Армения халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда Таулы Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі ретінде тануға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новости-Армения" халықаралық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Баспасөз мәслихатында сөйлеген Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мойындауға дайын Әзербайжан аумағының 86,6 мың шаршы шақырымына Таулы Қарабақ кіреді деп мәлімдеді.
"Егер бұл мәселеде бір-бірімізді дұрыс түсінетін болсақ, онда Армения Әзербайжанның 86,6 мың шаршы шақырымдық аумақтық тұтастығын мойындауға дайын және біздің түсінігіміз бойынша Әзербайжан Арменияның 29,8 мың шаршы шақырымдық аумақтық тұтастығын мойындауға дайын. 86,6 мың шаршы шақырымға Таулы Қарабақ та кіреді. Бірақ, бұл ретте Таулы Қарабақ тұрғындарының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесін Степанакерт-Баку диалогы форматында талқылау керек екенін айтамыз", - деді ол.
Пашинян бұл келіссөздер үшін халықаралық кепілдік жасаудың маңыздылығын атап өтті