Астанадағы зиратты ұлттық қабірстанға айналдыру қажет

Астанадағы зиратты ұлттық қабірстанға айналдыру қажет

Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғына қадам бас­қан­да атқарылатын ұлық шара­лардың бірі ретін­де Алаштың арда қай­раткері Смағұл Сәдуақас­ұлы­ның сүйек күлін туған топырағына әкеліп, жер қойнына тапсыру мәселесі тура­лы жиі айтылып жүр. Ұлт қайраткерінің туғанына — 110 жыл, өмір­ден озғанына 77 жыл толуы қар­саңында Мәскеу­дің «Донское кладбищесінде» сақталып кел­ген С.Сәдуа­қасұлының дене­сінің күлін елге әкеліп, мұсылман ғұр­пымен жерлеу рәсімін жүзе­ге асыру, сөзсіз, Тәуел­сіздік тарихындағы зор оқиғалар қатарынан санал­мақ. Дәл осы мәселе кешегі Мәжілістің жалпы отырысында біршама сөз болды. Сондай-ақ палатаның 2011 жылғы алғашқы отыры­сын­да депутаттар елорда орталығындағы бес ғасыр­лық тарихы бола тұра, қараусыз қалған қорымды ұлттық пантеонға айналдыру мәселесін де көтерді.
«Жүздеген жылдар бойы қазақ елінің бостандығы, ұлт Тәуелсіздігі үшін болған күрес толастамады. Өкінішке қарай, осындай күрестерде миллиондаған жан құрбан болды. Тәуелсіздіктің мерейтойы жылында біз осындай ұлы қайраткерлердің аруағына тағзым етіп, ұлылық танытып, қолымыздан келетіннің бәрін соларды ұлықтауға бағыттауымыз керек», – деп бастады Үкіметбасы мен елорда әкіміне жолдаған сауалында депутат Ирак Елекеев. Бұл ретте депутат соңғы кездері Мәскеу қаласы билігінің қазақ халқының қайраткер ұлы Смағұл Сәдуақасұлының кремациядан (арнайы өртелгеннен соң­ғы үдеріс) кейінгі сүйегінің күлін беру туралы шешіміне тоқтала келе, Астана қаласында ұлттық пантеон (қабірстан) құру туралы мәселеге ерекше назар аударды. Оның сөзіне қарағанда, елордада әлгіндей пантеон құру жайында Мемлекет басшысының мәдениет министріне берген тапсырмасы да бар көрінеді. «Астананың дәл ортасындағы Жастар шағын ауданында бірегей мұсылман зираты орналасқан. Мұның 500 жылға жуық тарихы бар. Онда біздің ұлтымыздың ұлы қайраткерлері, әртүрлі этнос өкілдерінің сүйектері жерленген. Сондықтан да бұл орынды тарихымыздың өзіндік бір ескерткіші болып табылатын «бауырластар зираты» деп атаса да болады. Зиратқа жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ сарбаздары, атақты Кенесары ханның қол бастаған батырлары да жерленіпті. Мұнда 1920-30 жылдардағы ашаршылықтың құрбандары да, Қазақстанға тағдыр тәлкегімен келіп, сталиндік қуғын жылдары атылған түрлі ұлттардың қайраткер ұландары да жатыр. Өкініштісі, осындай шынайы тарихи зират-кешеннің бүгінгі көрінісі адам айтқысыз», – дейді депутат. Сондай-ақ И. Елекеев жақында бірқатар әріптесі, тарихшы-ғалымдармен, елорда сәулетшілерімен бірігіп, осы қорымда болып қайтқанын еске салды. Зират басына жиналудағы мақсат ата-баба қорымының жағдайымен танысып қана қоймай, оны алдағы уақытта пантеонға айналдыру мәселесі ретінде қарастыру болса керек. Бұл ретте Ирак Қасымұлы пантеонға қатысты әлемдік тәжірибелерді де алға тартады. «Ірі мегаполистер астанасында өркениетті, өскелең ұрпақ пантеондарды сақтап қалуға ғана емес, оны абаттандыруға да бар күш-жігерін салады. Бізде де мұн­дай қадамдар жасалуы керек. Үкімет ел­орданың орталығындағы ескі қорымды абаттандырып, оның төңірегін таза ұстап, ұлы бабаларымыздың жатқан жерлерін мемориалдық саябаққа айналдыруға күш салса игі. Астананың бұған дейінгі әкімдері жұртшылықпен кездесу барысында дәл осы мәселеге қатысты уәде берумен ғана шектелгені белгілі. Алайда еш нәтиже жоқ, тіпті олардың кейбіреуі ескі зиратты көшіріп, оның орнына ойын-сауық кешенін салуды ойластырғанын білеміз», – дейді депутат. Мұндай мемориалды саябаққа Отанынан жырақта жатқан қазақ халқының ұлы қайраткерлерінің сүйегін әкеліп жерлеуге де болатынын алға тартады. Әлгі Мәскеу билігі беруге келіскен С.Сәдуақасұлының сүйек күлін дәл осы зиратта жер қойнына тапсырудың орындылығын да дәлелге келтіреді депутат. «Біз Үкімет пен Астана қаласының әкімдігі қоғамның қатысуымен С.Сәдуақасұлының сүйек күлін жеткізу мен оны салтанатты қарсы алуды лайықты деңгейде өткізеді деп сенеміз. Бұл ғана емес, алдағы уақытта Кене ханды да жер қойнына арулап тапсырып, Абылай ханның 300 жылдығын да лайықты тойлауды ойластыруымыз керек», – деп аяқтады сөзін И.Елекеев. Депутаттың ұсы­нысын бірқатар әріптесі де қолдады.
Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ:
– Астанада пантеон болғаны дұрыс, өркениетті жұрттың біразында мұндай жерлер бар. Біздің қазақ даласында да осындай киелі орын­дар болған. Мәселен, мұның бір дәлелі – қазақ хандарының, ұлт батырла­ры­ның бір орталықта, Түркістан қа­ла­сында, ұлтымыздың рухани ордасына жерленуі. Сондықтан бұл қа­зақ үшін еш жаңалық емес. Сол үш­ін елордадағы зиратты өркениетті үл­гіде дамытып, абаттандыру жайтын қа­растыруымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста