АҚШ сенаторы Қазақстанға қатысты Джексон-Вэник түзетуін жоюды ұсынды

Америкалық сенатор АҚШ Конгресмені Джексон-Вэниктің Орталық Азияның үш еліне қатысты енгізген түзетулерін алып тастауға шақырды. Бұл түзету 1974 жылы "қырғи-қабақ соғыс" кезінде бірқатар елдерге қатысты қабылданған. Ол елдердің ішінде Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аbai.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеттің мүшесі, сенатор-демократ Крис Мёрфи (Chris Murphy) 26 шілдеде "Дипломат" журналына мақала жариялап, "Джексон-Вэник түзетулерін жою Орталық Азиямен тұрақты және қалыпты қатынасты қамтамасыз етеді" деп атап өткен.

 

Ол геосаяси жағдайлардың өзгеріп жатқанына байланысты АҚШ үкіметі Орталық Азиямен қарым-қатынасты кеңейтуі тиіс деп есептейді. Себебі, АҚШ сырттай бақылап отырғанда, Ресей мен Қытай Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанға ықпалын күшейтті дейді.

 

"Өкінішке қарай, қазір қарым-қатынасқа дамуға кедергі болып жатқан федералды заң" деген.

 

1974 жылы конгрессмен Генри Джексон мен Чарльз Вэник Кеңес Үкіметімен сауда-саттықты шектейтін Заңға түзетулер енгізуді ұсынады. Демек, сауда үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалмайды, мемлекеттік несие мен несие кепілдіктеріне тыйым салынады. АҚШ-тан импорталатын тауарларға тиімсіз тарифтер мен алымдар қосылады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері осы Джексон-Вэник түзетулерін алып тастау жөнінде бірнеше мәрте ұсыныс жасалған.

 

Дереккөз: centralasian

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста