Абылай орыс пен қытайдың боданын қабылдады деген әңгіме еш қисынға келмейді

Абылай орыс пен қытайдың боданын қабылдады деген әңгіме еш қисынға келмейді

Абылай ханның туған жылына байланысты әртүрлі деректер бар. Абы­лай­ды бірі 1711 жылы туған десе, енді бірі 1713 жылды алға тартады. Сол себеп­ті біреулер биыл Абылай ханның туғанына 300 жыл толып отыр десе, ен­ді бірі ол мерейтой 2013 жылы болады дейді. Десек те, қай жылы туса да, бабаның осынау мерейтойы қарсаңында елімізде дүбірлеп өтіп жатқан той­ды көрмедік. Осындайдан кейін «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның ба­сына шабасың ба?» деген заман өтіп кеткен екен-ау деп ойлайды екенсің.
Десек те, кеше Астанадағы респуб­ли­калық «Ұланда» ханның мерейтойына орай «Абылай хан тұлғасы және мемле­кеттік мүдде» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл ша­раны Астана қаласының әкімдігі, «Қа­һарман ұрпақ» қоғамдық қоры және Рес­публикалық «Ұлан» өткізіп отыр. Дөңгелек үстел­дің модераторы Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық университетінің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының ди­ректоры, профессор Дихан Қамзабектің ай­туынша, бұл дөңгелек үстел Абылай хан­ның 300 жылдығына орай Астанада өтіп отырған шаралардың біріншісі екен. Әкім­діктің осындай шараға бастап мұрындық бол­ғанына қуандық.
Дөңгелек үстелде жасалған баяндама­лар Абылай ханға қатысты тарихтың біраз пара­ғын ақтарып тастады. Ұлттық инженер­лік академиясының корреспондент-мү­шесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Бақытжан Тобаяқов Абылай ханның тұсында жауға шапқан батырларды түгендеп баяндама жасады. Абылайдың батырлары дегенде, негізінен, ең бірінші Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабан­бай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай батырлар ойға оралады. Десек те, Абылайдың тұсында елге пайдасы, жауға найзасы тиген батырларымыз да бар. Бұл батырлар жайында насихат әлі де болсын аз. Мәселен, солардың ішінен Нияз батыр Барқыұлын айтуға болады. Бақытжан Тобаяқовтың келтірген дерегі бойынша Нияз батыр Төле бимен қалмақтардың қо­лында тұтқында жатқан Абылайды босатуға бар­ған екен. Тағы бір аты аталмай жүрген батыр­дың бірі – Құлсары батыр. «Құлса­ры­ның Абылай ханның ең сенімді батырла­рының бірі болғанын айғақтайтын деректер бар», – дейді Бақытжан Тобаяқов. Сонымен қа­тар, Нұрмұхамбет Жанқожа, Сеңкібай ба­тыр, Байғозы, Өтеген батырларды да Абы­лай ханның батырлары деп атауға бола­ды.
Бүгінде бізде Абылай ханның бейнесін толықтай ашатын әлі күнге дейін бірде-бір көркем фильм жоқ. Ханға арнап түсірген «Көшпенділер» фильмі сыннан көз ашқан емес. Бұл фильмге халық қаһарманы, гене­рал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың да көңілі толмаған екен. «Біз тарихты келешек ұрпаққа дұрыс жеткізуіміз керек. Абылайды тек бір ғана қырынан емес, оның батырлы­ғын, дипломаттығын, мемлекетшілдігін дұрыс дәріптеуіміз қажет», – дейді ол.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры, тарих ғылым­дарының докторы Мақсат Алпысбес Абы­лай ханға қатысты даулы-дамайлы мәсе­лелердің басын ашып берді. Ол Абылайдың 1713 жылы туғанын дәлелдейтін негізгі үш дерекке сүйеніп, Абылайдың 300 жылдығы 2013 жылы болады деп отыр. Сондай-ақ бүгінде қазақ тарихшыларының арасын­дағы Абылайдың төре, төре емес екеніне қатысты да түрлі пікірлер бар. Бұл мәселеге қатысты ол Шәді төре Жәңгірұлының Абы­лайға қатысты жазған деректерін алға тартып, оның төре екеніне күмән келтіруге болмайтынын айтады. «Абылайға қатысты біздің тарихта айтылып жүрген тағы бір өтірік бар», – дейді ол. Оның айтпақ болған мәселесі – Абылайдың біресе орыстың, біресе қытайдың боданын қабылдағаны туралы өріп жүрген әңгімеге қатысты. «Бұл мәселе Моисеевтің еңбегінде жақсы айтылған. Абылай орыстың да, қытайдың да бодандығын қабылдаған адам емес. Оны Левшиннің жазбаларынан да аңғаруға болады. Ол былай жазады: «Алайда, Абылай мұндай жағдайда ант беруден бас тартып, табандап тұрып алды. Осылайша, Ресейдің оған қойған талап-тілектерінің бәрі сәтсіздікке ұшырады», – дейді. Шоқан Уәлиханов та: «Абылай ант беру үшін орыс­тың шекарасына барғысы келмеді. «Мені хан етіп халық сайлап, көктің ұлы өзі сеніп, хатымен бекітті», – деп жауап берді Абы­лай», – дейді. Сондықтан да «Абылай орыс пен қытайдың боданын қабылдады де­ген әңгіме еш қисынға келмейді», – дей­ді Мақсат Алпысбес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста