Ардагерлер алғысы

Енді біраз күндерден кейін тойланғалы отырған Тәуелсіздік мерекесі қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты болатын. Тағдыр Қазақстанға бұрын-соңды болмаған тарихи мүмкіндікті сыйға тартса, сол еркіндік пен теңдіктің, егемендік пен Тәуелсіздіктің туын көтерген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі қазақтың шежіресіне көне түркінің тасқа басқан таңбасындай мәңгі қашалатын мол мұрасы болып қалды.
Кең-байтақ еліміздің үлкен бөлігін алып жатқан өңірдің бірі – Шығыс Қазақ­стан облысы.
Бір кездері осы облысты Елбасы «Шы­ғыс Қазақстан – Республикамыздың алтын тәжі» деп тегін атаған жоқ. Өйткені бұл өлкенің жерасты кенге бай болса, қойнауы мыңғырған мал мен астыққа толы.
«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын, жаманның жаманатын айт – құты қашсын» деген аталы сөз бар.
Біз, аға буын өкілдері, кешегі қызыл компартияның кезіндегі құрсаулы саясатты да, өтпелі кезеңнің қиындықтарын да көр­ген, әр нәрсенің байыбына барып, без­бен­ге салып, таразылай білетін жасқа келдік деп ойлаймыз.
Шығыс Қазақстан облысына Елбасы­ның үлкен сенімін арқалап, Бердібек Мәш­бек­ұлы Сапарбаев әкім болып тағайындал­ған­нан бері өңірде көптеген ізгілікті істер мен игілікті бастамалар дүниеге келіп, Шы­ғыстың шырайы кіре бастағанына куә екенімізді айтсақ деп едік. Ол кісінің тіке­лей өзінің ұйытқы болуымен «Туған елге  тағзым», «Туған жер – алтын бесігім» сияқ­ты толып жатқан тың бастамалар қолға алынып, облыстың барлық аудан, қалаларында бюджеттен бөлінетін қара­жат­тан тыс сол жерден, сол ауданнан шық­қан қалталы азаматтардың намысын оя­тып, жігерін жанитын шаралардың арқа­сын­да әлеуметтік нысандар бой көтеріп жат­қанын көріп отырмыз.
Бір ғана мысал: Абай ауданының тума­сы Медғат Құтжановтың қаражатымен Қа­рауыл ауылында 120 млн теңге тұратын спорт кешені салынып, аяқталуға жақын қалды.
Сондай-ақ облыс барлық көрсеткіштер­ді бағалау рейтингі бойынша республикада алдыңғы орында тұрғаны да облыстың бірінші басшысының іс тетігін жетік біліп ұй­ымдастыруының нәтижесі екені даусыз.
Қазақ халқының біртуар ұлы пер­зент­тері Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған қа­сиетті топырақ – Абай ауданында тұрамыз. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы ауданға келген сайын бізбен кездесулер өткізгенде, оның ұлылар туған өлкеге деген ыстық ле­бі­зін, ерекше ілтипатын естіп, көріп мар­қайып отыратынымыз рас.
Ауданымыз жыл сайын дамып, келбет-кейпі мүлде өзгеріп, абаттанып, ажарла­нып келе жатқанын мақтана айта аламыз. Бірлік пен ынтымақтың арқасында аудан­ның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш­тері де өсіп келеді.
Атап айтар болсақ, мал басы барлық түліктен өткен жылдармен салыстырғанда артып отыр. Асылтұқымды шаруа қожа­лық­тарының саны 37-ге жетті. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша үш жылда шар­уалар 340 млн теңгенің, «Жайлау» бағдар­ламасы бойынша өткен жылы 50 млн теңгенің, «Жұмыспен қамту – 2020» бағ­дар­ламасымен 344 млн теңгенің кредит­тері беріліп, жекелеме адамдар мал сатып алды, жаңа жұмыс орындарын ашты, кә­сіп­пен шұғылданып, шаруаларын дөңге­летіп әкетті.
Өткен жылы ауданның Көкбай, Қас­қабұлақ, Саржал ауылдық округтері тірек ауылдарының тізіміне еніп, көптеген әлеу­меттік шаралар жүзеге асырылды.
Соңғы үш жылда Қарауыл, Медеу, Тоқ­тамыс, Арқат, Саржал ауылдарында мәде­ниет ошақтары, Қарауылда мектеп, емха­на, балалар бақшасы күрделі жөн­деу­ден өтсе, Саржал ауылында жаңадан орта мектеп салынып жатыр.
Сондай-ақ Саржал, Тоқтамыс ауыл­дарына «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында құбыр тартылып, тұрғындар таза ауызсу­мен қамтамасыз етілді.
Аудан орталығында өздерінің өнегелі істерімен елді ынтымақ-бірлікке, тату­лық­қа шақыратын, ерлік пен өнерге ұм­тыл­ды­ратын Әнет баба, Кеңгірбай би, Шәкәрім қажы, Жәнібек Кәрменов сияқты ұлы тұлғаларға еңселі ескерткіштер орна­тылды.
Балалардың футбол алаңдары, сәби­лер саябағы, скверлер, субұрқақ, бағдар­шам сияқты нысандар салынып, пайда­лану­ға берілді.
Ауданымыз облыс көлемінде рейтинг­тік бағалау жүйесі бойынша 2-інші орында тұр.
Айта берсек, ауданда атқарылып жат­қан игілікті шаралар, ізгілікті істер бар­шылық.
Ал біз облыс әкімі Бердібек Мәшбек­ұлы­ның Абай еліне деген ықыласын, ұлт­жандылығын, қазағым деген қаны бар на­ғыз азамат екендігін көріп, сезінген соң ол кісінің тікелей басшылығымен Абай елінде жүзеге асырылған шаралардың бірне­ше­уіне тоқтала кетсек дейміз.
Өткен жылы Абай ауданында жасалған жұмыстарды көрсетіп, тәжірибе алмасу мақсатында облыстың барлық аудан әкімдерінің, облыстық мекемелер басшы­ларының, бұқаралық ақпарат құралдары­ өкілдерінің қатысуымен облыс әкімі­нің көшпелі мәжілісі аудан орталығы Қа­ра­уыл ауылында өткізілді. Атқарылған жұ­мыс­тармен танысқан басшылар көптеген оңды істерді көкейге түйіп, келешекте жү­зеге асыруды жоспарлаумен аттанды.
Биылғы жылы облыс әкімінің идеясы­мен іске асырылған «Шыңғыстау жәрмең­кесі» ауданның әлеуетін арттыруға бағыт­тал­ған бірегей жоба болды деп ойлаймыз.
Оның мақсаты – аудан халқының негіз­гі тіршілік көзі – мал шаруашылығы бол­ған­дық­тан, қарапайым шаруа қожалықта­ры мен мал сатып алушылардың арасын­да­ғы алшақтықтарды жою, екі жақтың ті­келей қарым-қатынаста жұмыс істеп, мал тұқы­мын асылдандыруды жетілдіру, ең соңын­да өндірілген өнімді өткеру бола­тын..
Осы бағытта аталған жоба өз діттеге­ніне жетті деп ойлаймыз. Өйткені онда 1 млрд теңгеге жуық 115 келісімшартқа қол қойылып, 404 бас ірі қара, 53 мың қой, 56 бас жылқы сатылыпты.
Сондай-ақ облыс әкімі Бердібек Мәш­бек­ұлының тікелей бастамасымен әр жыл сайын бір қала немесе ауданға әлеуметтік нысандарды жетілдіру мақсатында көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп келеді. Дәл осы жұмыс биыл біздің ауданда атқары­лып, Қарауылда алты көше асфальтталып, Кеңгірбай би ауылдық округінде футбол алаңы жасалып, Медеу ауылдық округінің бір көшесіне жарық тартылды.
Бұл қайырымдылық шараға тұрғындар дән риза болып отыр. Осындай игілікті жұ­мыстардың бәрінің бастауында облыс әкі­мі Бердібек Мәшбекұлы тұрғандықтан, көңіліміздегі ризашылық сезімімізді айтпа­сақ, азаматтығымызға сын болар еді деген ой­мен жүрекжарды пікірімізді білдіріп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында сіздердің газеттеріңіз арқылы облыс әкіміне ізгі ниет, ыстық ықыласымызды аудан ардагерлері­нің атынан айтқымыз келді.
Марат Түңілікбаев, Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста