Әлемдік нарықта теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдердің рөлі артады

Әлемдік нарықта теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдердің рөлі артады

Кеше Алматыда Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ 30 елдің сауда министрлерінің төртінші кездесуі болды. Шараға БҰҰ-ға мүше мемлекеттер, халықаралық ұйым мүшелері қатысты. Жиында әлемдік экономикада географиялық қолайсыз жағдайдағы елдердің толық бірігуіне қол жеткізу мақсатында  халықаралық сауда келіссөздерінде негізгі ұстанымды айқындап, теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ елдердің сауда әлеуетін нығайту жайы талқыланды.
Расында, бүкіл әлемде теңізге шы­ғуға мүм­кіндігі шектеулі 40 шақты елдің мәселесі бүгінде өзекті болып отыр. Оның ең көбі Африка, Еуропа мен Азияда екен. Ал екеуі – Латын Америкасында. ТМД ел­дері ішінде Армения, Әзірбайжан, Түрі­к­мен­стан, Өз­бек­стан, Қырғызстан мен Тә­жік­станның теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ. Де­генмен Еуропадағы те­ңіз­ге шыға алмай­тын елдердің да­мушы емес, дамыған елдер екенін ескерген жөн.
БҰҰ-ның тақырыптық жоспа­рына сәй­кес, бұл кездесу 2014 жы­лы өт­кі­зілетін те­ңізге шығуға мүм­кіндігі жоқ ел­дердің Алматы іс-қимыл бағ­дар­ламасын қарас­ты­ру бо­йынша 10-ыншы жазғы кон­фе­ренцияға да­йындық бо­лып отыр.
Бағдарламаның басым бағыт­та­­ры – ДСҰ Дамушы және тран­зитті елдердің шұғыл кіру бағ­дар­ламасында қарасты­рыл­ған ха­лық­аралық сауданың дамуына ықпал ету, дамушы және транзитті елдер экспортының барлық нарыққа енуін оңайлату, ДСҰ-да келіс­сөздер мен сауда проце­ду­ра­ларын оңтай­лан­ды­руға жәрдем беру, шекара бекет­те­рінде сауданы жақ­сарту, халық­аралық ке­­лісімдер мен кон­­­­венцияларды тиімді жүзеге асы­ру, жеке сек­торды қос­қанда ірі стейкхолдерлер (ак­цио­нер­лер) үшін комитеттер мен ұлттық сау­да және көлік кеңестерін күшейту. Эко­номикалық даму және сауда ми­нистрі Бақытжан Сағынтаев атап өт­кендей, министрлер кез­десуі әлемдік сау­дада теңізге шы­ғуға мүмкіндігі жоқ ел­дердің рө­лін арттырып, бұл ел­дер­дің сау­да-саттық, транзит, көліктік-ло­­гисти­калық әлеуетін арт­ты­­руға мүм­кіндік береді. «Теңізге шы­­ға ал­майтын, эконо­микасы арт­та қалған ел­­дердің дамуына ық­пал­дас­тық жа­сау үшін БҰҰ олар­дың өз өнімін теңіз ар­қылы өз­ге ел­дердің нарығына шы­ға­руы­на кө­мек көрсетуде. Мұндай кез­­десу­лер, конферен­ция­лар бұл елдерге инфрақұры­лым­­дық өзге­рістер енгізіп, кедендік, әкім­шілік ке­дер­гілерді жоюға әрекет жа­сауда», – деді Бақытжан Сағын­таев. Со­ны­мен бірге ол ДСҰ-ға кіру Қа­зақстанның басым бағыт­тары­ның бірі екенін атап өтті. «Ал­маты іс-қи­­мыл бағдарламасы қа­был­дан­ғалы бері Қа­зақстан көлік және логистикалық ин­фра­құры­лым­ды дамыту, жетілдіру бағы­тын­да, сон­дай-ақ халықаралық сауда­ның да­муында көптеген кедергіні ең­серіп, айтар­лық­тай жұмыстар­ды ат­қарды. Қазақ­стан өзінің гео­гра­фия­лық орны мен эко­но­ми­ка­лық әлеу­етіне, та­ри­хи дәс­­­түр­­леріне сай әлемдік ха­­лық ша­руашылығы жүйесі мен ға­лам­дық экономикалық процес­тердің халықаралық интегра­ция­лауының белсенді жақтаушысы бо­лып та­бы­ла­ды», – деді Б.Са­ғынтаев. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Ома­ровтың айтуынша, еліміз Алматы іс-қимыл бағдарла­ма­сы­ның және Алматы декла­ра­ция­сы­ның бастамашысы ретінде теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің қызметін үй­лестіруді одан әрі жалғастыра бер­мек. «БҰҰ Бас ассамблеясының қа­ра­рына сәйкес, 2014 жылы Алматы әре­кеттестік бағдарламасын жүзеге асы­рудың 10 жылдық жұмысы қо­ры­тын­ды­ланады. Оның нәтижесі бо­йын­ша ғалам­дық конференция өт­кізуді жоспар­лап отырмыз. Бұл теңізге шы­ға алмайтын елдердің қы­зы­ғушы­лығын қорғауда халық­аралық ын­тымақтастыққа қосым­ша серпін бермек. Қа­зақстан те­ңізге шыға ал­май­тын ірі мем­ле­кет ретінде ашық те­ңізге тауар та­сы­малдаудың еркін қол­жетім­ділігін шешуді басым­дықтардың қа­тарына қояды», – деді Қай­рат Омаров.
Сауда министрлерінің төртінші кез­десуінде Астана EXPO – 2017 ха­лық­аралық маман­данды­рыл­ған көрмесін өткізуге қазақ­стан­дық өтініш таныстырылды. Оты­­рыстың қо­ры­тындысы бо­йын­ша министрліктердің дек­ла­рациясы қабылданды. 
Нам Виякет, Лаос Халықтық Де­­мо­кратиялық Респу­бли­касы­ның өнер­кәсіп және сауда министрі, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер тобының төрағасы:
– Теңізге шыға алмайтын елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тауар айналымын өсіріп, әлеуетін арт­ты­рады. Қазір біз өз әлеуетімізді толық пай­да­ла­на алмай отырмыз. Көліктік тасы­малда зор шығындарға ұрынып отыр­мыз. Сондықтан бұл шығын­ды азайтып, ғаламдық нары­қ­тар­ға шығу үшін атқаратын жұмыстар әлі өте көп. Біз теңізге шыға ал­май­­тын елдерге өз мақсаты­мызға қол жеткізу үшін нақты әрекеттер жасауды ұсынамыз. Біздің да­му­шы елдер үшін зерттеу орта­лығын құруды жоспарлап отыр­мыз. Одан кейін барлық елді ке­лісімді рати­фикация­лауға ша­қы­руды көз­деудеміз.
Мануэл Мария Касерес, Парагвайдың сыртқы істер министрлігінің экономикалық мәселелер жөніндегі вице-министрі:
– Осыдан 10 жыл бұрын Ал­ма­ты іс-қимыл бағдарламасын қа­был­даған болатынбыз. Бұл бағ­дар­лама теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдердің алдағы өмі­рінде маңызды рөл атқарады деп ой­лаймын. Бүгінгі тақырыптар біз­дің Парагвайда да кеңінен тал­қы­ланады және бізге жауап­кер­шілік жүк­тейді. Біз әлі күнге дейін дағда­рыс­тың салқынын сезініп отыр­мыз, экономика саласында шектеулер мен қиындықтар өте көп. Сол се­беп­ті де әлемдік на­рық­қа еркін қол жеткізіп, жан-жақ­ты сауда-сат­тықты да­мытуға мүд­деліміз. Теңізге шы­ға ал­май­тын дамушы ел­дер БҰҰ аясында бірлесіп, өз­де­рінің экономикалық да­муы үшін қиын­дықтарды ең­се­ріп, кем­ші­ліктермен күресуі тиіс.

Гьян Чандра Ачарья, БҰҰ бас хатшысының орынбасары:
– Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ ел­дер тасымал мәселесін шешіп, ин­фрақұрылымды жақсартуы, ин­вес­тициялауды ынталандыруы ке­рек. Бұл арада экспорттың әр­келкі бол­мауы әлемдік нарыққа шы­ғуға қиындық келтіріп отыр. Сон­дықтан бізге халықаралық қа­уым­дас­тық­тың қолдауы керек. Ха­лық­аралық ко­митеттер теңізге шы­ға алмайтын елдердің әлеуетін қол­дауға бағыт­тал­ған белгілі бір бағ­­дарлама қа­былдауы қажет деп санаймын. Осы­ның нәтиже­сінде ғана өз мақ­сатымызға жете аламыз.

Валентина Ругвабиза, Дүние­жүзілік сауда ұйымы бас директорының орынбасары:
– Өзім теңізге шығатын мүм­кіндігі жоқ елдің өкілімін. Әлемдік эко­номикада жаппай жұмыс­сыз­дық өршіп тұр, экономикалық өсім тө­мендеп жатыр. Әлемдік дағда­рыс­қа қарамастан, дамушы елдер­дің экономикасы мен жалпы ішкі өні­мінің өсуі жалғасып жатыр. Әлем бойынша соңғы жылдары те­ңізге шығатын мүмкіндігі жоқ ел­дердің ЖІӨ көлемі 3 пайыздан 6,6 пайызға артқан. Осындай оң өз­герістер, жағымды тенденция бай­қалуда. 2000 жылы экспорт кө­лемі 30 млн болса, қазіргі кезде 100 миллиардқа жетті. Дегенмен теңізге шыға алмайтын елдердің бұрынғы қиындықтарына қоса, жаңа күрделі мәселелер қосылып отыр. Географиялық жағдайларды ескере отырып, әлемдік нарықта қалыптасқан протекционизмге қар­сы шаралар қабылдауымыз ке­рек. ДСҰ-ға кіруге қатысты туын­­дайтын мәселелерді шеш­уі­міз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста