Astana-2011 экшн-фильмдер фестивалі шымылдығын ашты

Қазақстанның төртбұрышындағы жұртты түгел елеңдетіп, Арқаға қарай құлақ түргізіп қойған Астана тойының алғашқы дүрмегі кеше басталып та кетті. Есте болса, былтыр нақ осы Астана күні қарсаңында еліміздің бас қаласының атын әлемге таныстыратын жаңа жоба тұсауын кескен. Ол – экшн жанрындағы фильмдердің «Астана» фестивалі. Аты астаналық болғанымен, заты халықаралық бұл фестивальдің ұйымдастырушысы – әйгілі режиссер Тимур Бекмамбетов.
Фестивальдың қызыл кілемі елор­даның Бейбітшілік және келісім сара­йының алдына жайылды. Кеше елордада осы шараға орай өткен баспасөз мәслихатында биылғы фестивальдың шымылдығын қазақстандық үш фильм ашатыны белгілі болды. Оның біріншісі – Егор Кончаловскийдің «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Возвращение в А», екіншісі – ресейлік актер Дмитрий Нагиевтің қатысуымен түсірілген Денис Куклин мен Лев Мариупольскийдің «Два пистолета» фильмдері. Ал үшінші фильмді ұйымдастырушылар әзірге құпия ұстап, оның көрерменге арналған тосын сый болатынын ғана жеткізді.
Айтқандай, фестиваль аясында был­тыр өткен арнайы байқау бар. Оның бір ерекшелігі – оған түсіріліп біткен, да­йын фильмдер емес, жас кино­режис­сер­лердің әлі он екіде бір нұсқасы жоқ бола­шақ фильмдердің жобасы қатыс­тырылатындығы. Осы байқау биыл да ұй­ымдастырылып отыр. «Биыл фестиваль аясында кезекті байқау өтеді. Біз өті­нім­дер­ді әлем бойынша алдық. Лос-Анжелесте ол­ардың арасынан әдеттегідей бес жобаны таңдап алдық. Сондай-ақ Қазақстанның кинематографистерінен бес жұмысты қа­былдадық. Жас кинематографистер фес­тиваль аясында кезекті рет өздерінің жо­баларын таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Оның соңында біз бір ғана жобаны таңдап аламыз. Оны бір жыл ішінде фильм­ге айналдырып, экранға шығарамыз», – дейді Т.Бекмамбетов.
Десе дегеніндей-ақ, Астана фестивалін осы үрдісіне қарап, жаңа фильмдерге жолашар деуге әбден болады. Былтыр бірінші рет өткен бұл фестивальге өзге елдерден 1000-ға жуық киножоба түсіп, соның бесеуі іріктелген еді. Ақырында сол бесеудің ішінен ағайынды Вайнштейндердің бағы жанып, «Аполлон-18» фильмінің жобасы жеңімпаз атанған. Содан кейін іле-шала өндіріске алынған фильмді түсіру жұмыстары Т.Бекмамбетовтің айтуынша, алдағы қыркүйек айына дейін аяқталып, көрерменге ұсынылмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста