Қазақтілді БАҚ кез келген тақырыпқа бара беретін әмбебап сипатқа ие болып келеді

Қазақтілді БАҚ кез келген тақырыпқа бара беретін әмбебап сипатқа ие болып келеді

Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ, ҚР Журналистика академиясының президенті:

– Ресми бекітілген кәсіби мере­ке­ңізбен құттықтай отырып, осы датаға қатысты сұрағымды қой­сам. Жалпы журналистердің дені кәсіби мерекесінің байланыс ма­ман­дарымен қатар аталып өтілуіне разы емес. Қалай белгілегені дұ­рыс болады?
– Еліміздегі БАҚ өкілдерінің төл кәсіби мерекесі болуы керек. 1992 жылға дейін Бас­па­сөз күні 5 мамырда аталып келді. 1912 жылы Карл Маркстың туғанына 94 жыл толуына орай ұзақ уақыт бо­йы КСРО-ның бас газеті болған «Прав­даның» бірінші нөмірі жарыққа шықты. Ал радио қызметкерлерінің кәсіби мере­кесі 7 мамыр болды. Бұл күн КСРО Кеңес халық­та­ры комите­тінің 1945 жылдың 2 мамыр күн­гі Жар­лығымен бекітілді. Мейрам көр­нек­ті орыс физигі және өнертапқышы А.По­повтың кәсіби қызметімен бай­ла­нысты­рылды. КСРО құлағаннан кейін Радио күні рес­ми түрде тек Ре­сейде ғана аталып ке­ле­ді. Бұл мей­рам­ды Ресей журналистері 13 қаң­тарда тойлайды. 1992 жылы Ресей жур­налистикасының күні сол кездегі прези­дент Б.Елциннің Жарлығымен қайта бекітілді. Атаулы күн 1703 жыл­ғы 13 қаңтарда Мәс­кеу­де тұңғыш рет жарық көрген «Ведомости о воен­ных и иных делах, достойных знания и па­мя­ти» газетінің құр­ме­тіне қойылған еді. Бұл газет І Петрдің жар­лығымен шығарыла бас­тағаны бел­гілі. Ал біздің жағдайды айтар бол­сақ, 1997 жыл­ға дейін елімізде БАҚ қызметкер­лерінің кәсі­би мерекесі 10 мамырда қазақ тілінде алғаш жа­рық көрген «Түркістан уә­лая­ты» газеті­нің бірінші нөмірі құр­метіне аталып өте­тін. Мақалалар да осы жайтқа ар­налып, Қа­зақстан жур­налистерінің кәсіби мере­кесін 10 ма­мыр­да атап өту ұсы­нылған еді.
Бірақ 1970 жылы патшалық би­лік­тің идеологиясын бейнелеген газет мазмұнын тереңірек саралау нәтиже­сінде бұл мереке 28 маусымға ҚР «Бас­­пасөз және БАҚ» ту­ра­лы Заңы­ның қабылдануы құрметіне ауыс­ты­рыл­ған болатын. Заң одан бері бір­не­ше рет өзгерді, бәлкім, болашақта да өз­геруі мүмкін. Бүгінде 28 маусым – Журна­лис­тер мен байланыс­шылар күні. Әри­не, байланыс қызме­ті­нің де қо­ғам­да­ғы маңыздылығы бар, алайда бұл еке­уін біріктіру дұрыс емес.
«Түркістан уәлаяты» газеті Түркіс­тан ге­нерал-губернаторлығының ор­ганы ретінде 12 жыл бойы қазақ ті­лін­де шығып келген патшалық би­лік­тің ресми газеті саналса да, ол қазақ хал­қының ағартушылығы мен са­на­сын дамытуда үлкен рөл атқарды. Мер­зім­дік басылым тарихында ал­ғаш болып ХХ ғасырдағы қазақ бас­пасөзі­нің, бү­гінде өзіміз демократия­лық қөзқарас­тың этало­ны санайтын басқа да газет­тердің негізін қа­лап, ақыр соңында ел­ді Тәуелсіздікке алып келді. Тұңғыш қазақ журналис­те­рінің пайда болуы да осы газетпен тығыз бай­ланысты. Сон­дық­тан мен журналистердің кәсіби ме­рекесін байланысшылар күнінен бөліп, 10 мамырға ауыстыру керек деп ой­лай­мын.
– Қазіргі кездегі отандық БАҚ тура­лы, оның саны мен сапасы жө­нінде не айтар едіңіз?
– Қазақстандық БАҚ-тың өсіп-өр­кендеп келе жатқанына менің күмә­нім жоқ. Еліміздегі саяси және әлеу­меттік-экономи­ка­лық қайта құру­лар­дың өр­леп-өсуіне, мем­лекетіміздің қа­бырға­сы­ның қатаюына, оның алға қарай нық басуына, ел мәртебе­сінің халық­ара­лық қауымдастық биігіне көтерілуі­не Қазақстан журналисте­рінің қо­сып жат­қан үлесі аз емес. Мем­лекетіміздің болашақтағы гүл­денуі мен көркеюі де көп жағдайда осы бұқаралық ақпарат құралда­рына, оның ел өміріне арала­судағы белсен­ділігіне байланысты болмақ. Қазақ­стан журналистерінің кон­гресін өткізу де дәс­түр­ге айнала бастады. БАҚ-тың рөлін көтеру, жур­налист этикасы се­кілді көптеген мәсе­лені қараған Қазақ­стан журналистері­нің басқосу­лары – соның айқын дә­ле­лі. Елі­мізде дәс­түрге айналып үлгерген Еура­зия­лық медиа-форум бүкіл әлем журна­лис­терінің зор қызығушылығын ту­ғызып отырғанын байқауға болады. Форум әлем­дік бұқаралық ақпарат құралдарында елі­міз жөнінде дұрыс көзқарас қа­лып­тас­ты­руға күш сала­ды. Демек, мұндай медиа-­форумдар тә­уелсіз БАҚ-тың қалып­тасуы мен да­муына, аймақтағы ел­дер­дің саяси бел­сенді­лігінің одан әрі өркендеуіне айтар­лық­тай ықпал етері айқын.
Тәуелсіздік алған жылы Қазақ­стан­да тіркелген БАҚ-тың саны 600-дің шамасында еді. Содан бері тіпті дағ­да­рыс кезеңінде де олардың саны тек ар­тып отырды. Медиа-хол­дингілер, ме­диа-концерндер құрылды. Қазір мұн­дай құрылымдардың саны он шақ­ты. Біздің төңіректе мұндай көрі­ністі тек Ресей мен Қазақстаннан ғана бай­қау­ға болады. Қазір Қазақстанда тір­кеу­ден өткен 8 мыңнан астам БАҚ өкіл­і бар болса, олардың 2,5 мың­дайы бел­сенді жұмыс жа­сайды. Тір­кел­ген БАҚ-тың 83 пайызы – жекемен­шік. Соны­мен қатар жур­налис­тер­ге қа­­тысты ұйым­дар да кө­бейіп жатыр. Жур­налистер ода­ғы, Жур­налис­тер ака­демиясы, Жур­на­лис­тер конгресі, Медианет, Интер­ньюс, «Әділ сөз» сияқ­ты он шақ­ты ме­кеме бар, бұл – жақ­сы көрсеткіш. Еуразиялық медиа-­форум да – қазақ­стандық БАҚ-тың бе­де­ліне оң­тай­лы әсер етіп жатқан жоба. ТМД ау­ма­­ғын­да мұндай жоба жоқ. Бүгінгі жур­налистика сапалық жағына келгенде ақсап жатыр. Прес­сре­лиз­ді журна­лис­тика, сауалнамалы, теле­фон­ды, кабинетшіл, компьютер­шіл журна­лист дегенді естіп жатамыз. Не­ше түр­лі бағыт бар, бірақ ой мен идея азайып бара жатыр.
– Қазақстандық БАҚ-тың бәсе­келік жолмен қаржыландырылуы, тех­никалық жабдықталуы жөнін­де не айтар едіңіз?
– Қазақстандық БАҚ Тәуелсіздік жылдарынан бері үш кезеңнен өтті. Алғашқысы 1991-1994 жылдардағы кезең болатын. Бұл кезде еліміздегі бар­лық салалар сияқты БАҚ та дағ­дарысты бастан өткерді. Одан кейін на­рықтық жүйеге бейімделу кезеңі болды. Енді, міне, қазақстандық БАҚ либералды кезеңге жетті. Яғни бұдан былай бәсекелік жолмен дамиды. Жал­пы, қазір Қазақ­стан­дағы БАҚ-тың жағдайы айналамыздағы көрші ел­дер­дің қай-қайсысына қарағанда жақ­сы. Ол, негізінен, елдің эконо­ми­ка­лық жағдайына, мемлекеттің қам­қорлығына байла­нысты. Мәселен, көршілес елдерде БАҚ-тың мем­лекеттік тапсырыс­тармен жұ­мыс жасауы өте сирек кез­деседі. Бұл жағ­дай ақпарат құрал­да­рына қар­жы­лай көмек болады. Әри­не, оған бар­лық БАҚ өкілдері ен­іп жат­қан жоқ. Де­ген­мен айтар­лық­тай қолдау болды. Ұй­ғыр, неміс, по­ляк, өзбек, кәріс тағы басқа тілдерде жа­рық көріп жатқан газеттерге мем­ле­кеттік дотация бар. Еліміздегі басы­лым­дардың арасында 16 тілде газет шығады. Екіншіден, Қа­зақстанда БАҚ-қа қатысты ашық цен­зура жоқ. Кез келген мәселені салмақ­тау үшін оны салыстырып қарайсың ғой. Қа­зақ­стандық телевизияның жағ­да­йын ТМД елдерімен, көрші ел­дермен салыстырар болсақ, көңіл то­лар­­лық­тай құбылыстарды байқаймыз. Бізде спутниктік топтама пайда болды. Бо­ла­шақта цифрлық жүйеге көшуге то­лық мүмкіндік бар.
– Әлем ақпарат пен халықтар ара­сындағы пікір алмастыратын технологияға аса бай. Соған қара­мастан ақпараттық жұтаңдық бай­қа­лады. Интернет бойынша келіп жатқан хабарларда қанша­лықты шындық бар?
– Қазіргі таңда жер бетінің «ақ­па­рат шырмауығы» аталып жүрген ин­тер­нет­тің басымдық деңгейі үстем. Мем­лекеттердің даму қарқыны да ақпарат құралының осы түріне шідер­ленген. Оның қан тамырында түрлі же­лілер­дің бар екендігі де – ақиқат.
Интернет өміріміздің барлық сал­а­сына дендеп бойлап алды. Дамы­ған елдер интернетті ақпарат алуда бірін­ші орынға қояды. Біздің елімізде «элек­тронды үкімет» жобасын енгізуге бай­ланысты интернеттің беделі күрт өсу­де. Бұл жоба – азаматтық қоғамы кең дамыған елдердегі үрдіс. Егер бұл жоба іске асса, билік орындары бұ­қа­ра алдындағы есебін электронды же­лімен ақпарат тарату арқылы-ақ жү­зе­ге асырады.
– Мемлекет бұқаралық ақпа­рат құралдарын реттеуге арала­суы керек пе?
– БАҚ өкілдері заң аясынан артық кеткенде ғана, мысалы, ұлтаралық араз­дықты қоздырса, нәсілшілдікке, терроризмге шақыратын болса ғана араласуы керек. Бұл мәселеде бақы­лау болуы керек деп ойлаймын.
Ал интернет мәселесіне келгенде әлі күнге дейін оның статусы анықтал­маған. Ол журналистикаға жата ма, жоқ па, әлі де толық айқындалған жоқ.
– Еліміздің «БАҚ туралы» За­ңы­ның тари­хы қалай дамып жа­тыр? Бір емес, бірнеше өзгерту мен то­лықтыруды басынан өт­керген заң, сіздіңше, дұрыс ба­ғыт­та жетіліп жатыр ма?
– Иә, ҚР «БАҚ туралы» Заңына әр кез толықтырулар енгізіліп жатыр. Соң­ғы­сында 2009 жылы интернет мәселесін енгіздік. Және бұл соңғысы емес, мұн­дай толықтырулар әлі де жал­ғаса бе­реді. Қазірдің өзінде теле-радио тара­тылымы жөніндегі толық­тырулар Пар­ламентке ұсынылып қой­ды. Меніңше, «БАҚ туралы» Заңы­мыз өз деңгейінде жетіліп жатыр.
– Қазақстандық БАҚ-тың ара­сынан қазақтілді баспасөз­дерді бөліп қарайтын болсақ, оған қан­дай баға берер едіңіз?
– Ең алдымен орыстілді газеттер мен қазақтілді баспасөздердің ара­сын­да тақырыптық айырмашылық бар екенін айту керек. Орыстілді га­зет­тер қазақ проблемасына бас қатыр­майды, ал қазақтілді журналис­тер орыстілді қауым көтерген мәсе­ле­лерге үн қоса бермейді. Бір шаңы­рақ­тың астында, бір қоғамда өмір сүріп жатса да, екеуі екі бөлек тыныстайды. Әсіресе орыс­тіл­ді журналистер қазақ басылымда­рында не айтылып, не мә­селе көтеріліп жатқанын білмейді. Сон­дықтан негізгі кемшілік орыстілді басылымдарда болып отыр. Бұл түйт­кілді шешпек бо­лып қазақтілді басы­лым­дардағы ма­қа­лалардан аударма беріп жүргендері бар. Бірақ бұл – мәсе­лені түбегейлі ше­шу емес. Себебі бір­ді-екілі мақала ар­қылы қазақ қауы­мы­ның мұң-мұқта­жын, ой-пікірін білу мүмкін емес. Газет жөнінде айтар болсақ, ең алдымен, оның таралымы сөз болады. Бұл жағы­нан келгенде, әрине, қазақ газеттерінің ешбірі ор­ыс­тілді газеттер секілді жарты мил­лион тара­лымға жете алмай отыр. Бі­рақ оның себебі көп. Меніңше, бо­ла­шақта қазақ газеттерінің таралымы өседі.
– «Қазақтілді БАҚ ұлттық та­қы­рыптар мен тіл тақырыбынан ары аса алмайды» деген сын-пікір көп айтылады. Қазір бұл жағдай өзгер­ді ме?
– Жалпы, бұл сынның өзін толық­қанды дұрыс айтылған деп айта ал­май­мыз. Дегенмен қазір қазақтілді БАҚ кез келген тақырыпқа бара бе­ре­тін әмбебап сипатқа ие болды. Оның жанында орыстілді баспасөз­дер­дің тақырыптық аясы тарылып келеді. Қазір елімізде көптеген мықты-мықты қазақтілді басылымдар, теле­ар­на­лар пайда болып жатыр. Газет­тер­дің ара­сынан осы «Алаш ай­на­сын» ғана қарап отырсақ, кез келген тақы­рып тү­біне дейін талқыла­нады. Руха­ни, әлеу­меттік, экономикалық, сая­си мәселе­лер­дің бәрі сауатты тар­қаты­лады. Ал те­леарналарды айтар бол­сақ, қазір толыққанды қазақша ар­на­лар пайда болып жатыр. Олардың болашағы зор.
– Ал шетелдіктердің қаржы­лан­ды­руымен, шетелдік гранттар­мен жұмыс жасайтын басылымдар мен арналар туралы не айтасыз? Жал­пы сыртқы ақпараттық экс­пан­сия­ның екпіні қандай?
– БАҚ-тың қалыптасуына мем­ле­кетімізде барлық жағдай жа­сал­ған. Алайда шетелдік басылым­дар­ға же­ңіл­діктер беруге абай бол­ған жөн. Оларды меншік иесіне қара­май, бө­ліп-жармау керек деген ескі пси­холо­гия әб­ден қанымызға сіңіп қал­ған. Еліміз­де ресейлік басылым­дар­дың ықпалы әлі де күшті. Көршілес Өзбек­станда Ресейдің бірде-бір ба­сы­лымы шық­пайды, яғни таралмай­ды. Еліміз ха­лық­аралық қауымдас­тық­қа етене жа­қындаған сайын сырт­қы фактордың ықпалы күшейе түсе­ті­ні түсінікті. Сон­дықтан сыртқы ақпа­рат­тық қысымға қарсы ұлттық ақпа­рат кеңістігін нығай­та отырып, оған тегеурінді қарсы тұру­дың кешенді бір нұсқасын ойластыр­ғанымыз жөн. Батыс әлемі әуелі өз жағ­дайын күйт­тейді. Ал шығыс әле­мін­де ой салатын, көкейге қонатын әде­мі дәстүрлер бар. Дегенмен көрші елдермен са­лыс­тырғанда ақпараттық кеңістігіміз көш ілгері екендігі айқын.
– Қазақстандық БАҚ үшін ен­ді­гі 20 жылға қандай болжам айтар едіңіз?
– Меніңше, ендігі 20 жылдан ке­йін қазақ­стандық БАҚ өзінің төр­тінші билік функциясын толық атқаратын болады. Сапасыз әрі ұсақ газет­тердің жойылып кету есебінен сапалы газет­тердің таралымы өседі. Бұл олардың сапасының одан ары артуына себеп болады. Қазақтілді теле­ар­на­лар мін­детті түрде өзінің көрермендерін та­ба­ды. Цифрлық жүйеге жаңадан бейім­деліп жатқан қазақтар алдағы 20 жыл­да өз арналарымен қауышады.
Журналистика дегеніміз – ой тә­уел­сіздігі. Өркениетті ел боламыз де­сек, ұрпақ бойында еркін диалекти­калық ойлау машығын қалыптасты­руы­мыз керек. Еркін ой­лай алатын ұр­пақ қана үлкен пробле­ма­ларды шешуге қабілетті бола ала­ды. Қазіргі баспасөздерде ой машы­ғын айқындай алатын логикалық тұ­жырым жасайтын көптеген жанр бар.
– Қазақстандағы сөз бостан­дығы жөнінде не айтасыз?
– Қазақстандық бұқаралық ақпа­рат құралдарына бірлік пен ұжымдық әрекет жетіспейді. Алдымен журна­лис­тикадағы ішкі мәселелерді шешіп алу керек, өзара қырқысты тоқтату ке­рек. Еліміз бесіктен белі шықпай жатып демократияның жоғарғы са­ты­сына қарай ұмтылып жатыр. Бұл – оңай іс емес. Әрбір дамыған мем­ле­кет, әрбір дамыған қоғам бастан өт­кер­ген эво­лю­циялық кезеңдер бар. Мемлекет іш­ін­дегі әлеуметтік инсти­тут­тар да сол заңдылыққа бағынады. Журналистика біздің қоғамнан бөлі­ніп оза шауып кете алмайды. Кейбір мә­селелерде то­лық шындыққа қол жеткізе алмасақ, соған бола қайғыға салынудың қажеті жоқ. Жаңа заманға адаптациялану үде­рісі мүлде тоқтап қалса ғана қорқуға бо­лады. Бізде олай емес, ілгерілеу бар.
– Журналистика саласы қоғам­ның күйін күйттеп, халықтың әл­еу­меттік жағдайына алаңдайды дей­міз. Дегенмен көп жағдайда тіл­ші­нің өзінің жағдайы болмай жүреді...
– Журналистердің әлеуметтік жағ­дайының, кәсіби болмысының күр­делі болып отырғанын айтуға ти­іс­піз. Жур­налистердің басым көпшілігі мардым­сыз жалақы алады, ал олар­дың қыз­меті аса қауіпті. БАҚ-тың корпора­тивті және саяси элитаға қыз­мет ететін жүйесінен арылуымыз қажет. Қазіргі әлемде БАҚ-ты моно­по­лияландыру үдерісі жүріп жатыр. Бұл табиғи көрі­ніс болғанымен, оны­мен күрес жүргізу керек. Әлемдік қа­уымдастықтың бір мү­шесі болған­дық­тан, Қазақстанда да осы үрдіс бай­қалады. Баспасөз, негізі­нен, шағын ғана топтық алпауыттың, ірі корпора­циялар мен банктердің қо­лын­да шо­ғы­рланып отыр. Сондықтан біздегі БАҚ-ты төртінші билік дең­ге­йі­мен са­лыс­тыру қиын. Әйтсе де БАҚ-тың төр­тінші билік болуға толық мүм­кіндігі бар.
Олигархия, басқаша айтқанда, но­менклатуралық капитализм – өте қауіпті құбылыс. Жекелеген журна­лис­тердің рухани құндылықтарды екінші кезекке қойып, ел мүддесіне сай кел­мейтін әрекеттерге бой ұруы одан да қауіпті.
– Отандық журналистикада «жұлдыздар» бар ма?
– Бұған біржақты жауап беру мүм­кін емес. Кез келген журналистің жеке амбициясы болады. Бұл кәсіптің өзі сондай мінезден құралған. Бізде «жұл­дыздардың» беделі олардың гоно­рарымен есептеледі. Журналис­тер қай басылымда, телеарнада көп ақ­ша төленсе, соған кетіп қалады. Мә­се­лен, Мәскеуде мұндай мәселе жоқ. Журналистерге жақсы ақша төленеді. Сондықтан олар жұмыс ауыстыруға құштар болмайды.

Алашқа айтар датым...
Елдегі журналистика мамандығын үйрететін оқу орындарын жаппай қысқарту қажет. Ол ары кеткенде төрт-бес оқу орнында оқытылсын. Мысалы, Алматы мен Астана қаласындағы іргелі оқу орындарында. Қазіргідей әрбір аймақтағы, аудандағы университет өзінің факультетін ашып алуы қазақ журналистикасының сапасының төмендеуіне алып келеді. Екінші жағынан, сол оқу орынды аяқтаған студенттердің не білімі, не жұмысы жоқ, сандалып кетеді. Тәжірибелік алаңы, оқу-әдістемелік қоры, білікті оқытушылары жоқ шағын аймақтарда заманауи журналист дайындаймын деп сену – бекер әрекет. Білім және ғылым министрлігі тарапынан гранттар бөлініп жатады. Жыл сайын сан жүздеген, мыңдаған түлектер диплом алады. Бірақ маман іздесеңіз, сауатты журналист таппайсыз. Бұл – журналис­тика саласына ғана емес, заңгер, экономист мамандығына да қатысты мәселе.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста