Астанаға қандай мамандықтар қажет?

Астана қаласының басшылығы жастарға кәсіптік бағыт-бағдар беру­дің жаңаша әдісін қолға алды. Енді бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен бір­ге, қалаға қажетті мамандықтар көрмесі ұйымдастырылатын болды. Оның басты артықшылығы сол, мектеп түлектері нақты сұранысы бар ма­ман­дықтармен етене танысса, колледж және университет шәкірттері өзде­рі­­не қажетті жұмыс орындарын таба алады. Осындай шара кеше Астанада ал­ғаш рет өтті.
Бұған дейін елордада өткен жиындар­дың бірінде қала әкімі Иманғали Тасма­ғам­бетовтің заңгер мен экономистердің тым көбейіп кеткенін айтып, елордаға қа­жетті нақты мамандықтарды атап көрсет­кені есімізде. Сол кезде ол: «Астанада эко­но­мистер мен заңгерлерге сұраныс жоқ. Бүгін­де олардың арасындағы жұмыс­сыз­дық деңгейі 87 пайызға жетті. Бізге IT-технолог, программист, инженер-механик, электрик, монтажшы-құрылысшы және электр-газ дәнекерлеуші   ауадай қажет. Міне, бұл мамандықтар болашақта да өз сұранысын жоғалтпайды», – деген еді. Сөйтсек, қала әкімінің тізімі онымен бітпейді екен. Астанаға аспазшы, даяшы, бармен, нан-тоқаш өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы-сылақ­шы, ұста, техник-сантехник, токарь, мед­би­ке және тағы басқа 30-дан астам маман­дық иелері аса қажет. Осыған орай Конгресс-холл сарайында арнайы көрме ұйымдастырылып, мектеп оқушылары қалаға қажетті мамандықтармен етене танысуға мүмкіндік алды. Аталған шара жастардың кәсіптік бағыт-бағдарын айқындауға көмектеседі деген сенім бар.
Олжас ОМАРОВ, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары:
– Көрмеде елордаға аса қажетті ма­мандықтармен танысуға болады. Ал бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жастар өз білімдеріне сай қызмет орындарын таба алады. Біздің негізгі мақсатымыз да осы болды: мектеп пен колледж түлек­терін сұранысы жоғары мамандықтармен таныстыра отырып, жұмысқа орна­лас­тыру. Жастар қалаға қажетті мамандық­тармен танысып қана қоймай, ол ма­­мандық бойынша қай жерде оқи ала­­тын­дығын да біле алады. Негізі, қа­зіргі кезде елорданың құрылыс саласына ғана сан алуан мамандар қажет болса, ме­дицинаға шамамен 200-дей қызмет­кер керек.

Шынымен де, бас кезінде барлығы жаппай жоғары білімді қуып кеткен кезде кәсіптік-техникалық мамандық­тардың ұмыт қалғаны жасырын емес. Оны біз енді ғана түсініп жатырмыз. Қа­зақстан халқы адам басына шаққандағы үлесі жағынан әлем бойынша «ең білімді ел» деп танылды. Бірақ сол елдің бәрі жұ­мыспен қамтылмай қалды. Себебі отан­дық экономикаға заңгер мен қар­жыгер­лер емес, қарапайым жұмыс­шылар қажет. Мамандардың айтуынша, бүгінде қарапайым жұмыс істеп те әжептәуір пайда табуға болады. Ол үшін қазіргі жас ұрпақтың, әсіресе қазақ жастарының психологиясын өзгерткен жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста