Ақбөкендерді жаппай қырып жатқан "Протонның" уы ма?

Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында жаппай қырылған ақбөкендердің жалпы саны 85 мың (!) басты құрайды. Ресми түрде айтылып жатқан себебі – пастереллез ауруы. Қызыл кітапқа енетін ақбөкендердің обалды боп, жаппай қырылуы Қазақстанда бірнеше рет қайталанған. «Алаш айнасы» бұл ретте мамандар не дейді, соны саралап көрмекші...

85 мың деген масқара сан! Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы қырылған ақбөкендер жайына мән беріп, араласқалы жатқаны құба-құп дүние. Мүмкін осыдан кейін бізге – Қазақстан халқына қандай қауіп-қатерде өмір сүріп жатқандығымыз мәлім болар. Бұлай дейтін себебіміз, бұл арада бір гәп бары анық. Өйткені ешқандай маманның пікірінсіз-ақ жаппай құпия жағдайда қырылған киіктердің өліміне қоршаған ортаның, яғни экологияның кінараты себеп болғанын пайымдау онша қиын емес. Бірақ қоршаған орта қандай зиянын тигізіп жатқанын, оның себебі неде екенін қарапайым адамдар біле алмайды. Сондықтан осы жағы бізге ашық айтылмайды.
Негізінен, 1988 жылы Торғай даласында ақбөкендер, ал 1989 жылы Каспий теңізіндегі құстар тура осылайша жаппай қырылып қалған екен. Ал одан кейін 1994 жылы бұл көрініс тағы қайталанады. Бірақ КСРО ыдырап, жалпы елдің экономикалық-әлеуметтік ахуалы қиын болғандықтан бұл факті назардан тыс қалған. 2009 жылы Батыс Қазақстан облысында киіктер тағы да қырыла бастайды. 2010 жылы да осылай болды. Мал дәрігерлер мен зоологтар бұл кезеңдерде де қазіргідей «пастереллез» деген диагнозбен шектелген. Алайда сала мамандары арасында әртүрлі пікір бар.
Мәселен, 1988 жылы зооинженер боп істеген, эколог А.Артықпаев сібір жарасына ұқсас ауру түрі бродзот деген диагноз қойғанын, бұл арада радиологиялық улану болғанын айтып жоғарыға есеп бергенін еске алады. Алайда басшылық бұл табиғаттың қалыпты құбылысы деп «жабық қазанды жылы жабулы» күйінде қалдырғанды жөн көріпті.
Осы кезеңді Артықпаев «Ұлы дала әлемі» қоғамдық ұйымының сайтында 2011 жылы жариялаған мақаласында былайша еске алады: «1988 жылы ақпанда жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік аңшылық инспекторы, мен және тағы бірнеше адам Алматы мен Жамбыл облыстарында өлген бір топ ақбөкенді тауып алдық. Өлген малдан қан алған облыстық эпидимиалогия қызметі шамалап витаминдердің шайылып кетуінен болатын ауру түрі - бродзот (сібір жарасы ауруына ұқсас) деген диагноз қойды. Біздің қызметтік есебімізге басшылық: «қорқынышты дәнеме жоқ, қалыпты құбылыс» деп жауап қатты. Ал мамыр айында ақбөкендер жаппай қырыла бастады. Жергілікті халықтан сұрарстыра келе, бұл жағымсыз құбылыстың 1981 жылдан бері қарай ауық-ауық тұрақты қайталанып отыратындығын анықтадық. 1986-87 жылдары қыста Жезқазған даласында киіктер тағы да жаппай қырылған. Мал дәрігерлері онда да жаттанды диагнозды қояды. Ал маман ретінде мен өлген малдың топ-топ боп жайылып жүрген жерінен химиялық немесе радиологиялық сәулеге ұрынған деп ойлаймын. Себебі малдың бауырында радиоактивті қалдықтар қалыпты нормасынан 4 есе көп тіркелген. Сол кезде Торғай облысындағы жайылымда 5 мың ірі қара мал, 2 мың жылқы, 120 мың қой жайылып жүрген. Бірақ оларды әлгі ауру қалай айналып өткен? Ақбөкендер секілді олар да қырылып қалуы тиіс еді. Сондықтан мен әрдайым бұл оқиғаға күмәндана қарағандықтан, әр жерден жауап іздеп жүретінмін. Бір күні КСРО-ның бас ветеринария қызметі басқармасының 1988 жылдың 8 тамызында 0908/112 нөмірімен тіркелген акті қолыма түсті. Онда «Қоршаған ортаның радиологиялық жағдайын зерттеу керек, өйткені ақбөкендердің бауырының бұлғану деңгейі қалsпты 600 бк/кг-ның орнына 2498 бк/кг құрайды» делінген. Алайда ары қарай зерттеу де, тексеру де жүргізілмеген, барлығы қағаз жүзінде қалдырылған. Марқұм боп кеткен ғалым, Ядролық физика институтының бұрынғы директоры И. Частников былай деген еді: «Көктемде малдар арық болады. Еріген қар суын ішеді. Ал онда зымыран отынының немесе кен өндірісінің, әскери полигондардың қалдықтары болуы мүмкін. Сол секілді жазық даладағы аңдардың барлығы 1963 жылдан бері қарай ядролық сынақтың зардабын тартқан. Сондықтан олардың тұқымының нашарлауы да заңдылық. Осы жағынан алғанда, бұл арада жан-жақты зерттеу керек» деген еді».

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев болса, көп жылдар бойғы аңшылық тәжірибесіне сүйене отырып, ақбөкендерді қырған «Протонның» уы деп санайды. Табиғат жанашыры Фейсбуктегі жеке парақшасында өз ойын нақтылайтын мынандай фактілерді келтіреді:
1) «Протон» зымыран тасығышының ұшу траекториясы Төретамнан батысқа қарай Қоскөл, одан соң Арқалық қаласы, оңтүстікке қарай Ақмола облысы, солтүстікке қарай, Қарағанды облысы, одан ары Алтай өңірі, Байқал көлі деп кете барады. Демек, жаппай қырылған ақбөкендер аумағы «Протонның» ұшу траекториясына сайма-сай келеді;
2) Сол секілді туар кезінде ақбөкеннің ұрғашылары бөлініп кетеді, ұрғашыларының бөлектей қырылуына осы себеп;
3) 2010 жылы «Капустин Яр» әскери полигонында зымыран отыны ағып кеткен. Осыдан соң оған көршілес жатқан Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер (3 мың бас) қырылады. Бірақ ол кезде Бетпақдаладағы киіктер дін аман еді.
Ал қазір «Протон» құлаған соң Бетпақдалада ақбөкендер жаппай өліп жатыр. Батыстағылары болса, дін аман. Бұл арада мынандай заңды сауалдар туындайды: Пастереллез деген ауру неге полигондар маңайын жайлайды, әлде ол апаттан соң ғана малдарға «шабуылдауды» жөн көре ме?

www.facebook.com/seimargulan
Қалай дегенмен де бұл іске БҰҰ мамандары араласпақшы екен. Өйткені ақбөкен сирек кездесетін жануарлар қатарына жатады. Негізінен жайлайтын елді-мекені де біздің өңір боп табылады. Сондықтан халықаралық қауымдастық ақбөкендердің неден қырылғанын зерттеуге ерекше құлық танытып отыр. Егер олар Протонның немесе тағы басқа сыртқы әсер «табын» тапса, онда ақбөкендер өлімі үлкен халықаралық дауға ілік боп кетуі де ықтимал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста