Шынайы ақпараттар ғана елдің ішкі бірлігіне кепіл бола алады

Есенжол АЛИЯРОВ, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдар докторы:

– Есенжол мырза, Президентіміз бірде «біз қазақстандық эфирді шетелдік хабарлармен тұмшалап тастадық. Қандай ел өзінің ақпараттық кеңістігін өзгелерге беріп қойып қарап отырады? «Хабарды» Англияда ашып көріңіз. Мүмкін бе осы? Бізде әркім білгенін жасап жүре береді. Сондықтан бұл саланы ретке келтіруміз керек және соны ұғындыру үшін үлкен жұмыстар атқаруға тура келеді» деген еді. Әңгімемізді өзіңіз зерттеген осы ақпараттық қауіпсіздік саласынан бастасақ. Біздің елімізде ең нәзік саланың бірі – ақпараттық қауіпсіздік қаншалықты сақталып отыр?
– Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі – жіті көңіл бөлуді қажет ететін күрделі саланың бірі. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолға алынатын кейбір шаруалар сөз бостандығын да шектеуі мүмкін. Бұрын­дары газет-журналдар мен телеарналар арқылы ақпарат алатын халық қазіргі кезде ғаламтордың қуатына көбірек сүйенетін болды. Ғаламтордағы әлеуметтік желілер­дің қандай орасан күшке ие болып жатқа­нын сіз бен біз жақсы біліп отырмыз. Интернетке деген қолжетімділік күн санап артып келеді. Кез келген адам қажетті ақпаратты ұялы телефоны арқылы алатын уақытқа жеттік. Кез келген мәселе терең зерттелмей жатып ақпарат құралдарына шығып кетсе, үлкен қауіп төнеді. Бір мемле­кетке ғана емес, өркениеттер арасында үлкен соғысқа ұласуы мүмкін. Осыдан 5-6 жыл бұрын Данияда бір газет Мұхаммед Пайғамбарымызды мазақ етіп, карикатура салғаны естеріңізде шығар. Ақпаратты жылдам алмасатын қазіргідей жағдайда бұл үлкен қауіп төндіреді. Мұсылмандар мен өзге дін өкілдері арасында келіспеушілік орын алып, жанжал туындаудың аз-ақ ал­дында қалды. Сондықтан қазір әрбір мем­лекет өзінің ақпараттық қауіпсіздігін сақтау­ға мүдделілік танытып отыр. Ақпараттан басталып, салдары әлемдегі түрлі оқиға­ларға ұласып жатқан жағдайлар аз емес. Ақпараттық қауіпсіздік елдің ішкі бірлігіне де ықпал етеді. Сондықтан билік халықпен ашық сөйлескен жағдайда ішкі қауіпсіздік нығая түседі. Ал егер халықтан жасырып қалған кейбір мәліметтер болса, ол бұқа­раның құлағына бәрібір жетеді. Және ол мүлде мағынасын өзгертіп жетуі мүмкін. Естеріңізде ме, осыдан біраз бұрын «жері­міз шетелге сатылып жатыр екен, Қытай еліміздің шығысындағы жер телімдерін жалға алып, кейін меншіктеп алады екен» деген сияқты дәлелденбеген мәліметтер қоғамды кезіп жүрді. Халық біраз дүрлікті. Қытай консулдығына барып наразылық білдіргендер де табылды. Кейіннен Мемле­кет басшысы, Үкімет ақпараттың тек қауесет екенін айтып, нақты мәлімет бергеннен кейін ғана бұл мәселе тыншыды. Демек,  қандай қиын кезең болмасын, билік халықпен шынайы қарым-қатынаста болуы керек. Егер халқы өз билігіне сеніп, көзі жетіп тұрса, қандай ақпарат жетсе де құлақ аспайды. Араб әлемінде болып жатқан оқиғалардың негізгі себептерінің бірі осы ақпараттың жетіспеушілігінен деп түсінемін. Қатаң режимді ұстанған бұл елдердегі жастар әлеуметтік желілер арқылы топ­тасты. Наразылықтарының нәтижесін білесіздер. Сондықтан қандай жағдай болмасын, шынайы ақпараттар ғана елдің ішкі бірлігіне кепіл бола алады. Бұл жағынан алып қарағанда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бізде назардан тыс қалған емес.
– Алайда шетелдік, әсіресе ресейлік ақпарат құралдарының ықпалын жоққа шығара алмаймыз. Бірі оларды жабу керек дегенді айтса, екінші біреулер оның мүмкін еместігін айтады. Шетелдік өнімдерге мәдени түрде қандай тосқауыл жасауға болады?
– Мен «біздің ақпараттық кеңістігімізді шетелдік өнімдер жаулап алды» деген сарындағы әңгімелерді жиі естимін. Маған хабарласып жүрген журналистер де осы тақырыпты көп сұрайды. Біздің орталық осы мәселеге байланысты зерттеулер жүргізген болатын. Сонда байқағанымыз, отандық телеарналардағы қазақстандық өнімдерді халықтың 8-ақ пайызы көреді екен. Қоғам еліміздегі 10-15 газетті оқиды. Ал шетелден екі мыңнан астам басылым келеді. Қазір өзіңіз білесіз, нарықтың, бәсекелестіктің заманы. Біз өзімізді ашық, демократиялы ел деп жариялағаннан кейін мұндай ақпараттық тасқынның болуы заңдылық. Ал оған төтеп беретін иммунитет қандай? Мәселе осында болса керек. Алыс ауылдарды қамтитын, республика бойын­ша елдің 98 пайызына таралатын «Хабар», «Қазақстан» сияқты арналардың өзі шетелдік арналар сияқты ақпараттар бере алмай отыр. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мәліметтерді отандық арналар өзгеден кө­ші­ріп беру арқылы, оның өзінде дер кезінде емес, уақыттан кешіктіріп беріп жатады. Ал көрермендер ол уақытқа дейін шетелдік телеарналар мен интернеттен біліп отыра­ды. Сондай-ақ спорттық түрлі жарыстарды да шетелдік арналар арқылы тамашалап отырған жайымыз бар. Би-Би-Си-дің түрлі деректі фильмдерінен біз табиғаттың түрлі тылсым күштерінен хабардар болып отырамыз. Осындай құнды хабарлар тара­та­тын шетелдік арналарды ақпараттық қауіпсіздікті сылтау етіп жауып тастау дұрыс емес. Мемлекет басында да, тікелей осы саланың басшылығында да ойлы азаматтар отыр. Сонымен қатар мемлекеттік сарап­шылар да әрбір өнімді сүзгіден өткізіп отырады. Егер, шынымен де, мемлекетіміз­дің мүддесіне қайшы келіп жатса, қоғам алдында ашық айтып, спутниктік телеарна­ларды жауып тастайтын еді деп ойлаймын. Түрлі бағыттағы хабарлардың таратылуы көрерменге таңдау еркіндігін беріп отыр деп ойлаймын. Ал егер көрерменмен санаспай, жапа-тармағай отандық телеар­налардан басқасын жауып тастасақ, көрер­меннің құқығын шектеген болар едік. Егер отандық мамандар халықтың көңілінен шығатын бағдарламалар мен хабарлар жасай алып жатса, көрермен қазақстандық арна­ларды да көретін еді. Шетелдік өнімдерге мәдени түрде тосқауыл қоюдың бір тәсілі – осы салада қызмет етіп жүрген мамандар­дың біліктілігін көтеруге күш салу. Шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу мәселесін дұрыс жолға қоя білсек, бұл мәселе оңай шешіледі деп ойлаймын. Сондықтан тағы да қайталап айтамын, қазақтілді мықты кадрларды даярлауды күшейтуіміз керек.
– Қазір бір мәселені екі басқа етіп хабарлайтын екі тілді БАҚ еліміздің ортақ идеологиясына кедергі емес пе?
– Талдықорғанда болған бір кездесуде жергілікті қазақтілді журналистің бірі «орыстілді журналистер жоқ жерден сенса­ция іздеп, ұлттық мүддеден бір үйдің өрте­ніп кеткенін артық көріп соны жариялайды. Ал біз ондайды жарияламаймыз» деді. Бұл журналистің кәсіби деңгейінің төмендігін көрсетеді деп ойлаймын. Неге сол орыстілді журналист хабарлаған оқиғаны одан да тереңірек зерттеп, қазақы ортаға ақпарат бермеске? Қазақ тілінің дамуына тілдің проблемасын айтып, ұрандата берген пай­далы ма, әлде сол сенсациялық оқиғаларды қазақ тілінде әдемі жеткізіп беру пайдалы ма? Әрине, жылап отыра бергеннен гөрі нақты іспен дәлелдеген тиімді ғой. Қазір мемлекеттік тілде шығатын ақпарат құрал­дары мен қазақтілді журналистердің ықпа­лы күшейіп келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда әлдеқайда күшті, әлдеқайда қуатты. Осы жағдайға бәсекелестіктің арқасында жеттік десем артық айтқаным емес. Идеологияға нұқсан келетін ештеңе көріп тұрған жоқпын. Қазақ тілінде қандай ақпараттар берілсе, орыс тілінде де дәл сол мәлімет халыққа жетіп жатыр. Мемлекеттік мүддеге қайшы келетін ақпараттар беріліп жатса, заң бар, құқық қорғау органдары бар ғой. Реттейтін арна­йы органдар бар кезде оған алаңдаудың реті жоқ деп ойлаймын. 
– Араб әлеміндегі төңкерістер­дің басында әлемге кеңінен танымал әлеуметтік желілер тұр дейді. Интернет кеңістігінде басталған дүние бүтін бір мемлекетті қожыратып жіберетін жағдайға жеттік. Осындай жағдайлардан кейін Өзбекстан қатаң бақылауға алып жатыр. Егер интернетті бақылауға алсақ, сөз бостандығы шектеледі, ал жүгенсіз жіберсек, қауіпсіздікке кепілдік жоқ. Осындай жағдайда қандай шешім қабылдаған жөн?
– Ғаламторды бақылау мүмкін емес екенін қазір мектептегі балаға дейін біледі. Егер тыйым салынса, қазіргідей ақпараттық заманда мәлімет алмасудың басқа түрін ойлап табу қиын шаруа емес. Бізде сөз бостандығы жоқ деп асыра сілтеп жіберетін кезіміз көп. Алайда сол сіз айтып отырған Өзбекстанмен, Түрікменстанмен салыстыр­ғанда біздің елде сөз бостандығы бар. Және демократиялық деңгейі жоғары. Сон­дықтан да интернетті тұмшалауға тырыспай-ақ, жоғарыда айтқанымдай, халыққа нақты ақпарат дер кезінде жеткі­зілсе ғаламтордағы қауесеттерге халық сене бермейді. Мысалы, жуырда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында елді елең еткізерлік оқиға болды. Сол оқиға туралы неше түрлі ақпарат оқыдым. Түрлі пікірлер жазылды. Бірақ сол оқиғаның болуына қандай нақты себептер болғаны әлі зерт­телген жоқ. Иә, адам шығыны болды. Мүм­кін біздің құқық қорғау органдары қызмет­керлерінің мәдениеті, кәсіби біліктілігі төмен болған шығар. Әйтпесе қай мемле­кетте қақтығыстар болмай жатыр? Еуропа­ның Грекия, Ұлыбритания сияқты елдерінде де бұқаралық көтерілістер болды. Сондай кезде құқық қорғау органдары қызметкер­лері солардың қасында жүрді. Тәртіпке шақырып, қарудан басқа әдіс-тәсілдермен тоқтатуға тырысты. Полицейлер де қарап­тан-қарап адамға қарсы оқ ата бермейтіні түсінікті. Сондағы айтпағым, біртұтас елде тұрып, әртүрлі ақпараттар алуымыз бәрінен де қауіпті. Халық пен биліктің өзара сенімді көзқарасы бәрінен де маңызды.
– Елімізде болған террорлық актілердің түп негізі осы ақпараттық қауіпсіздіктегі әлсіздіктен дегендер табылады. Діни экстремизм, сепаратизмді тудыратын дүниелерді қалай реттеуге болады?
– Бұл мәселеге ақпараттық әлсіздіктен деп біржақты қарап, кесіп айтуға болмас. Әрине, қандай идея болмасын, оның таралуына ақпараттың рөлі ерекше. Алайда біздің елде өткен жылдың соңында болған жан түршігерлік оқиғалардың астары терең­де жатыр деп ойлаймын. Кеңестік кезеңде дінге қатты тыйым салынғаны белгілі. Одақ ыдырағаннан кейін шекара­мыз­ды айқара ашып жібердік. Әлеуметтік-экономикалық дағдарысты шешу кезек күттірмес мәселе болғандықтан, діндерді зерттеп-зерделеу кенже қалып қойды. Осы ағаттықтың кесірінен ислам атын жамылған түрлі радикалды ұйымдармен қатар, секталар елімізде еркін жұмыс істей бас­тады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары діни әрекеттердің салдары қандай бола­тынын ешкім білмеді. Тіпті осы саладағы ғалымдардың өздері тұжырымдама жасап, халыққа ұсына алмады. Бізге Ауғанстан­дағы, Пәкістандағы жағдайлар ешқашан жетпейтін сияқты болып көрінді. 90-жыл­дардағы сол ағаттықтың салдарын жиырма жылдан кейін көріп жатырмыз. Бұл – өте қауіпті. Ислам дінін ұстанып, уағыз айтып жүрген азаматтардың айтқан уәждері қазақтың салт-дәстүріне қайшы келеді. Мысалы, менің әке-шешем кеңестік кезең­де бес уақыт намаздарын оқып, діннің барлық қағидаларын ұстанды. Бірақ дәстү­рімізге, басқасына қарсы шығып, радикал­ды көзқараста болған емес. Бір сөзбен айтқанда, дәстүрлі дінді ұстанды. Дәстүрлі дін дегеніміз – ата-бабамыз ғасырлар бойы ұстанған дін мен ұлттық болмысымыздың астасып кетуі. Ал қазіргі діншілдер қазақы дәстүрдің бәрін жоққа шығарғысы келеді. Осының бәрі – шетелден діни білім алып келгендердің уағыздарының салдары. Хиджабқа байланысты қоғамда әртүрлі пікір бар. Тіпті үлкен дау-дамайға ұласқа­нын білесіздер. Хиджаб – бұл арабтардың ұлттық киімі. Бір қарапайым мысал айта­йын. Қызылордаға осы жақтан қыз ұзатып жатқандардан «Қызылордада келінге ора­мал тақтырып, ұзын көйлек кигізіп қояды екен» дегенді естігенбіз. Сонда Қал­тай Мұха­мед­жанов ағамыз: «Қызылорда келін­деріне орамал таққызса, күннің ыстығынан, ұзын көйлек кигізсе, жері құмды, тікені көп» деп жауап берген еді. Демек, әрбір ұлттың тұр­ғылықты жеріне байланысты киім-кешегі болады. Күні ыстық, жері құмды араб­тар­дың киімі хиджабты бүгінде кимешек пен сәукеледен артық көріп жүр­ген­дер көп.
– Кейінгі оқиғаларға келсек. Жақында Парламент сайлауы өтіп, қоғамдық саяси өмірде үлкен өзгерістер болды. Сол сайлауды әркім әртүрлі бағалап жатыр. Маңызды саяси науқанды бақылағандардың арасында өзіңіз болдыңыз. Сіз не түйдіңіз?
– «Біткен іске сыншы көп» дейді ғой. Сайлаудың нәтижесі шыққан сәттен бастап түрлі әңгімелер жүрді, қауесеттер де тара­ды. Десе де, қоғамдық бақылаушы­лардың қатарында болған адам ретінде айтар болсам, бұл сайлауда көпе-көрінеу заң­бұзу­шылықтар болған жоқ. Егер нақты заңбұзушылықтар анықталған болса, біз қолдауға дайынбыз деп те мәлімдеме жасадық. Соған қарағанда, аймақтарда да заңға сәйкес өткен сияқты. Сайлаудан түйгеніміз, біраз түсінбеушіліктер болды. Мен бұл жерде сайлауға дейінгі жағдайды айтқым келіп отыр. Сайлау күніне аз қалған кезде билік партиясынан да, оппозициядан да үміткерлерді тізімнен алып тастады. Үміткерлерді тіркеу жұмыстары аяқталған­нан кейін емес, оған дейін дұрыстап тексерілуі керек еді. Бұл мәселелерді түртіп қойдық. Алдағы уақытта елімізге белгілі саясаттанушылар мен ғалымдардың басын қосып, талқылайтын боламыз.
– Коммунистердің елді таңғалдырып Парламентке өткені белгілі. Бұл ненің белгісі?
– Жалпы, коммунистік, социалистік идеялар – мәңгілік. Ол ешқашан жойылып кетпеген. Коммунистік идеямен құрылған мемлекет ыдырап кеткенімен, Еуропада, басқа мемлекеттерде бұл идея өмір сүріп жатыр. Егер мемлекетте дағдарыс болып, капиталистік жүйенің шикіліктері шығып жатса, халық социалистік бағыттағы саяси күштерге көбірек сенеді. Мысалы, Герма­ния­дағы социалистік партияның халықтан кеңінен қолдау табуы, Ресейдегі коммунис­тік партияның Мемлекеттік Думадан шет қалмауы сияқты нақты мысалдар көп.
– Әңгімеңізге рақмет!

Алашқа айтар датым...
Неге отандық телебағдарламалар мен басылымдарға сұраныс аз? Меніңше, оқырман мен көрерменді өзіне тарта білетіндей сапалы дүниелер аз. Шетелдік жаңалықтар несімен тартымды? Қарапайым ресейлік арналардың арнайы тілшілері әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан оқиғаларды дәл сол орнынан дер кезінде әрі объективті түрде жеткізіп береді. Ал тиісінше, мұндай өнімдердің тұтынушылары да көп болады. Егер шетелдік арналар мен газет-журналдарды бірден жауып тастасақ, оқиға орнынан таратылатын жаңалықтарға сусап қаламыз. Отандық қай телеарнаның дәл осындай мүмкіндігі бар?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста