Өзін қазақтың перзенті санайтын әр азамат жылына бір рет Әзірет Сұлтан мұражайына келіп қайтуды дәстүрге айналдырса...

Өзін қазақтың перзенті санайтын әр азамат жылына бір рет Әзірет Сұлтан мұражайына келіп қайтуды дәстүрге айналдырса...

Мәулен Садықбеков, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры:

– Соңғы уақытта Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің бастамасымен ұлт тарихына үл­кен бетбұрыс жасалып, Қазақстан та­рихының жалпы тұжырымдамасын жа­сау қажеттігі мәселесі көтерілді. Кон­стан­тин Куш­нер «тарихтағы ақтаңдақтар ас­тро­номиядағы қара ойықтардан аз емес» деген екен. Алаш тарихын қасиетті Түр­кістан кесенесінен бөле-жара қарай ал­маймыз. Біздің Түркістанмен тығыз бай­ланысты төл рухани тарихымыздағы қан­дай мәселелер зерделенуі тиіс деп ойлайсыз?
– Әулиелердің сұлтаны, Түркістан пірі атан­ған Қожа Ахмет Ясауидің ерен еңбегінің ар­қасында Түркістан түркі халықтарының ру­хани орталығына айналды. Түркістан мен Қожа Ахмет Ясауи есімі – өзара егіз ұғым. Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев зиялы қауым өкіл­дерімен 2011 жылдың 11 наурыз күні бас қосқан жиында: «Дініміз мұсылман, біз­дің өз жолымыз бар, өз жолымызға түсу үшін біз осы Қожа Ахмет Ясауидің іліміне табан ті­реуіміз керек. Егер де зерттейтін болсақ, қа­зақ үшін нағыз Конфуций болып шығады. Кон­фуцийдің ілімімен қазір Қытай, Корея, Жа­пон – барлығы сусындап отыр. Үлкенді сый­лау: ағаң – ағаң, інің – інің, әйелің – әйе­лің, патша – патша, барлығы өз орнында бо­­луы керек. Біздің Қожа Ахмет Ясауидің хик­­меттерін қарап отырсаң, бір дастарқан ба­сында жаныңда әр діннің өкілдері оты­ратын болса, олардың барлығы бауырың деген сөз бар. Біздің саясатымыз сол емес пе?! Ең алдымен елге бірлік, одан кейін ең­бек­керлік керек деген, одан кейін бір адам­ның төңірегіне топтассаң, сонда ғана халық бо­ласың, жұрт сыйлайды, болашағың бо­ла­ды деген. Бізге одан артық қандай діни фи­лософия керек?! Жалпы, мұсылманның ай­та­тыны: имандылық, жанашырлық, ешкімді өл­тірмеу. Осыны жақсылап тұрып зер­де­лесек, екінші тармағымыз болады», – деп атап көрсетті. Мемлекет басшысы тарихы­мыз­ды зерделеудің басты бағытын айқындап берді. Өйт­кені жаһандану заманында мем­ле­кеттілігіміздің іргетасы мықты болуы үшін ру­хани тарихымыз нақтылы зерттеліп, өзінің сан ғасырлық даму сүрлеуін табуы керек деп ойлаймын.
– Тарихқа осындай үлкен бетбұрыс жасалып жатқан кезде, жалпы, мұражай қыз­меткерлерінің, мол тарихи қа­зы­на­мызды көздің қарашығындай сақтаушы қауымның алдында қандай міндеттер тұр деп ойлайсыз?
– Мұражайдың қоғам алдында мойнына ар­қалаған үлкен міндеті бар. Ол –тари­хы­мыз­ға тікелей қатысы бар жәдігерлерді на­си­хаттау. Өкінішке қарай, көпшіліктің ұғы­мында мұражай тарихи заттарды жинақтап, сақ­таумен айналысатын мекеме ретінде ор­ны­ғып қалды. Бұл – түбірімен қате пікір. Біз, мұ­ражай саласының мамандары, жәдігерді мұ­ражайға ғана тиесілі дүние емес, хал­қы­мыз­дың төл мұрасы екендігін ұғындыруға тиіспіз. Батыс елдерінің мұражай­ла­ры мұражай ісін іргелі ғылымға айналдырып, ке­ремет нәтижелерге жетті. Мұражайларды ха­лық өте көп баратын, күн сайын болмаса да, апта не ай сайын экспозициясын өзгертіп, үне­мі шығармашылық ізденісте жүретін мә­дениет ошағына айналдырды. Ал біздегі жағ­дайды білгіңіз келсе, туған-туыс, дос-жа­раннан мұражайға өз қызығушылығымен қа­шан барғаны туралы сұрап көріңіз. Ап­та­сына не айына бір рет міндетті түрде барып тұ­рамын деген жауапты ести алар ма екенсіз. Бұл жағдайға мамандар ғана жауапты. Мұ­ра­жай тартымды болса, адамдар легі үзілмес еді. Сұранысты білу үшін аудиторияны мұ­ра­жай социологиясы арқылы зерттейді. Нәти­же­­сінде, әлеуметтік категориялар анық­та­ла­ды. Жас ерекшелігіне байланысты, қоғамдық ста­тусына, әлеуметтік ерекшелігіне (мүге­дек­тер, зейнеткерлер т.б.) байланысты топ­тар анықталады. «Осы әлеуметтік кате­го­рия­лардың қайсысы мұражайға көбірек ке­леді, олардың келудегі мақсаты не?» деген сұ­рақтарға жауап алынады. Соған бай­ла­нысты әртүрлі жобалар жасалады. Бізге жы­лына 600 мыңнан аса адам келіп, кесенені та­машалайды. Мұражай аудиториясын зерт­тегенде келушілердің басым көпшілігі зия­рат­шылар екендігі анықталды. Ше­тел­дік­тер­дің көпшілігі тарихқа, тарихи орындарға қы­­зыққандықтан келеді. Міне, бұл бізге та­ри­хи бағыттағы жобаларды көбейту қа­жет­ті­гін көрсетіп берді. «Енді осы бағытта біз жа­­ңадан келушілерге не ұсына аламыз?» де­ген сұ­раққа жауап іздедік. Осы жерде да­мыған ел­дердің тәжірибесіне жүгінуге тура кел­ді. Бар­лық елдерде жыл сайын қорық-мұ­ра­жай­лар туристерге арнап өздерінің тұр­ған же­ріне байланысты белгілі бір тарихи оқи­­ғаға реконструкция жасап назарға ұсы­нады. Сол себепті өткен жылы «Хан көтеру рә­сімі» ре­конструкцияланған тарихи қо­йы­лым өт­кіз­дік. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ал­дында Абы­лай ханды таққа көтеру рәсімі көр­сетілді. Ха­лық тың жобамызды керемет қа­былдады. Ен­ді жыл сайын қазан айында осы қойылым көр­сетілетін болады. Осы қо­йы­лым аясында қол­өнер шеберлерінің жәр­меңкесін ұйым­дас­тырып, ұлттық өнерді де на­сихаттаймыз. Бұл шаралар – отандық жә­не шетелдік турис­тер­ді тарихи орынға қы­зық­тырудың ең оңтайлы әрі ұтымды әдісі.
– Осы кезге дейін еліміздегі тарихи-мә­­дени ескерткіштердің толық тізімі жа­са­лып болды ма? Тарихи-мәдени ес­керт­­кіштердің зерттелуі қай бағытта жүр­гізіліп жатыр?
– Қорық-мұражайлар қызметі ауқымы жа­ғынан шектеулі. Ғылыми-зерттеу мекеме ре­тінде статусы жоқ. Жоғарыдағы Мем­ле­кет­тік хатшының бастамасымен тарихи зерт­теулерді жаңа сатыға көтеру мәселесіне қай­та оралуға тура келеді. Еліміздегі та­­­рихи-мәдени ескерткіштерге қатысты қор­да­­ланып тұрған біраз мәселе бар. Тарихи-мә­дени ескерткіштерді аудан-ауыл бойынша толық тіркеуден өткізіп, ескерткіштердің мәр­тебесіне (республикалық, облыстық, жер­гілікті) қарамастан толық тізімі (свод) жа­салмады. Осыны жасап, кітап түрінде шы­ғару қажет. Одан жергілікті жерлердегі та­ри­хи ескерткішті, діни-ғұрыптық және сәулет ескерткіштерін (кесенелер, мешіттер, пат­ша­лық Ресей және кеңестік кезеңнен қалған құ­ры­лыстарды) есепке алып, жергілікті тізім­дер­ді (свод) кітап етіп шығару керек. Та­­­ри­хи-мә­дени, сәулет-құрылыстық ескерт­кіш­­тердің Қа­ра кітабы (жоғалып, жойылып кет­кендер ті­зімі), Қызыл кітабы (аса қауіп тө­ніп тұрған ті­зім), Ақ кітабы (есепке алы­нып, рестав­ра­ция­дан өткен, аман-сау тұр­ған­дардың тізімі) жасалып, баспадан шығарылатын болса, өте жақсы болар еді. 
– Әзірет Сұлтан кесенесінде қазақ­тың хан-сұлтандары, би-батырлары, бар­­лығы 164 қазақтың жақсы-жай­саң­ының жерленуі тегін емес. Әлемде осын­дай ұлт­тық пантеондар санаулы бол­са керек. Алаштың тарихи тұлға­ла­рының көзі ті­рісінде өсиет қылып, Түр­кістан кесе­не­сіне жерленуінің сыры не­де? Жалпы, Әзі­рет Сұлтан кесенесінің қа­зақтың төл та­рихындағы маңызы не­де және не­лік­тен әр қазақтың жүрегінен бе­рік орын алды?
– «Хәл ілімін» насихаттаған Қожа Ахмет Яса­уидің бай мұрасы қазақ халқының ен­ші­сіне бұйырды. Сол себепті де «малым – жа­ным­ның, жаным – арымның садағасы» қа­ғи­да­сымен өмір сүрген қазақтың біртуар ұл­дары кесенеде жерлену мәртебесіне ие бол­ды. Міне, ғалымдар осы сұраққа жауап бе­руі тиіс. Сонда ғана тарихи жолымыз ай­қын­далады. Сонау Арқадан Қаз дауысты Қа­зы­бек биді, Баянауылдан Шоң биді, Маң­ғыс­тау жақтан Адайдың Шоғы батырын, Қо­с­танай өңірінен Мерген Бабасұлын ке­се­неге жерлеудің артында қандай ғибрат бар? Мүм­кін, ата-бабаларымыз осы аманаты ар­қы­лы ұрпағына жол көрсетіп тұрған болар.
 Қорық-мұражай жерленген тұлғаларды анық­тау мақсатында ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарын қолға алып, кітапшалар шығарып жа­тыр. Екі жылдың ішінде 14 тұлғаға ар­нал­ған бук­лет жарық көрді. Осы күнде жерлен­ген­дер ті­зімінде 164 адамның аты-жөні тұр. Олардың қа­тары тың деректер табылған са­йын толыға бер­мек. Жалпы, ұлттық пантеоны бар елдер сау­сақпен санарлықтай ғана. Ұлы­бри­та­ния­дағы пантеон ХІІ ғасырдан бастап қа­лыптасса, Франция мен АҚШ-та ХVІІІ ға­сырда саяси шешім шығару арқылы ұлттың игі жақсыларын бір жерге жерлеу дәстүрі ор­­нықты. Ал біздің ұлттық пантеонымыздың та­рихы ХІІ-ХІІІ ға­сыр­­лардан басталады. Яғни ұлт­тық мақ­та­ны­шымыз деуге толық негіз бар.
– ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи-мә­дени ескерткішіміз Қожа Ахмет Яса­уи кесенесі – сан-салалы мәдениет оша­ғы. Бір жағынан, тарихи-мәдени қо­рық-мұражай, екінші жағынан, мың­даған адам зиярат ететін киелі орын, үшін­ші жағынан, баға жетпес архи­тек­ту­ралық ескерткіш, төртінші жағынан, елі­міздің мақтаныш тұтатын туристік ны­саны. Осындай жан-жақты қызметті қалай үйлестіріп жатырсыздар?
– Түркістан өңірінің тарихы бағзы за­маннан басталады. Бұл аймақта әсіресе діни орындар мен ортағасырлық қалалар көп шо­ғырланған. Осы мәдени мұраны қорғау, сақ­тау, насихаттау ісін Әзірет Сұлтан мем­ле­кеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ат­қарып келеді. Тізімге алынған 157 ес­керт­кіштің қай-қайсысы да біз үшін аса қымбат. Де­­генмен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мәр­­тебесі бөлек екені де анық. Әулие дүр­бе­сі әлемдік сәулет өнерінің бірегей туын­ды­сы екенін ЮНЕСКО да құптап, 2003 жыл­дың шілде айында әлемдік мұра санатына қосты. Тарихи-мәдени ескерткішті қорғау, сақ­тау жұмыстары – бір төбе де, оны ел игі­лігіне тиімді пайдалану – тағы бір мәселе. Қо­рық-мұражайды туристік нысан ретінде то­лық қызмет көрсетіп жатыр деуге келмейді. Ту­ристік индустрия табиғи ресурстар ба­засына сүйенеді. Бұл тұрғыдан алғанда, Түр­кістан өңірінде табиғи ресурстар (тарихи ес­керт­кіштер, денсаулыққа қажетті ши­па­жай­лар, табиғи артезиан сулары, таулы қорық, киелі орындар т.б.) базасы өте мол. Ал ин­дус­трия­ның өзі жоқ. Индустрия болуы үшін оның қо­мақты материалдық-техникалық қоры қа­лып­тасып, экономиканың барлық салаларын қамтуы тиіс. Туристік индустрия дамуы үшін Түркістанға келетін адамдардың қоз­­ғалысын (әуе, су, автомобиль, темір­жол) қам­та­ма­сыз ететін транспорт түрлері, осы салаға қа­жет­ті техникалық қызмет түр­ле­рі болуы ке­рек. Әлемдік экономикада туризм саласы мұ­най саласымен бәсекелес жетекші орын ала­ды. Түркістан қаласы орта ғасырдың өзін­де туризмі дамыған өлке болған. Қа­зір­гі кез­де­гі туризмге келер болсақ, ең ал­ды­мен, эко­номикалық мүдде қалыптасуы шарт. Қа­зір осы жағы жетпей тұр. Әйтпесе аймақта тар­тымды дүниелер өте көп. Бірінші кезекте бұл әлемге танылған бренд Әмір Темір ке­зе­ңі­нің ғажайып сәулет ескерткіші – Қожа Ах­мет Ясауи кесенесі. Бұған 50-60 шақырым жер­де тұрған Арыстанбаб кесенесін, Үкаша ата мазары мен құдығын, ортағасырлық Сау­ран, Отырар қалаларын, Сырдария өзе­нін қосыңыз. Ал әзірге туристердің Түр­кіс­тан­ның экономикалық әлеуетін көтеруге қо­сып жатқан үлесі төмен болып тұр. Қытайдың ар­зан қол заттары емес, жергілікті ше­бер­лер­дің қолынан шыққан заттар ғана сатылса, қол­өнер өркендеп, жаңа жұмыс орындары ашы­лар еді. Түркістанға келген шетелдік ту­рист қазақтың ұлттық асханасын іздейді. Тап­пай бас шайқайды. Қалада турфирмалар тұр­мақ, бөлімдері жоқ. Бұл да саланың жағ­дайын бағамдауға көрсеткіш бола алады. Мен білетін туризмнің ахуалы осындай.
 – Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы тө­ңірегінде жиналатын садақаға қа­тыс­ты қатым оқитын молдаларға, ұжымның жұ­мыс тәртібіне, шаруашылық жайына бай­ланысты әртүрлі әңгімелерді, арыз-ша­ғымдарды естіп жатырмыз. Тарихи қо­рық-мұражайдың басшысы ретінде мәселенің мән-жайын айтып бере ала­сыз ба?
 – Тарихқа үңілер болсақ, Ясауи ба­ба­мыз­ға да қаншама қара күйе жағылды емес пе? Әдетте арыздарда адамдардың аты-жөні жазылмайды не лақап атпен жөнелтіледі. Арыз­дардың сипаты мені қаралауға ар­налады және елді дүрліктіру мақсатын көз­дейді. Соған қарағанда қызмет орны керек-ақ сыңайлы. Түймедей затты түйедей етіп көр­сетуге тырысып бағады. Яғни қараниетті адамдардың анық көздеген мақсаты бар. Ұйып отырған ұжым жікке бөлінсе, жұмыс ыр­ғағы бұзылса, көрсеткіштер төмендесе деп күйттейді. Бәрін жиып қойып айтысса-тар­тысса дейді. Бұл ойлағандары бола қой­мас. Өйткені «жындымен жынды» болғанша, күш-қуат барда қорық-мұражайды дамытуға ба­ғытталған қыруар жұмыспен айналысқан аб­зал. Онсыз да адам ғұмыры өте қысқа емес пе?! Алты жыл бұрын қорық-мұражайда басшылық құрам ауысты. Тарихи ескерт­кіш­тер­ді сақтау, мұражай ісі, қор жұмысын жү­йе­леу, жабдықтау, ғылыми-зерттеу жұ­мыстарын айтпай-ақ қояйын. Ел елең ете­тін садақаға ғана тоқталайын. Есті адам мән-жайды соған қарап-ақ түсінеді. 2007 жылға дейін садақаның қаржысы жылына 6-7 мил­лион теңгеден асқан емес. Басшылық ауыс­қан жылы садақа мөлшері 40 миллион тең­ге­ге жетті. Бұған тәртіптің, қатаң бақылаудың ар­қасында қол жетті. Садақа ақшасын апта са­йын бір рет қала әкімдігі, мәслихат, пар­тия­лар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мұ­ражай қызметкерлерінен жасақталған ко­мис­сия бейнебақылау орнатылған бөлмеде са­найды. Санақ нәтижесі қалалық «Түркіс­тан» га­зетіне алты жылдан бері тұрақты түр­де жа­рия­ланып келеді. Алты жылдан бері са­­да­қаның жылдық мөлшері өзгере қойған жоқ. Осы қаржы бір тиынына дейін Қожа Ахмет Яса­уидің мұрасын, кесенедегі жәді­гер­лерді, та­рихи мұраларымызды наси­хат­тауға, қа­жетті құрал-жабдықтар сатып алуға, ке­се­ненің сақталуына қатысты ғылыми жұ­мыс­тар­ға, шаруашылық жұмыстарға және қыз­меткерлердің жалақысына жұмсалады. Қыз­мет көрсету болсын, зат сатып алу бол­сын мемлекеттік зат сатып алу порталы ар­қылы жария түрде жүзеге асады. Мекеменің қа­р­жылық қызметі жыл сайын тексеріледі. Қар­жыны талан-таражға салу, жымқыру фактілері орын алған емес. Мұны ел жақсы біледі.
 – Атеистік саясат үдеп тұрған кеңес­тік кезеңде Түркістан кесенесін дінге қар­сы музейге айналдырмақ болғанын бі­лемін. Сан ғасырдан бері сақталып жет­кен Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қо­рық мұражайының бүгінгі жай-күйі, ғи­мараттың қауіпті жағдайы БАҚ-та көп ай­тылып жатыр. Кесене құрылысы, шы­ны­мен, қауіпті жағдайда тұр ма? Осыған қатысты нендей шаралар жасап отыр­сыз­дар?
– Қожа Ахмет Ясауи кесенесі әлемдік көз­қараста Әмір Темір дәуірінің бірегей ар­хи­тектуралық ескерткіші ретінде бағаланады. Шараф ад-дин Али Йазди өзінің «Зафар-на­ма» кітабында әйгілі Әмір Темірдің 1397 жыл­дың қараша-желтоқсан айларында әу­лие­лердің сұлтаны, қасиетті шейх Ахмет Яса­уиге зиярат жасап, ескі мазардың орнына жа­ңа зәулім кесене тұрғызуға бұйрық бер­ген­дігі, бұл үшін мұсылман әлеміне белгілі ше­берлер шақырылғаны жазылған. Қарап отыр­сақ, содан бері 600 жылдан астам уа­қыт өтіпті. Күн, жауын, жел сияқты сыртқы ық­палды факторлар әсер етеді. Сондықтан да оған заманауи құрылыс деп қарауға бол­майды. Мәселеге жан-жақты келу қажет. Та­рихи жәдігерлердің бүліне бастауы – әлем­де­гі барша көне сәулет үшін мәңгілік про­­блема. Ал негізгі сұрағыңызға келсек, оған біржақты жауап беру қиын. Тек кейінгі кез­дегі деректердің өзіне сүйенсек, кесе­не­нің жағдайы ХІХ ғасырларда мүлде наша­р­ла­ғанын байқаймыз. Айталық, 1840 жыл­да­ры Түркістанның билеушілері Кесенені қо­қандықтарға қарсы қорғаныс ретінде пай­даланған. Олардың әскері кесенені ала­мыз деп арықтарды бұрып, оның айна­ла­сын суға толтырған. Онан кейін орыс офицері Веревкиннің кесенеге 12 рет зең­бірек оғын атып, негізгі ұстанымдарына нұқ­сан кел­тір­ге­ні белгілі. «Кесененің кірпіштерін сө­гіп алып, тұрмыстық құрылыстарға пай­да­ла­на­йық» деп келетін орыс шенеуніктерінің хат­та­ры да мұрағаттарда сақтаулы. Қалай де­сек те, кесене алмағайып замандардың те­зінен аман өтті. Сондай қилы заманда қи­рамаған құрылыс қазіргідей мемлекеттің ерек­ше бақылауында тұрған мезетте құ­лайды деп үрей тудырудың қажеті жоқ. Әрине, кесе­не­нің күмбезі, кей жерле­рі­нің құздануы мен тұз­дануы алаңдатады. Қо­жа Ахмет Яса­уи ке­сенесінің реставрация мәселесі бо­йын­ша Мә­дениет және ақпарат ми­нистрлігі жы­лы­на екі-үш рет арнайы мә­жі­ліс өткізіп тұ­­­рады. Ал ел аузындағы әңгіме жа­на­шыр­лық­­тан туады. Бұ­қара Әзірет Сұл­тан кесенесін көз­дің қа­ра­шы­ғындай сақтауға бе­йіл, ұдайы на­зарда ұс­тайды. Сол себепті де кешендегі кез келген құ­рылысқа үн қа­та­ды. Осыған орай халыққа құ­рылыс жұмыс­та­ры бойынша бар­лық ақ­па­рат алдын ала жа­рияланып, құ­лаққағыс етілуі тиіс. Ең бас­ты­сы, ес­керт­кіш­тегі рес­тав­ра­ция құрылысқа ай­налмауы қа­жет. Реста­в­ра­циялық жұмыс­тар­дың ғылыми жо­басы екі-үш жыл бұрын жа­салынып, әб­ден тал­қы­лаудан өтуі тиіс. Ес­керткіштің жағ­дайы үнемі ғы­лыми ба­қы­лауға алынып, ғи­мараттың нашарлаған тұс­тары анықталған жағ­дайда бі­лікті ма­ман­дардың кеңесінде қа­ралып, мақұлдануы тиіс. Айтып өт­ке­нім­дей, қандай да бір көне құ­рылысқа тән он­дай қауіп әмәнда күн тәр­тібінде тұрады.
 – Түркия тарапынан жүргізілген рес­та­врация жұмыстарына қатысты ма­ман­­дардың пікірі де ортақ емес. Ма­ман­дардың бір бөлігі «күрделі жөндеу жұ­­мыстары дұрыс істелінді» десе, екін­­ші бір тобы ол пікірмен келіспейді. Қа­­зіргі проблемалардың түбі осы рес­та­вра­цияға байланысты болар?
– Кінәні көзі жоқ біреуге жаба салу абы­ройлы іс емес. Өте мол қаржыға реставрация жүр­гізген Түркия тарапының жұмыс ол­қы­лық­тарына қатысты пікірді сол кезде Қа­зақстан жағынан бақылаған адамдар айтуы тиіс болатын. Асыл мұра бізге тиесілі болған соң, тізгінді де мықтап ұстау керек қой. Өкі­ніш­­­ке қарай, қоғам ішінде түркиялық рес­тав­раторлар туралы сөз қозғалған кезде отан­дық мамандар тасада қалып қоя береді. Шын мәнінде, орындалған жұмыстарды отан­­­дық мамандар бақылап, жасалған жұ­мыс­ты қабылдап алған. Бұл ретте бір айта ке­терлігі, кеңестік кезеңде құздануы мен тұз­дануын, тағы да басқа ақауларын жіті на­зарда ұстап, бақылап отыратын арнайы ма­ман­дандырылған мекеме болған. Оның бір басында арнайы Мемлекеттік ғылыми зерт­теу-институты жұмыс істеді. Қазіргі таңда ол жоқ. Біз кесенеге бақылау жасайтын жүйені қал­­пы­на келтіруге тиіспіз деп ойлаймын. Өйт­­кені Әзірет Сұлтан кешеніне бүгінгі күн­нің тұр­ғысынан ғана қарауға болмайды. Онда қан­дай да бір өзгерістер жасағанда, құрылыс жүр­гізгенде «алдағы онжылдықтар мен жүз­жылдықтарға әсері қандай болады» деп әре­кет жасаған абзал. Ол үшін жаңа айт­қанымдай, ғылыми бақылау, қадағалау жү­йе­сі іске қосылуға тиіс. Яки жоғары тех­но­ло­гиялы ғылыми-зерттеу мекемесін ашу керек. Жә­не бір ескеретін жайт, оның тізгінін де өзі­міздің ұстауымыз парыз. Әйтпесе «анау ке­ліп бүлдіріп кетті, мынау келіп сүрдіріп кетті» деген сыпсың тоқтамайды. Өзіміздің ша­мамыз келмей ме, осындай ескерткіштер мә­селесінде тәжірибесі бар шетелдің ма­ман­дарын шақырайық. Бірақ бәрі де бұған де­йін шыққан және болашақта шығуға тиіс ғы­лыми шешімдер мен байқауларға сәй­кес­тен­діріліп, ақылдаса отырып жасалуы керек. Дүрбе айналасына «кесенеге жай ғана құ­рылыс деп емес, мемлекетіміздің жүріп өт­кен жолы» деп қарайтын ғылыми дайындығы бар кәсіби мамандар топтастырылса, нұр үс­тіне нұр болар еді.
– Әңгімеңізге рақмет!

Алашқа айтар датым...
Мағжан атамыз «Екі дүние есігі, Ер түріктің бесігі» деп жырлаған Қасиетті Түркістанда, киелі көк күмбездің астында Ер түріктің ерен ерлері мәңгілікке тыныстап жатыр. Сіздің де әңгімеміздің басында «Алаш тарихын қасиетті Түркістан кесенесінен бөле-жара қарай алмаймыз» деуіңіздің сыры сонда деп білемін. Олай болса, менің Алашқа айтар ұсынысым: ұлттық пантеонға айналған осынау қасиетті орынға ұлт тарихына немқұрайды қарай алмайтын, өзін қазақтың перзенті санайтын әр азамат жылына бір рет келіп қайтуды дәстүрге айналдырса, ұрпағына үлгі етсе, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін. Өйткені бұл төл тарихымызға, ұлт руханиятына халықтық бетбұрыстың басы болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста