Басшылардың үштен бірі аттестациядан өте алмады

Биылғы аттестацияның алғашқы легі – құқық қорғау органдарының басшылық құрамын сынақтан өткізу науқаны аяқталуға жақын. Бүгінге дейін Президент жанындағы Жоғарғы аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өтуі тиіс басшылық лауазымдағы 379 адамның 349-ының жеке біліктілігі мен дайындығын тексеріп шықты. Нәтижесінде олардың үштен бірі аттестациядан өте алмады.    
Сынақтан өтпеген басшылардың басым бөлігі Ішкі істер министрлігіне тиесілі – 26 адам. Одан кейін Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агент­тігі (20 адам), Кедендік бақылау агент­­тігі (10 адам) және Бас прокуратура (10 адам) келеді. Дайындығы төмен бас­шы­лардың ең аз көрсеткіші Төтенше жағ­дай­лар министрлігінде тіркелді. Аталған ве­домствоның төрт басшысы аттестациядан өте алмады.
Жалпы, осы уақытқа дейін Президент жа­нындағы Жоғарғы аттестаттау ко­мис­сиясы 349 басшының жеке біліктілігі мен да­йындығын тексерді. Олардың 69-ы не­месе 20 пайызы сынақтан сүрініп қалды. Осы­ғ­ан байланысты 29 басшы жұмыстан бо­сатылса, 28 қызметкердің лауазымы төмендетіледі. Ал қалған 12 басшыны басқа қызметке ауыстыру  ұсынылды.
Осы азаматтардың жеке сындардан өту барысына тоқталсақ, 15 қызметкер заңна­ма­ны білмейтін болып шықты. 16 басшы де­нешынықтыру емтиханын тапсыра ал­маса, 45-і атыс даярлығынан өте алмады. Ал 10 қызметкердің психологиялық да­йын­дығы төмен болып шықты.
Биылғы аттестациялаудың жоғары та­ла­п­тарын ескерген тағы 26 қызметкер сы­нақтан өтуден өз еркімен бас тартып, қыз­мет­тен босату туралы рапорт жазды. Бұдан бас­­қа, ротацияға, яғни басқа жұмысқа ауы­суы­на байланысты 13 қызметкерді, сон­дай-ақ шекті жасқа жеткен алты басшы­ны жұ­мыстан босату туралы ұсыныс жасал­ды. Осы­лайша биылғы аттестацияның ал­ғаш­қы науқанынан 114 адам немесе бас­­шылық құрамының 30 пайызы өте ал­мады.
Президент жанындағы Жоғарғы ат­тестаттау комиссиясы өз жұмысын маусым айы­нда аяқтайды. Осыдан кейін орталық және­ аудандық аттестаттау комиссиялары өз жұ­м­ысына кірісетін болады.
Алик ШПЕКБАЕВ, ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі:
– Елімізде құқық қорғау органдары қыз­меткерлерінің кезектен тыс аттес­та­ция­сы алғаш рет өтіп жатыр. Оның не­гіз­гі мақсаты – құқық қорғау­шы­лардың кә­сіби, әскери және де­не­шы­нықтыру да­йындығын тексеру, сон­дай-ақ осы са­ланы сыбайлас жем­қорлыққа бейім адам­дардан та­зар­ту. Аттестация Қа­зақ­станда алғаш рет өткізілгендіктен, біз өз­ге елдердің тәжірибесін мұқият зер­де­леп шықтық. Осылайша аттеста­ция­ның үш деңгейлі жүйесі бекітілді. Пре­зи­дент жанындағы Жоғарғы аттестаттау ко­мис­сиясы басшылық құрамын сы­нақ­тан өткізсе, орталық аттестаттау ко­миссиялары қалалық және аудандық бас­шыларды, сондай-ақ олардың орын­басарларын тексереді. Ал өңірлік ко­мис­сиялар аумақтық бөлімшелердің же­ке құрамын аттестациядан өткізеді. Жалпы, республика бойынша 98 617 лауазымды тұлға аттестациядан өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста