Ұзаққа созылған науқастан кейін 64-ке қараған жасында белгілі мемлекет қайраткері Сарыбай Қалмырзаев өмірден озды.
Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев 1949 жылдың 10 маусымында Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. Мәскеу экономика-статистика институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын экономика мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1971 жылы бастап, Қазақ КСР Орталық статистика басқармасында аға экономист, бөлім бастығы, басқарма бастығы, басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 1987-1997 жылдары – Қазақ КСР Мемлекеттік статистика комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Жамбыл облысының әкімі. 1999-2002 жылдары Президент Әкімшілігінің басшысы, Әкімшілік басшысының орынбасары болған. 2003-2004 және 2008-2011 жылдары ҚР Президентінің іс басқарушысы болып жұмыс істеген. 2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне басшылық жасаған. 2011 жылдың сәуірінен ҚР Президенті Іс басқармасы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК-нің директоры болған. Құрмет, Парасат, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ордендерімен және жеті медальмен марапатталған.
***
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы және Президенттің бұрынғы Іс басқарушысы Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаевтың қайтыс болуына байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан жеделхат жолдады