Аза тұту күнінің тәлімі не? Әдеттегі саяси науқаншылдықтан арылмасақ

 Күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "13-шілде - Ұлттық Аза тұту күні" деп жариялайтынын ресми мәлімдеді.

Осы бір күндерде күллі әлем бір тарының қауызына сыйғандай күйде тұр. Уханнан тараған удың уыты адамзат баласын алмағайып жағдайға әкеліп, алаңсыз тіреді. Еуропаның есін екеу, түсін төртеу қылды. Азуын айға білеген АҚШ-қа да дем жетпей жатыр. Шығысым - Батыс, теріскейіміз түстік болып кеткендей... Экономикасы екі иінінен дем алып, аузымен құс тістеген елдердің өзі бұл дерттің алдында дәрменсіз күй кешуде, деп жазды желіде журналист Жанарбек Әшімжан.

Қазақстан - әлемнің бір бөлшегі. Айға ұшып кететін емес, ауламызға келген ауру мысқалдап отырып үйімізге енді. Бойымызға кірді. Өкінішке қарай, батпандап шыға бастады... Аядай ғана уақытта Алашқа аты мәшһүр тұлғаларымыздан бастап, алыс-жақындағы таныс та бейтаныс азаматтар ай-күннің аманында ажал жастығына бас қоюда. Ажал жас-кәрі деп талғап жатқан жоқ, жалмап жатыр. Алқымды өксік, көкіректі шер буып тұр. Құдай тағаланың берген ауасын жұта алмаудан асқан азап бар ма? Жұтқан дем қайта шықпай қалып, адам баласы естіп, білмеген қайдағы запыран құсып, зар шекен шаққа тап келдік. Жасаған Ием Қазақ халқына сабыр, күш-қуат берсін!
Кәдімгі соғыс секілді. Иә, Франция президенті Макронның жыл басында-ақ "Бұл - соғыс" дегені енді ойландырып отыр. Аты жаман індеттің екінші толқыны елді есеңгіретіп жіберді.

Баршаңызға мәлім, Аза тұту - аса қайғылы жағдайда ғана жарияланады. Қапелімде жарияланған еліміздегі сол Аза тұту күні қалай болу керек? Таңнан кешке дейін ел-халықтың ойлануына мүмкіндік бермей, селкілдетіп, билетіп қойған телеарналар мен радиоарналардағы мауықты басатын жын-жыбыр сауық пен сайран пышақ кесті тиылады, сөз жоқ. Бір күнге ғана. Сөзсіз Ту түсіріледі. Ақ сәлде орап, тәспі тартқан тақуаларымыз, молдаларымыз марқұмдардың рухына арнап қасиетті Құран сүрелерін бағыштайды. Әрине, бұл - міндетті, атқарылуы тиіс нышан. Ал Аза тұту күнінің бар тәлімі осы ғана ма? Жоқ!
Бірінші кезекте әдеттегі саяси науқаншылдықтан ада-күде арылу керек. Осы бір қиын-қыстау күндерде бастарын бәйгеге тігіп, жандарын өз еркімен жадыға қойған, сұрапыл майданның алдыңғы шебінде жүргендей күй кештірген дәрігерлер қауымына айрықша бас иіп, құрмет көрсету керек. Қаншама ақ халат киген аяулы жандар бақилық болды... Сонымен қатар, күндіз-түні от басып жүріп, шоқ шайнап, ақпарат таратып жүрген журналист әріптестеріміздің де еңбегіне тағзым ететін мезгіл бұл.

Ішкі істер саласы мен қорғаныс және қауіпсіздік қамында жүрген әскери қызметшілердің де еңбегі орасан. Олардың да жанына үңіліп, тағдырлары таразыға салынып, түн жамылып, түс қашып жүріп атқарған еңбектері ерекше сезілуге тиіс. Ойлаңызшы, әлгіндей карантин мен жүйкеге салмақ түсірген психологиялық ахуал туындаған кезде түрлі әлеуметтік топтағы азаматтарды тәртіпке шақырмаса бұл қоғам не болады? Құдай сақтасын!
Өзге де о дүниелік болған жандардың рухына құрмет жасалып, көрнекті тұлғаларымыз туралы арнайы бағдарлама әзірлену қажет. Бұл күн - ойландыратын, толғандыратын, ұрпағыңның амандығын тілейтін, тәубеге келетін күн! Бір-бірімізді құрметтеудің, сақтаудың үлгісін көрсететін күн. Елдіктің, мемлекеттіліктің қадіріне жете сезінетін, Тәуелсіздік таңын атыруға еңбек еткен арамызда жоқ Тұлғаларды да жоқтайтын күн. Барымызды бағалап, жоғымызға салауат айтатын, өткенімізді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасайтын, отбасыңда ұл-қызыңмен, әулетіңнің үлкендерімен қосылып ойланатын, өт-те терең ойланатын күн. Ұрпақ жауапкершілігін сезіндіретін сәт.

Бірінші кезекте бұл Ұлттық Аза тұту күніне электронды ақпарат құралдары, жетекші теле және радио арналар асқан жауапкершілікпен дайындық жасағанын қалар едім. Барша жұрт, бала да, дана да экранға назарын тігетіні даусыз.

Қысқасы, дәл осы Аза тұтқан сәттен кейін күллі Алаш жұрты қайта түлеп, ішкі жан-дүниесін жаңғыртып, мәдениеттіліктің ерен үлгісін ертеңге ұластырсақ, жаңа сапалық мінездермен қаруланып, бөтен мінезден арылсақ... міне, сонда ғана Азалы күннің қазалы сәтінің қайырлы болғаны.
Ойланайық!

- Құдай тағаланың өзі өлшеп берген бес күн жалған түнететін екі күнімен айналдырған жеті-ақ күн екен ғой... Бір-бірімізді сақтайық! Маңайымызды құрметтейік, - дейді Жанарбек Әшімжан.

kaz.zakon.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста