Апта ішінде елімізде бірнеше кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Өтіп бара жатқан аптада Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттердегі Қазақстанның елшілерін тағайындады. Сонымен қатар, биліктің жергілікті органдарында да бірқатар кадрлық тағайындаулар болды деп хабарлайды Қазақпарат.
Осы аптаның басында Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның Үндістандағы, Иорданиядағы және Катардағы елшілері тағайындалды. Осылайша, Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;
Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
6 қазанда Алматы облыстық сотының жалпы отырысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №917 Жарлығымен Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасы қызметіне Советхан Сәкенұлы Сәкенов және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне Жанар Мұхадиқызы Ибрагимова тағайындалды. Бұған дейін С.Сәкенов Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы лауазымын атқарған.
7 қазанда Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Мұхтар Жұмағазиев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Осыған дейін бұл қызметте болған Марат Тағымов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына сайланғандықтан қызметінен босатылды. Мұхтар Жұмағазиев ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешенінің даму мәселелерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, әскери-жұмылдыру жұмыстарын және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою, қылмыспен күрес және т.б салаларға басшылық жасайтын болады.
7 қазанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен екі комитеттің төраға орынбасарлары тағайындалды. Бұйрыққа сәйкес, Дәулетияр Сахидуллаұлы Сейтімбетов және Болат Қабыкенұлы Бекнияз Қазақстан Республикасы АШМ су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары лауазымындарына тағайындалды. Сондай-ақ, Нариман Талғатұлы Жүнісов және Қайрат Жанғабылұлы Үстеміров Қазақстан Республикасы АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасарлары болды.
8 қазанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өкімімен облыстық туризм басқармасының бастығы болып Самат Қуанышбекұлы Жаңабай тағайындалды.
10 қазанда Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" ММ басшысы болып Сәуле Бөкейханқызы Бурбаева тағайындалды.
11 қазанда ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Петропавл қаласының әкімі болып Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов тағайындалды. Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов 1971 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының Андреевка ауылында дүниеге келген. Көкшетау ауыл шаруашылық институты мен Алматы экономика және статистика институтын ғалым-агроном, экономист мамандықтары бойынша бітірген. 2006 жылдан осы күнге дейін СҚО-дағы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды басқарды.
NUR.KZ сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста