Автотұрақтардың тарлығын қайта қарау керек

Автотұрақтардың тарлығын қайта қарау керек

Мәжіліс депутаты Талғат Ерғалиев Астана мен Алматыдағы көлік тұрақтарының жетіспеушілігі жөнінде мәселе көтеріп, Үкіметке үшбу хат жолдады. Шындығында, көлік кептелісін айтпағанда, тұрғын үйлер ауласына кіріп, адам көп баратын сауда орталықтарының маңайына жуу мүмкін емес болып барады. Оның үстіне күн сайын саны артып келе жатқан көліктер де оған өз әсерін тигізуде. Депутат, осыған қатысты мәселені ескеріп, Үкіметтен тиісті шараны қайта қайта қарауды ұсынады.

«Не пайда дүниенің кеңдігінен, аяқта аяқ киім тар болса егер» деп айтылмаушы ма еді, бір өлеңде. Соңғы жылдары Астана мен Алматыдағы көлік кептелісі мен автотұрақ мәселесі жүйкені жұқартқанда осы өлең ойға оралады. Шындығында, даламыз кең байтақ, қаламыз неге құрқылтайдың ұясы. «Кең байтақ Қазақстанда, 17 млн. халықта қайдағы кептеліс» деп қытайлар да таңғалады-ау шамасы, бізге! Депутаттар да осы мәселені кезекті рет көтерді.

Талғат ЕРҒАЛИЕВ, Мәжіліс депутаты:
­ Қазір ашық автотұрақ мәселесi қазақстандықтар үшiн бiрнеше жыл бойы маңызды мәселелер қатарына кіреді. Астана мен Алматы қалаларында бұл өте күрделі мәселе. Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша соңғы 11 жылда республика аумағында тiркелген автокөлiктер саны 3 еседен астам мөлшерге көбейген. Астанадағы автокөлiктер паркiнiң өсiмi 5 еселенді. Еліміздегі қалалардағы автотұрақтардың көбi Кеңес одағы кезiнде салынған болатын. Ол кезде кеңестiк қала құру нормативтерi болашақта автокөлiктер паркiнiң айтарлықтай өсiмiн ескермеген.
Депутаттың сөзін бақсақ, Астана, Алматы және еліміздің басқа шаһарларында ашық автотұрақ орындарының жетiспеуі әкiмшiлiк, iскерлік, сауда орталықтарында, мемлекеттiк мекемелер, мектептер, балабақшалар, ұлттық компаниялар кеңселерiнiң жанында жиі кездесетін мәселеге айналған.

Талғат ЕРҒАЛИЕВ, Мәжіліс депутаты:
- Астанадағы Достық көшесiнде орналасқан «Мәскеу» бизнес орталығы ғимаратының 44500 шаршы метрi аумағында 295 қана тұрақ орны бар. Яғни, бiр орынға 150 шаршы метрден астам аумақтан келедi деген сөз. Ашық тұрақ орындарының жетiспеушiлiгi елорданың ойын-сауық кешендерiнде де байқалуда. Алматы қаласының мемлекеттiк мекемелерi, ойын-сауық, сауда кешендерiнде орташа есеппен алғанда бiр автотұрақ орнына ғимараттың 80-100 шаршы метр аумағынан келедi екен. Ал сауда базарларындағы бұл мәселе әлдеқайда өзектi болуда.

Халық қалаулысының қоғамдық қолданыстағы ғимираттардың аумағы мен оған келушiлер санын ескерiп, ашық автотұрақтар орнын анықтау жөніндегі нормалардың жоқ екендiгiн айтады. Сондай-ақ, АҚШ, Канада секілді дамыған елдерде автотұрақ индексi көрсеткiшiнiң қолданылатындығын сауалында мысалға алып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста