АҚШ-тың әскери жоғары оқу орындарына іріктеу басталады

«2013 жылғы 7 қазан мен 20 қараша аралығында АҚШ әскери жоғары оқу орындарында оқитын кандидаттарды іріктеу басталады» деп хабарлайды Қазақстан Қорғаныс министрлігінің сайты.
2014 жылы Қазақстан Қорғаныс министр­лігі АҚШ-қа төрт қазақстандықты оқуға жібермек. Бұл кандидаттар төрт жыл­дық мерзімде West Point құрлық әс­керлері әскери академиясы, Әскери-теңіз күштерінің академиясы, Әскери-әуе күш­терінің академиясы, Жағалау күзеті ака­демиясы сияқты беделді жоғары оқу орын­дарында білім алатын болады. Кан­ди­даттарға мынадай талаптар қойылады: 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жасы 17-23 аралығында, үйленбеген болуы тиіс. Үміткерлердің орта білім ту­ра­лы аттестатының болуы тиіс. Сондай-ақ олар ағылшын тілін жетік білуі қажет, бұл ретте білімін растайтын сертификаттары немесе дипломдарының болуы міндетті. Бұдан басқа, әскери-дәрігерлік комиссия­дан өту­дің нәтижесі бойынша, болашақ кур­санттар әскери қызметке жарамды болуы тиіс. Іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі: 20 қарашаға дейін Қорғаныс істері жө­ніндегі департаменттерде жеке істер жинақталады. 3-11 желтоқсан ара­лы­ғын­да Қазақстан Рес­публикасындағы АҚШ ел­шілігінің өкілдері кандидаттармен теле­фон арқылы әңгімелеседі. 12-20 жел­тоқ­сан аралығында үміткерлер Қазақстан Рес­публикасындағы АҚШ елшілігінде әң­гімелесу және дене даярлығы бойынша сы­нақ тапсыру үшін Астанаға келеді. Ал­дың­ғы кезеңдерден табысты өткендер 2014 жылғы 31 қаңтардан бастап SAT және TOEFL сынақтарын тапсыратын болады. Үміткерлердің АҚШ жоғары оқу орындарына түскені туралы ақпарат ша­мамен 2014 жылғы мамыр айының ба­сында белгілі болады. Олар 2014 жылғы маусым айының ортасында Әскери ант қабылдаған соң Америка Құрама Штат­тарына оқуға жіберіледі. Жол жүрер ал­дында курсанттар ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру туралы келісім­шарт­қа қол қояды. АҚШ әскери оқу орнын біті­рушілер Отанына оралған соң Қазақстан армиясында ең кемі 10 жыл қызмет етулері керек. Сонымен қатар өткен жылы осын­дай іріктеу нәтижесінде екі қазақстандық АҚШ-та оқуға сертификат алған болатын. Абылай Ахметов Құрлық әскерлерінің West Point әскери академиясына оқуға түссе, Ілияс Камалединов АҚШ Қарулы Күш­тері Әскери-теңіз академиясында білім алуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста