Америкалық ұлтты ұйыстырған – үш фактор

Америкалық ұлтты ұйыстырған – үш фактор

Біз ғана емес, бүкіл әлем үлгі тұтатын Америка Құрама Штаттарының көпшілік үңіле бермейтін, өзіне ғана тән ерекшеліктері көп. Өмірінің соңына дейін жаңа заман футурологтарының алдыңғы қатарында жүрген Самюэль Хантингтон жан-жақты зерттеулерге негізделген өзінің «Біз кімбіз?» атты еңбегінде Американың ұлттық идентификациясының мәселесін, америкалықтардың ұлт болып ұйысуын, ішкі проблемаларын зерделеген. Жер бетіндегі барлық нәсілдің, әрбір ұлттың, түрлі діннің өкілдері мекендейтін мемлекет ғасырлар бойы өзінің елдігін сақтап қана қоймай, қарыштап дамып келеді. Әлемдік саясаттағы басты ойыншыға айналған мемлекеттің бірлігі неде? АҚШ идеологиясы дегенде қауашағымызға «америкалық арман», «индивидуализм», «прагматизм» түсініктері елестейтіні сөзсіз. Алайда бұлардың өзі жеткіліксіз. Біздіңше, құрама штаттар халқын ең басты үш нәрсе біріктіреді. Олар: тіл, білім, еңбек.

Қырық құрам ұлттың тірегі – тіл
Біріншіден, бүкіл америкалықтарды ұйыс­тырып отырған ең негізгі фактор – тіл. Ағыл­шын тілін о баста ортақ қатынас тіліне ай­налдырған америкалықтар ұтпаса, ұтыл­ған жоқ. Әдебиетте, ғылымда, экономика мен мәдениетте жетістіктерге жеткен ағыл­шын тілі еркіндікті қалап барған жаңа ұлт­ты біріктіріп қана қоймай, жаңа жетістіктер­ге жа­қындата түсті. Бұл елдегі 300 млн ха­лықты ұлтына, дініне қарамастан, мидай араластырып жіберген де – осы ағылшын тілі. Біз бұған дейін ел астанасы Ва­шинг­тон­да, Орегонның ең үлкен шаһары Порт­ленд­те болдық. Сонда байқағанымыз, әр штат­тың бір-біріне ұқсамайтын ерек­ше­лік­тері анық байқалды. Ертеректе қоныс ау­дар­ған осы елдің екі азаматы бізге тіл­маш­тық қызмет көрсетіп жүр. Олардың ай­туын­ша, әрбір штаттың менталитеті әртүрлі. Қазір оңтүстік штаттардың бірі Аризонаның Тусон қаласындамыз. Бұл жер Мексикаға жақын орналасқандықтан, кез келген жер­ден испан тілінде сөйлесіп жүрген адамды кез­дестіресіз. Ацтектермен арадағы ше­ка­ра 60 миль ғана болғандықтан, алыс-беріс жоғары деңгейде.
Халқының көпшілігі екі тіл біледі. «АҚШ-та испантілділердің ықпалы кү­шейіп келеді» деп Самюэль Хантингтонның айтып кеткені сол шығар. Көшедегі халық өзі білетін тілде қауқылдаса береді. Бірақ бар­лық штатта құжаттар, халыққа қызмет көр­сету орталықтары ағылшын тілінде ғана жүргізіледі. Тынық мұхитының жа­ға­лауын­дағы Портлендте қара нәсілділерден гөрі, азиаттар көп. Жапония, Оңтүстік Корея жақын болғандықтан ба, күншығыс елінің өкілдері, корейлер басымырақ. Солардың барлығы да, сайып келгенде, ағылшын тілі­не бағынады. Яғни ағылшын тіліне қа­жет­тілік жасалған. Тілдің қаншалықты құ­ді­ретті екенін адамзат баласының басы қо­сылып, қуатты ұлтқа айналғанын аме­ри­калықтар осылай дәлелдеп отыр.
Білім мен ғылым да – біріктіруші күш
Екінші фактор – білім. Бұл жерде «білім» ұғы­мының философиясын тар ма­ғы­на­сын­да емес, кеңірек түсінген жөн сияқты. Америкалықтар өздерінің біліміне сүйене отырып, саналы түрде қабылдаған заңдарына аса құрметпен қарайды. Кез келген федералды һәм штат деңгейіндегі заң олардың өміріне тікелей қатысты. Себебі олар қажетті құжатты әлдебір мем­ле­кеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, қай елде қандай заң жемісті болғанын зерт­теп жүріп қабылдамайды. Оларда заң қа­былдау өте қарапайым процестер ар­қы­лы жүзеге асырылады. Алдымен қоғам мү­шелері белгілі бір проблемалармен бетпе-бет келеді. Оны шешуге мүдделі аза­­­маттардың қатары көбейеді. Өздері ті­ке­­лей сайлаған Конгреске шығады. Ха­лық­тың қалауына ие болған өкілдер заң қа­был­дайды. Яғни құжатты күнделікті кез­десіп жүрген проблемаларын шешу үшін ғана қабылдайды. Сондықтан да аза­мат­та­рының құқықтық сауаты жоғары. Халық ара­сында қоғамдық қатынастарға бей-жай қарайтын, елдің саяси-экономикалық жағдайына зейін қоймайтын азаматтар кемде-кем. Әркім – өз саласының маманы. Бір ғана мысал келтіре кетсек, биылғы жыл­­дың басында Аризона штатының Тусон қаласында Конгресс өкілі Габриэль Гиф­форд­с­қа қастандық жасалды. Басынан қат­­ты жарақат алған депутаттың өмірі қыл үстінде тұрғанда жергілікті медицина уни­вер­ситетінің дәрігерлері ота жасап, сол жақ миының бір бөлігін алып тастады. Қаң­тар айында ғана бүкіл әлем өлдіге санаған Конгресс мүшесі маусым айында ая­ғынан тұрыпты. Міне, бұл – бір штаттың түкпіріндегі қаланың ғана (штат астанасы да емес) мамандарының жұмыс нәтижесі. Бұдан кейін халықтың ғылымға, білімге деген сенімі артыпты. Бұл елдегі ғылым мен білімнің қоғамды біріктірудегі рөлі орасан.    
Еңбек бәрін де жеңбек
Еңбектің қадірін қазақтан артық білетін ха­лық жоқ шығар. Бірақ айтып қана қой­май, ісімен дәлелдейтін америкалықтарды қазіргі деңгейге жеткізген еңбек десек, қа­телеспеспіз. Мұнда қарапайым такси жүр­гі­зушілері мен еден жуушылардың өзі жұ­мы­сына аса жауапкершілікпен қарайды. Көз­бояушылық жоқ, әркім өз ісін ынты-шын­тысымен істейді. Көше сыпырса да, өз елінің игілігі үшін қолғабыс тигізіп жүрмін деген нық сенім бар. Еңбектің қадірін тү­сін­ген халық көше сыпырушының жұмысын бағалап, қалдықтар тастамайды. Әркім өз саласының маманы болуға асығады. Мем­ле­кет те тиісінше, еңбектеріне сай жалақы төлейді. Мысалы, бір ғана Аризона шта­ты­ның полицейлерінің айлық жалақылары 5 мың доллардан асады екен. Еңбекке де­ген құрмет жемқорлықтың да алдын ала­ты­нын АҚШ-тан көруге болады. Біреудің адал еңбегін жеу, жеңілдің астымен, ауыр­дың үстімен жүру де – жат қылық. Еңбек қа­тынастары да, осылайша, АҚШ аза­маттарын тұтас бір ұлтқа айналдырып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста