Мен – Мұстафа әлемінің тұтқынымын

Қасымхан Бегманов, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты:

– Қазақ «Жақсының аты өлмейді, ға­лымның хаты өлмейді» дейді. Дей­тұр­ғанмен, біз жақсыдан жаман, жау жасап, елінен қуып, қаңғыртқан, ға­лымның хатын отқа өртеген заманды да көрдік. Одан кейін келген бүгінгі за­ман­да іздеушісі, жоқтаушысы болмаса жақ­сы да өледі, керісінше тіреуіші мық­ты болса түкке тұрғысыз біреуді тұл­ға­ға айналдыруға да болады. Мі­не, осындай кезде былтыр өзіңіз бір игі іс бастап, «Мұстафа Шоқай жо­лын» бағытқа алдыңыздар. Биыл Бер­лин­де сол сапардың соңғы нүктесін қо­йып­сыздар. Қандай олжамен орал­ды­ңыз­дар?
– «Мұстафа Шоқай жолымен» жо­ба­сын бастаған былтырғы жылдан  бері біз 8 бағытта сапарға шығыппыз. Негізгі мақ­сат Мұстафадай 20 жылдай елден жы­рақта жүріп, тек қана қазақ халқы емес, бүкіл түркі халқының Тәуелсіздігін ар­мандап, мүддесін көздеген біртуар ба­ба­мыздың артында іздеушісі барын біл­­діріп, мұраларын жинап, келешекке қал­­дыру болатын. Ең әуелі Қызылорда об­­лы­сы, Шие­лі ауданындағы қазір құм­ның ас­тын­да қалған Мұстафаның туған же­рі Нар­шо­қыдан басталған сапарымыз Шие­лі, Қы­зыл­орда, Ташкент, Ферғана, Қо­­қан, Самар­қан, Санкт-Петербург, Тби­лиси, Баку, Батуми, Кутаиси қала­ла­ры­мен тоқ­та­ған болатын. Биылғы жы­лы қаңтардың 29-ы күні Алматы әуе­жа­­йы­нан аттанған осы жолдағы соңғы са­парымызды біз Париж қаласынан бас­тап, ба­ба­мыздың басына қиын күндер ту­ған­да пана болған Францияның Париж, Шель, Ножан қалалары мен жаназасы шығарылған Берлин қаласымен аяқтауды жөн көрдік. Алдын ала жоспарланғандай бізді Еуропа бағыты бойынша сапардың үй­лес­тірушісі, белгілі шоқайтанушы ға­лым Әб­ді­уақап Қара, Мұстафа Шоқай атын­дағы Франция-Қазақстан достық қо­ға­мының төрағасы Яшар Дініш және сон­да­ғы қазақ диаспорасының өкілі Семей Жігіт күтіп алды. Содан олар бізді бірден Мәриям Шоқай апамыздың күнделігінде айтылғандай, Мұстафа бабамыз екеуін Парижге тұңғыш табан тірегенде қазан татары Фуат Тоқтар күтіп алған  Гар де Лион теміржол бекетіне алып келді. Мұстафа Шоқайды Петербордағы Ре­сей мұсылмандарының ортақ саяси жұ­мыс­тары кезінен білетін досы оларды Порт Дофиге жақын маңдағы бір қарт жур­на­листің жанынан бөлме жалдап, сонда ор­на­ластырады. Сол тар ғана бөлмедегі қо­ңырқай тіршіліктері жайында Мария апа­мыз өз естелігінде: «Париждегі ең ал­дымен сатып алған нәрселерім: кофе үгі­тетін диірмен, шәйнек, үш шыныаяқ пен кас­трөл болды. Бір күні мен үй иесінен рұқ­сат сұрамастан спирт  ошағына борщ пі­сір­дім, тамақтың исін әйел әрине, сезбей қал­мады. Бірақ та ақылды әйел біздің елі­міз­ді сағынып жүргенімізді түсініп, бір жол­ға ештеңе демеді. Бұдан кейінгісіне рұқ­сат бермейтінін, басқа жерден пәтер та­уып беретінін айтты. Тауып берді де, бір ап­та­дан соң біз Авеню Моцарт көшесіндегі 64-үйде екі бөлмелі, асханалы, жасауы бар пәтерге көштік» деп жазған екен. Қа­зақ­тың даласында қымыз ішіп, ет жеп өс­кен қайран бабамыздың шет жерде осын­дай ашқұрсақ жүргенін білгенде, тіп­ті жылағыңыз келмей ме? Біз дереу сол Авеню Моцарттағы үйді іздеуге кірістік. Әб­ді­уақап Қара шоқайтанушылардың еш­бі­рінің әлі күнге ол үйді таппағанын тілге тиек етті. Бірақ біз табандылық танытып, сол үйді қалайда табуды көздедік. Таптық, бі­рақ өкінішке қарай, үйдің орнын сипап қал­дық. Көне үйлердің арасында 62 және 66 үй­лер тұр екен де, дәл біз із­де­ген 64 үй бір­неше жыл бұрын бұзылып кетіпті.1921 жы­лы осы үйде тұрған Мұстафа атамыз бен Ма­рия жеңгеміз күнкөріске қаржы таппай қи­налған соң түскі тамақ әзірлеп сатқан екен. Дәл сол үйдің үйіндісінің үстінде тұ­рып, біз бір кездері министр болған  Мұс­тафа бабамыздың басынан өткерген қиын күндерін көз алдымыздан өткізуге тал­пын­дық. Онсызда Отанынан жырақта са­рытап сағыныш пен мұң кешіп жүрген Мұстафаның отбасын қаржы қиындығы қи­найды, аяқ астынан Мария апамыз да нау­қастанып қалады. Германияға барып, алты ай ем­деліп келген соң отбасы Парижге емес, қала сыртындағы Ножан Сур-Марннан үй жалдайды. Мұстафа Шоқайдың орыс босқындарының баспасөзіне жиі-жиі ма­қа­ла­лар жазатын, осы тұс болса керек. Біз бұл сапарымызда бабамыздың 300-ге жуық мақалалары мен қолжазбасын алып келдік. Ондай құнды мұраны біз Фран­цияның мұрағаттарынан таптық. Осы тұста бір айта кетерлігі Кавказда, Стам­бул­да, Әзiрбайжанда болғанымызда ол ел­дің зиялы қауымы біздің жобамызға қат­ты қызыққандарын жасыра алмады. Өз­де­рі­нің қаншама құндылықтарының, ұлт тә­уел­сіздігі үшін құрбан болған  Мұстафа се­кілді арыстарының іздеусіз қалғандарын ойлап, біртүрлі қамығып қалды.
– Сіздер Ножан Сур-Марндағы Мұстафа бабамыз қайтыс болғанша тұрған үйін таптыңыздар ма?
– Иә, таптық. Square de la Fontain кө­ше­сін­дегі 1933 жылдан бастап 1969 жылы ба­бамыз қайтыс болғанша тұрған ол үйге Мұс­тафа Шоқайдай қазақ халқының бір­туар азаматы тұрғандығын айғақтайтын бел­гі қойылыпты. Үйдің ауласына қо­йыл­ған ескертіш тақтаны 2001 жылы ҚР Пре­мьер министрінің орынбасары болып тұр­ған кезінде Иманғали Тасмағамбетов пен сол тұста Франциядағы Қазақстан ел­шісі Ақмарал Арыстанбекова Ножан қа­­л­а­сы әкімшілігімен бірлесе отырып қой­­ған екен. Сол үйге де табан тіреп, ба­ба­мыз тұрған 42-пәтердің қоңырауын бас­­cақ, ешкім жауап бермеді. Онсызда қо­­бал­жып тұрған көңіліміз енді уайымға түсті. Та­балдырыққа келіп тұрып, ішке ене алмағанымызға ыза болып тұрмыз. Ары күттік, бері күттік, ақыры жауап бол­маған соң, біз қазақ диаспорасының қыз­мет­керлеріне қайтқанымызша қалайда үйге кіріп, көзбен көрсетуді өтіндік. Өзіміз уақыт жоғалтпай мұражай, мұрағаттарды аралауға кеттік. Ножан қалалық орталық музейінде Мұстафаға арналған мүйіс бар екен. Онда қайраткердің жеке портреті, жұмыс үстіндегі бейнесі, және тәуелсіз еліміздің Көк байрағы қойылыпты. Мұс­та­фа тұрған үйге де Көк байрақты ілгілері кел­ген екен, бірақ үй жеке адамның ие­лі­гінде болғандықтан, ойды жүзеге асы­ра алмағандықтарын  айтқан музей ди­рек­торы Оливье мырза қазір ол жерде М.Шоқай атында шағын аллея барын, бо­ла­шақта соны үлкен баққа айналдырмақ ой­лары барын зор қошеметпен жеткізді. Но­жан мұрағатынан біз Мұстафа Шоқайға қа­тыс­ты екі маңызды құжатты кездестірдік. Бі­рін­шісі – Мұстафа бабамыздың қай үй­дің қай пәтерінде тұрғаны анық жа­зыл­ған анықтамалық журналы. Журналда 139-шы болып тіркелген бабамыз жай­лы былай деп жазылыпты: «Шоқаев Мұ­с­та­фа –  1890 – Шиелі – жұбайы бар – ер – отағасы – журналист». Екіншісі – пәтерді жал­ға алғанда төлеген кітапша, Мұнда Мұс­тафа мен Мария Шоқайдың қай үй­де, қан­ша жал­пұл беріп тұрғандығы көрсетіліпті. Француз достары «Түркіс­тан­­ның уақытша астанасы» деп атаған Шо­­қай­дың Ножандағы үйіне «кіруге рұқсат ал­­­­дық» деген қазақ диаспорасының ха­ба­ры жет­­кен сәттегі қуа­ны­шымыз­ды сөз­­бен ай­­тып жеткізу қиын. Қазір ол үй­де Сту­­пар Ми­­­­лар деген азамат Се­то­вик Ме­ри­ка есім­ді әйе­­­лі­­мен, Ди­фан ат­ты жас­қа тол­ма­ған ұлы­мен бірге тұрады екен. Пәтерге кіре бе­рісте Мұс­тафа атамызды туған жерімен, дос­та­ры­­мен байланыстырып, талай хат-хабар алы­сып тұрған пошта жәшігі қалыпты. Мұн­­таздай таза үй ішіне көз жүгіртіп, қиял­­мен біраз шарлап шыққаннан ке­йін үй иелеріне бұл үйдің өзіміз үшін қан­ша­лық­­­ты маңызға ие екендігін, онда кімнің тұр­­­ға­­нын түсіндірген соң сыртқа беттедік. Қа­­зақ­­­стан­ның Франциядағы төтенше жә­­не өкі­лет­­ті ел­ші­сі Мұрат Тәшібаевпен кез­­дес­кен­де біз Мұстафа бабамыздың Па­­риж бен Ножанда тұрған төрт үйінің бі­рін сатып алып, мұражайға айналдыру тура­лы ұсынысымызды айттық. Жалпы, біз әр са­­парымызда барған жеріміздің бас­шы­лы­ғына түрлі ұсыныстар айтып, әрқилы құн­­ды мұраларға кезігіп,  таспаға түсіріп жүр­­дік. Осындай үлкен жұмыстардың нә­ти­­­жесі – бүгінде қолымызда Мұстафа Шо­қай туралы екі томдық тың деректер мен бір­­неше сериялы деректі фильм бар.
– Зерттеушілердің ешбірінде жоқ, ес­тіген елді елең еткізетін әрі ба­ба­мыз­дың мұрасын толықтыратын тың дү­ниеге қол жеткізе алдыңыздар ма? Жал­пы, сапар барысында мұражай мен мұрағат материалдарынан бөлек  қо­сымша дерек көздерін қарастырып көр­діңіздер ме?
     –  Біз Парижге барысымен қасы­мыз­да жүрген түрлі ұйымдар өкілдеріне Мұс­тафа Шоқайға қатысты мәлімет беретін немесе сол кездегі эмигранттар жай­лы деректер білетін ғалымдардың, зерт­теушілердің хабарласуын өтінген едік. Со­нымыз, расында, өз септігін тигізді. Ме­нің ұялы телефоныма Андрей Корляков есім­ді азамат хабарласып, Парижде тұр­ған эмигранттар туралы фотоальбом шы­ғар­ғанын айтты. Бәлкім, ішінде біздің баба­мыз­дың да суреті табылып қалар деген үміт­пен тарихшының үйіне бардық. Есіктен ен­ген­нен әлемдік кітапханаға енгендей әсер алдық. Алдымызға жайып салған аль­бом­нан  Мұстафа атамызды іздейміз. О ғажап, шынында да, біраз ақтарғаннан ке­йін бір суреттердің арасынан маңдайы жар­қыраған  Мұстафа Шоқай шыға кел­месі бар ма?!. Үстел басында 8 адам отыр­ған сурет астында «Шетелде жүрген орыс аза­маттарының құқығын қорғау бюросы. Орыс заңгерлер қоғамының кезекті оты­ры­сы» деп әрқайсысының аты-жөні жазылып қой­ған екен. Бұрын-соңды еш жерде жа­рия­ланбаған суретке біз осылай қол жеткіздік. Берлин ұлттық кітапханасы бізге 1943-44 жылдары жарық көрген «Ұлт әдебиеті» («Милли адабият») журналының он шақты санын тауып берді.  Басылым бетінде Абылай хан, Шоқан Уәлиханов, Абай, Мағжан жайлы қазақ зиялыларының шығармалары басылыпты. Біздің тапқан жа­ңа­лығымыз – журнал беттерінен Түр­кіс­тан легионына қатысты фотосуреттер.  Мұс­та­фа Шо­қай қайтыс болған соң Түр­кіс­тан легионының жетекшісі қызметін ат­қар­ған әрі журналдың редакторы Вали Қаюм-ханның неміс қолбасшысы генерал ма­йор Хайгендорфпен әңгімелесіп түскен су­реті бұрын-соңды ешбір баспасөз бе­тін көрмепті. «1922 жылы онымен бірге Тро­ка­деордағы этнография музейін ара­ла­ға­нымыз әлі есімде. Мұстафа сол жерде бір домбыра көріп қалды да, тағатынан айы­рылды. Сол жердегі қызметкерден рұқсат сұ­рап, аспапты қолына алып құлақ күйін кел­тірді де, әсем қазақ әуенін орындап шық­ты. Сөйтті де, аспапты орнына қойды. Жа­бырқау болатын, жанары жасқа толы еді. Мен алғаш және соңғы рет Мұс­та­фаның көз жасын сол кезде көріп едім» деп Мария Шоқай өз күнделігінде жаз­ған атақты Эйфель мұнарасының жа­нындағы осы мұражайға кіре алмадық.  Есе­сіне, Мұстафа Шоқайдың архиві ор­на­ласқан Шығыс тілдері мен өрке­ниет­тері институтына бардық. Қазақстан Тәуелсіз­ді­гінің 10 жылдығына орай Елбасымыз Фран­ция­дан Мұс­тафа Шо­қай мұ­ра­ға­ты­ның 6000 парағын микрофильмге түсіріп, ел­­ге алдыртқан екен. «Мәдени мұра» бағ­дар­­ла­­масының құжаттарына енген сол қа­ғаз­дардан бөлек біз бабамыздың «Жас Түр­кістанға» жазған мақалаларын кө­ріп, қол­мен ұстадық. Мұрағаттардың ішінде ең бір елең еткізгені урду тілінде шы­ғатын жур­налдағы Мұстафа Шоқайдың ма­қа­­ла­сы болды. Мұның өзі тұлғаның сол тілден ха­бары болғанын көрсетпей ме? Со­дан ке­йін сол тұста жарық көрген «Қазақ әде­биеті» газеті мен Тбилисиде жазған өле­ңін ұшыраттық. Осы күні кешкі асты біз «Петроград» мейрамханасында Мұстафа ата­мыз бен Мария жеңгеміз отырған орын­дықтарда отырып іштік.
– Қай елдің де ішкі жандүниесін, сырт­қы бейнесін қаламгерлер жа­сай­тыны белгілі. Мұстафа Шоқай ба­ба­мыз да кезінде француз ақын-жа­зу­шыларымен етене араласқаны дау­сыз. Олай болса, сіздер осы са­пар­ларыңызда қаламгерлермен кез­дес­ті­ңіз­дер ме?
– Қазақтың өршіл ақыны Махамбет Өте­місұлының туғанына 200 жыл толуына орай өлеңдерін француз тіліне аударған Жак Жуэмен кездестік. Ол өзінің соңғы кез­де­рі Мұстафа Шоқай туралы оқып, зерттеп жүр­генін, тіпті осы орайда екі жобасы ба­рын айтты. Оның бірі – Мұстафа Шоқай та­қы­рыбының тарихи маңызы болса, екін­шісі – Париждің екі соғыс аралығында қал­ғанда кешкен қаралы күндері, соның ішін­де әрине Мұстафа да бар дейді. «Маған Ста­линдей уақытша болған ұлылар емес, Мұстафа Шоқай тәрізді мәңгілік ұлы­лар керек» деді ақын. Сондай-ақ өзі­нің 20 жылдай ғұмырын Қазақстанға, атап айтқанда Абай, Шәкәрім, Қаныш, Мұх­тар туралы зерттеген ғалым Альберт Фиш­лер­мен де кездестік. 
– Айтпақшы, Мария апамызды кей ғалымдар мұсылмандықты қа­был­­даған десе, кейбірі оны жоққа шы­ға­рады. Осының анық-қанығын дә­лел­деп беретін бір нәрсе анықтай ал­ды­ңыз­дар ма?
– Осы сапардың соңында біз бұған бәтуа айта аламыз. Мұстафаны қанша жақ­сы көрсе де Мария жеңгеміз оның ді­нін қабылдамай, өзінің христиан дінінде қал­ған­дығын құлпытасының басына қойылған крест айғақтап берді. Алайда апамыз мұ­­сыл­­мандық жолды құрметтеген, оған дә­­лел Мұстафа Шоқайды мұсылманша жер­­леп, жаназасын шығаруы, қайтыс бол­ған­­нан кейін де үнемі дұға бағыштап отыр­ған­­ды­ғы.
– Сонымен сапардың соңғы нүктесін Бер­­­­лин­­­де­гі­ ба­­ба­­мыз­дың бе­йі­тін­де қой­­­ды­­­ңыз­­­дар... 
– Бүкіл түркі халқының қамын жеген, ға­жайып тұлға Мұстафа Шоқайдың мәң­гі­лік да­мылдаған жері – Берлиндегі ша­һа­ры­на, баба бейітіне бізге дейін ат ізін салғандардың бірі әлемге танымал жа­зу­шы, марқұм Шыңғыс Айтматов болса, ха­лық қаһарманы, белгілі жазушы Қасым Қай­сенов те көзінің тірі кезінде осында бір келіп: «Сен бұл жерде бекер жатқан жоқ­сың ғой...» деп көзіне жас алған екен. Бе­йіт басында тұрғанда қабір күзетшісі Ке­рим Чели есімді түрік жігіті таңғаларлық бір жайтты баяндады. «2008 жылғы ораза айын­да, Қадір түнінің қарсаңы болатын. Таң­ғы сәресінің қарсаңында дәл осы Мұс­тафа бейдің басынан жарқыраған нұр көрдім. Және ол көрініс үш күн бойы қай­та­лан­ды. Жұмыс істеп жүргеніме небары 6 ай ғана болғандықтан, мен тіпті бұл бе­йіт­тің кімдікі екенін де білмейтінмін. Кейін сұ­рас­тыра келе оның дүйім түркі халқының азат­ты­ғы жолында құрбан болған тұлға екенін біл­дім». Айтса айқандай-ақ, Мұстафа Шо­қай Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фа­шис­тердің қолына түскен қаншама тұтқын мұ­сыл­ман­дарды құтқарып қалған. Мария Шо­қай естелігінде бұл туралы мынадай жол­дар жазылған: «Қараша айының ішін­де бір адам маған Мұстафаның хатын әке­ліп берді. Хатында Мұстафа соғыс тұт­қын­да­рының шегіп жатқан азабы мен жан­қияр­лық халдерін жіктеп, суреттеп жазған бо­латын... 35 мұсылман тұтқынның сүн­дет­телгені үшін еврейлер ретінде өлімге бұ­йы­рылған жерінен құтқарып қалғанын, аш­тық­тан тұтқындар өз жолдастарының жү­регі мен өкпесін жегенін, сақырлаған аяз­да жалаңаш қалпы терең құдықтарды па­на­лағандарын, құдықтың қабырғаларын жаң­быр мен қардан қорғану үшін қол­дарымен қазғанын көріп шыдай ал­май­тынын, оларға  көмектесе алмайтын бол­ғандықтан, одан да өлімді артық са­найтынын жазды». Мұстафа Шоқай тұт­қындағылардың ауыр жағдайына қарап оты­ра алмай, өзіне қауіп төнетініне қа­ра­мас­тан, лагерь әкімшілігіне былай деп хат жол­дапты: «Сіздер – немістер, өздеріңізді Еу­ро­падағы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениет­те­ріңіз менің көріп жүргендерім болса, он­да мен сендерге де тұтқындардың шеккен аза­бын көруіңізді тілеймін. Сіздер ХХ ға­сырда өмір сүре отырып, ХІІІ ғасырда Шың­ғыс­хан­ның жасаған зұлымдығынан асы­рып жі­бер­діңіздер. Мәдениетті халық екен­діктеріңізді айтуға хақыларыңыз жоқ». Біз осы ай­тылған «Саксенхаусен» лагеріне бар­дық. Осы лагерлерде 2 миллиондай түркіс­тан­дық­тар азаппен өлтіріліпті. Бүгінде еврейлер немістердің кезінде көр­­сет­кен қорлығы үшін өтемақы талап ету­де, ал еврейлерден әлдеқайда артық ада­мынан айырылған түркі халықтары бұл жө­нінде жұмған аузын ашқан да емес.
– Аталған жоба әу бастан-ақ «Тұран Әлем банкінің» қаржыландыруымен жү­зеге асып келе жатқанын білеміз, алай­да соңғы кездері аталған банк дү­ние­жүзілік дағдарыстың салқыны тиіп, бір­шама тұралап қалды емес пе? Бұл өз ке­зе­гінде «Мұстафа Шоқай жолымен» жо­ба­сына кері әсерін тигізбей ме?
– Соңғы кездердегі банктің басындағы жағ­дай жалпақ жұртқа мәлім. Оны жасыра ал­май­мыз. Басшылығының ауысуына бай­ланысты қазір көптеген жобалар қайта қа­р­а­лып жатыр. Дейтұрғанмен, біз де қа­рап қалмай бастаған жобаны аяқсыз қал­дыр­мау жөнінде ұсыныстарымызды жаңа басшылыққа айтып жатырмыз. Бай­қа­уым­ша, жоба әрі қарай жалғасатын секілді. Шы­нымды айтсам, егер ол бітіп қалса біртүрлі қы­зық күйде қалатын сияқтымын. Себебі Мұс­тафа Шоқай – өзінше бір әлем. Ол өзі­не енген адамды қайтып шығармайтын бір тылсым құдіретке ие. Мен сол Мұстафа әле­мінің тұтқындарының бірімін...

Жармақ
Сапар барысында біз Мария Шоқайдың зиратына зиярат етуді көздегенбіз. Ол Францияның шағын ғана қалашығы Шелльде екен. Жолға шыққанда жауын шелектеп құйып тұрды. Маған ол бейнебір Мұстафа мен Марияның қиналысы мен сағынышынан шыққан көз жасындай болып көрінді. Алаштың, қала берді түркі халқының азаматын алақанға салып аялаған, бүкіл ғұмырын соның жолына құрбан еткен асыл жардың бейітінің басында тұрып қалайша тебіренбейсің? Мұстафа қайтыс болған соң қаншама жылдан кейін көз жұмған өзін арулап көметін аядай ғана жерді сатып алу үшін Мұстафаның көзіндей болған ақ пианиноны сатуға мәжбүр болыпты. Басында 50 жыл деп көрсетілген келісімшарттың мерзімі 2015 жылы бітеді екен. Одан кейін мерзімін ары қарай ұзартпаса, Мария Шоқайдың денесін зираттан шығарады.

Қайрақ
Мұстафа өз ойын, мақсатын жүзеге асыра алатын бірден-бір ел болса, ол Фран­ция екенін терең сезінген. Қателеспепті де. Сонда жүріп «Прометей» атты ұйым құ­рып, сондай ат­пен журнал да шығарыпты. Сондай-ақ татар, башқұрт секілді түркі зия­лы­ларымен ты­ғыз байланысып отырған. 1923 жылдың 15 наурызында Мұстафа Шоқай Фран­цуз Пар­­ла­мен­ті­нің депутаты Жео Жеральдқа Ресейдің саясаты мен Түркістандағы сая­с­и ахуал жа­­йын­да жа­зыл­ған көлемді материалын жолдайды. «Түр­кіс­тан ұлттық қоз­ға­лысының мақ­­сат­та­ры мен бағыттары» атты бұл материалда Түркістан ав­то­номия­сы­ның күрделі сая­си ахуа­лын, басына төнген қауіпті, яғни больше­вик­тердің бас­қын­шы­лық саясаты мен соның салдарынан аштық пен қуғын-сүр­гінге ұшы­раған бір жа­рым мил­­лион мұ­­­сыл­­­ман­ның құр­­бан бол­­ған­­ды­­ғын баян­­дай­­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста