Әлемде 500 мыңға жуық жасөспірім қару асынып жүр

Әлемде 500 мыңға жуық жасөспірім қару асынып жүр

ЮНИСЕФ-тің 2014 жылды қорытындылаған баяндамасында «2014 жыл – әлем бойынша балалар үшін тарихта тұңғыш рет ең ауыр жыл атанды» делінген. Бұл ретте олар ресми құжаттарға жүгінген, яғни соңғы жылдары тым өршіп кеткен қарулы қақтығыстарға қатысты түрлі деректерді алға тартып отыр. Балалар басына түскен ауыртпалық тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарындағы зардаптан да асып түссе керек. Өйткені қазіргі заманғы соғыс екі ел арасында емес, көбіне өз іштерінде, яғни атыс-шабыс негізінен елдімекендерде орын алып жатады. Демек, қарапайым халыққа төнген қауіп-қатер деңгейі жоғары. Қарулы қақтығыс құрбандарының аш-жалаңаш қалып, өлім-жітімнің көбейіп кеткені өз алдына үлкен тақырып. Оған кейінірек тоқталамыз. Біздің алдымен айтқалы отырғанымыз – ойын баласының қатыгез жандайшапқа айналып бара жатқандығы. Ал барған сайын көбейе түскен мұндай «шаш ал десе, бас алатын» құбыжық балалар радикалды күштердің - «өнімдері». Балалық шағын ұрлаған олардан қалай құтқарамыз ұрпағымызды?
Соңғы кездері түрлі радикалды күштердің өз әскерлерін жасөспірім балалар есебінен еселеп отырғаны жиі айтылып кетті. БҰҰ іспетті әлемдік деңгейдегі ұйымдар дабыл қағуда. Мәселен, «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қатарында 8 жастағы балалардың да жүргендігі туралы ақпарат кімді болса да елең еткізбей қоймайтыны анық. Айта кетейік, бұл жағымсыз жаңалықты әлемдік БАҚ-тар арқылы жария еткен - БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун. Оның балалар мен қарулы қақтығыстарға арналған 2014 жылғы жылдық есебінде «сегіз жасар жеткіншектер жихадшы ретінде арнайы әскери дайындық пен идеологиялық әзірліктен өткізіледі екен» делінген. «Оларға 200 АҚШ доллары көлемінде ақша төленеді» дейді бас хатшы. Пан Ги Мунның айтуынша, Сирия - балалар үшін ең қауіпті елге айналып отыр. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сүйенсек, 2011 жылы басталып, осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан үкімет әскері мен бүлікшілер арасындағы қақтығыстар кезінде 10 мыңнан астам бала өлген.
Тағы деректі алға тартсақ, 2002 жылы құрылған Нигерия еліндегі ислам ұйымы «Боко Харам» халықаралық террорист деген атағы бар Абу Мусаб аз-Заркауи тәсілдерін қолданатын көрінеді, яғни «тірі бомба ретінде бүлдіршін қыз балаларды пайдаланады» дейді ақпарат көздері. «Өйткені, кішкене бала, оның үстіне қыз бала еш сезік тудырмайды» деп санайды «Боко Харам». Нигерияда соңғы кездері өзін-өзі жарып жіберетін террористер қатары көбейіп барады. Айта кетейік, 2013 жылы осындай үш лаңкестік оқиға тіркелсе, 2014 жылы ол 35-ке дейін артқан. Құзырлы орындардың тексерулерінің нәтижесінде анық болғандай, «Боко Харам» өлімге екі бірдей қыз баланы қатар жіберетін көрінеді.
Баршаға аян, Шығыс Африка мемлекеті Сомалидегі азаматтық соғыс 20 жылдан бері жалғасып келеді. Билікке таласып жатқан «әл-Шабаб» ұйымы былтыр «Әл-Каидаға» қосылған болатын. Міне, осы «әл-Шабаб» құрамында да жасы кәмелетке толмағандар көптеп саналатын көрінеді. БҰҰ анықтағандай, қару асынған балалар санынан Сомали әлемде қазір бірінші орында тұрса керек. БҰҰ Сомали билігіне балаларды демобилизациялау туралы ұсыныс жасаған екен, еш жауап жоқ.
ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, 15 жастан төмен балаларды әскери мақсатқа пайдалануға тыйым салатын Балалар құқығы жөніндегі халықаралық конвенцияға (құжат 2002 жылы қабылданған) екі ел ғана қол қоймапты: Сомали мен АҚШ.
Жалпы айтсақ, соғыс болып жатқан кез-келген аймақта қару асынған баланы көру таңсық болудан қалған. Әсіресе Африка елдері үшін. Әлі оң-солды ажырата алмайтын балалардың қолдарына қаруды саналы түрде алмайтыны белгілі. Олар тек бұйрықты бұлжытпай орындауға үйренген, анығы үйретілген. Көпшілігін ата-анасынан ұрлап әкететін көрінеді. Африка елдері көшелерінде не қолы, не аяғы жоқ балалар қаптап жүрсе, солардың барлығы соғыс құрбандары.
Сенсек, қару асынғандардың әрбір оныншысы – бала. БҰҰ-ның балалар қоры таратқан дерегі бойынша бүгінгі күні 500 мыңға жуық жасөспірім қару асынған. Оларға негізінен АК-47 мен М-16 автоматтарын береді екен. Өйткені бұл қарулар жеңіл әрі қолдануға ыңғайлы. Психологтар «әскер-бала тез үйретіледі және айтқанды бұлжытпай орындайды. Қарулы топтар үшін әскер-баланың тағы бір тиімді жағы – оларға көп шығынданбайды, яғни басым бөлігіне ақы төлемейді. Мұндай жаста адамды адамгершіліктен тайдыру да анағұрлым оңай» деген пікірде. Кім біледі, рас болса, «әскер-бала барған сайын жасарып, жеті жасқа дейін төмендеп кеткен» дейді сарапшылар.
Уганда мелекетінің азаматшасы Ханна Кейтетсидің басынан өткен оқиға аңызға айналып кетті. Оны Уганда әскері 9 жасында ұрлап әкетіп, тұтқындарды өлтіруге, азаптауға мәжбүрлеген. Тек үш жылдан кейін БҰҰ-ның көмегімен Ханна қашып құтылған. Ол өзінің «Олар менің анамды ұрлап әкетіп, менің қолыма қару ұстатты» атты мемуарында қандай қорлық көргенін, яғни еркектердің өзін әйел ретінде күшпен пайдаланғанын да ашық жазған. Енді бір жасөспірім былай деп бастапты естелігін: «бізге тұтқынның алдымен екі көзін ойып алуға, бір сағаттан кейін қолын шабуға, енді бір сағаттан кейін аяғын кесуге бұйрық береді. Содан кейін тұтқын өледі». Сұмдық!
Қазір әлемнің 40-қа жуық елінде қарулы қақтығыстар орын алуда. Демек, 40-қа жуық елдің балалары қиын жағдайда өмір сүруде. Ер балаларды адам өлтіріп, жасөспірім қыздарды сексуалды қызмет көрсетуге мәжбүрлейтіндері былай тұрсын, араны ашылған ұлы державалар текетіресі, яғни геосаясат тақтасындағы олардың «ойыны» жер бетіндегі миллиондаған балаларды аш-жалаңаш қалдырып отыр. Соңғы 10-15 жыл бедерінде қарулы шиеленіс салдарынан 2 миллионға жуық бала қаза болып, 1 миллионнан астамы жетім қалған. Ал алты миллионы қазір мүгедек. Ең өкініштісі – бала құқын қорғаушы халықаралық ұйымдар қауқарсыз. Өйткені әрбір қарулы даудың артында ірі державалар тұр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста