонымен қатар бар буынды тол­ғандырып отырғаны баршылық. Тек қа­на «Отан – туған жер, менің туған жерім – Қа­зақстан. Ұлтым қазақ, ұлтжандылық – өз Отаныңа қызмет ету» деген түсінікті жа­лаңдана ұғыну қауіпті болмысты ту­ды­рары хақ. Отан ұғымын, Отанға деген сү­йіс­пеншілік сырын атақонысты иемдену, Ән­ұранын жатқа айту, Туын төбеге тігумен шек­теу – нағыз көзқамандық. Елін сүй­ме­ген адам өзгені де сүйе білу қасиетінен таяз­дық танытады. Осы жерде қас батыр Бау­кеңнің сөзіне жүгіну заңды: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқыныш көбейіп тұр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам, екін­ші, нәрестесіне ертегі айтып беретін әженің аза­юынан қорқам, үшінші, әдемі, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп ке­леді, оның қолына қылыш берсе, кімді де бол­са шауып тастауға даяр. Қолына кітап ал­майды, үйреніп жатқан бала жоқ, үй­рететін әке, әже жоқ».
Қуатты қол, құрыш білек, жолбарыс жүрек, кен-ақылдың иесі батыр Баукеңнің қаупі – туған халқы ертеңінің қамын жеген ердің жанайқайы. Ұлт ұлының сөзін өз әл-дәрменімізше саралауға бел байладым.
Бүгінде әлем ғалымдары баланы құр­сақ­қа біткеннен бастап тәрбиеге алу ке­ректігін дәлелдеп жатса, хақ ислам дінін ұс­танған бабаларымыз неке, ер мен әйел ден­саулығы мен рухани саулығына ерекше назар аударған. Отбасындағы тәрбие бала өмірінің баспалдағы екендігін айтып, іргетасын қаласқан. Іргетасы осал құры­лыс­­тың көркінің де, негізінің де әлсіз бо­ла­тынын біле тұра, оның үстіне ғимарат құ­ру қауіпті іс екені белгілі.
Осы тұста ата-ана үшін адам санын кө­бейту емес, халқы үшін қалтқысыз қызмет ететін бала өсіріп, тәрбиелеу алғы­шарт болуы тиіс. Жақсы бала жақсы ор­та­дан ғана шығады. Өзгелерге өзегімізді ашып, өзіміздегі алыптардың атын айтып мақ­та­ну­дан еш шаршаған емеспіз. Ал сол ат­та­рын ардақтап, сөздерін санамалайтын тұл­ғалар неге санаулы? Осыны бір сәт ой­ға алып көрдік пе? Бұл жерден біз өз сұ­ра­ғымызға жауап табамыз. Тәрбиенің бас­­тауы тектіліктен дариды. Тектілік тамыры бабаларымыздың ұрпағының ержүрек, адал болып өсуіне баулу сырында жатыр. Десе де, Еуропа елірткен еркіндік түбімізге жететінін ойға да алмаймыз.
Республикамыздың түкпір-түкпірін ара­лағанымда өте білімді, шыңдалған жастарды көргенде көңіл қуанды. Бүгінде белдескеннің белін үзіп, тіресумен тізе бүктіретін заман өтті. Дамыған елдердің экономикасының белсенді жас аралығы  23-30 жас аралығын қамтығанын Блум­берг агенттігі хабарлады. Оған айқын мы­сал ретінде Facebook әлеуметтік желісін ой­лап тапқан Марк Цукербергті мысалға келтіруге болады. Елбасымыздың «ХХІ ғасыр – білім ғасыры» деп топшылауының өзі көрегендіктің нақылы екендігін осыдан түсінуге болады. Әрбір Қазақстанның жасы он бес адамның санасына лайық қарулануы тиіс. Бұл – уақыт талабы, дә­лел­деуді қажет етпейтін аксиома. Біз өркениет өрісі жолында дінімізге, салт-дәстүрімізге барсақ та, біліммен бой­лағ­а­ны­мыз абзал. Ұлттық рухтың жүрегі ұлт­тық сана сезім болса, күретамыры – па­т­риотизм.
Баукең бір сөзінде: «Халықтың халық бо­лып өмір сүруі не жырымдалып жүріп, өз бет-бейнесінен айырылуы сол ұлт өкі­лі­нің өзінен кейінгі ізбасарына бабалар ама­на­тын қай салада жеткізуіне байланысты. Ата дәстүр, ана тілі өздігінен жалғаспайды не сырттан біреу келіп көсегемізді көгертіп, сақтап бермейді», – деген.
Қазіргі қазақ қоғамындағы жастарға «мы­наны ойлайды, армандайды» деп пі­кір айту өте қиын. Әр азаматтың өзінің өмір­­лік ұстанымы мен қызығушылығы бар. Өзім араласатын жастардың дені –  мемлекетті алдыңғы қатарлы, дамыған ел ретінде көруді қалап, ұлтының Тә­уел­сіз­дік атты асыл мұратының тек сөз жүзінде ға­на емес, іс жүзінде асқанын армандай­тын «мемлекетшілдік санасы» қалыптас­қан­дар. Оларды біріктіретін де – осы ортақ ой­лары. Алайда бар арманы билік пен ақ­шаны көздеген жастарды да көз шалып қа­луда. Олардың санасы үшін «ұлт», «та­рих», «діл», «дін» түсініктері – жат нәрсе. Бү­гінгі күнмен өмір сүріп, ертеңін не күтіп отырғанын ойламайтындар қатарын, мі­не, осы санаттағы азаматтар түзеді. Бұл ру­хани мәңгүрттікке апарып соқтырған ол­қылық – жастарымызды тәрбиелеп отыр­ған жалпыұлттық идеяның олқы тұ­сы.
Жастар саясаты дегенде, біз алдымен эко­номикалық-әлеуметтік саланы ғана емес, сонымен бірге идеологиялық сала­ны басты стратегиялық мақсатқа қосуымыз керек. Идеология – жастар ұйымдары ой­лайтын секілді бір реттік акция емес, жас­тардың санасына «мемлекетшілдік са­на­ны» қалыптастыратын кешенді жүйеге не­гізделгені шарт. Әрине, бұл – оңай шаруа емес.
Ұрпағымызды ұлттық, адамгершілік құндылықтар шеңберінде қолданыстағы «Жастар саясаты туралы» Заңның орындалуын дербес қадағалаған жөн.
Заман иесі, болашақ тұтқасы – жастар. Біз екі кезеңді көрген буынбыз. Ал бүгінгі жастар – Отанға ортақ игілікті пайдала­ну­шы, іске асырушы, дамытушы Тәуелсіз ел пер­­зенттері. Президентіміз Н.Назарбаев өз сөзінде: «Менің халқым өзге ұлттың тү­сі­не кірсе, шошып оянатын ауыр-ауыр тағ­дыр­­лар­ды басынан кешті. Тіпті тұқым-те­бе­рі­гімен жойылып та кететін жағдайда болды. Бі­рақ азаттыққа деген арпалыс, Тә­уел­сіз­дікке деген талпыныс осы күнге жеткізді», – дейді. Шындығында, мұндай әлемге айқара құшақ ашқан кезең қазақ жұртында бұрын-соңды болған емес. Тәуелсіздік сонысымен де еш нәрсеге айырбастамас, жоғалтып алуға болмайтын құндылыққа айналуы тиіс. Осы орайда өткенді үлгі қылып, рухы бодандыққа бой алмаған Тәуелсіз ел перзенттерінің «тәуелсіз санасын» қалыптастыру идеясы – заман туғызған қажеттілік.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: білімді де ілімді, қауқары найзағайдай жарқылдап, қара бұлтты қақ жарған жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі уақыт еншісіндегі енжарлықты көтермей­тін ең басты қоғамдық міндет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста