Мақта талшығын терең өңдеп, дайын бұйым түрінде экспортқа шығарсақ, бастапқы құны жеті есе өседі

Мақта талшығын терең өңдеп, дайын бұйым түрінде экспортқа шығарсақ, бастапқы құны жеті есе өседі

Ибадулла Үмбетаев, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

– Ибадулла аға, еліміздегі мақта ша­руашылығына оңтүстік өңірдегі су тап­шылығы кері әсерін тигізетіні жиі ай­тылады. Сондықтан өзіңіз басқарып отыр­­ған институт тығырықтан шы­ға­тын жолды мақтаның жаңа сорттарын ой­­лап табудан іздеді. Институт қабыр­ға­сында мақтаның қанша түрі дүниеге келді?
– Шынын айтқанда, 2000 жылға дейін елі­мізде аудандастырылған мақта сорттары болған жоқ. Өйткені кеңес дәуірінде елі­міз­дің мақта шаруашылығына қатысты ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстары көршілес Өзбек­стан­ға тәуелді еді. Сөйтіп, көрші елдің мақ­та сорт­тары егіліп келген. Ал 2000 жылдан бас­тап Үкіметтің тікелей қолдауымен, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс­ти­туты селекционерлерінің қажырлы еңбе­гі­нің нәтижесінде жергілікті топырақ-климат жағдайына бейімделген, сор­таң­да­ну мен ылғал тапшылығына шыдамды, бұ­рынғы сорт­тармен салыстырғанда суды 35-37 пайызға кем талап ететін, ерте пісетін (110-115 күнде), мол өнімді, сапасы ше­тел­дік сорт­тардан қалыспайтын, тіпті кейбір көр­сет­кіштері жағынан жоғары, бәсекеге қа­бі­летті мақтаның 10 жаңа сорты шы­ға­рыл­ды. Олардың бесеуі аудан­дас­ты­рыл­ды, то­ғы­зы­на авторлық куәлік берілді. Ал ПА-3031, ПА-3044, М-4005 сорт­тарының се­лек­ция­лық жетістігіне Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы комитетінен инновациялық патент алынған.
Сапа жағына келсек, мақтаның отандық сорт­тары орта талшықтылардың ішінде жо­ға­ры көрсеткіштерге жетіп, талшықтың ор­та­ша шығымы – 38,7-39,3%, үзілу ұзын­ды­ғы – 26,1 км, беріктігі – 4,9 гк, микронейрі – 4,5, талшықтың ұзындығы – 34,1 мм құ­ра­ды. Бұл көрсеткіштер көрші елдердегі сорт­тармен салыстырғанда әлдеқайда жо­ға­ры. Қазір 110 мың гектар жерге ау­дан­дас­ты­рылған бес отандық мақта сорты егіледі. Бұл еліміздегі жалпы мақта егістігінің 80 пайызынан астамын құрайды
– Өткенде жеңіл өнеркәсіп сала­сын­дағы өзекті мәселелерге арналған жиын­да шикізат мәселесі тағы да сөз етілді. Мата мен дайын тігін өнім шы­ға­ратын кәсіпорындар өзімізде өсірілетін мақ­таның бағасы қолжетімді бол­ға­ны­мен, сапасы шетелден әкелінетін ши­кі­заттан кем түсетінін айтып қынжылады. Сіз осындай пікірмен келісесіз бе?
– Мен мұндай пікірмен келіспеймін. Бұл тегіс жерден тікен іздеумен бірдей. Ше­тел­ден әкелінетін шикізат жіңішке талшықты, яғни ІІ-ІІІ – типті мақта. Жыл сайын орта есеп­пен шетелден 1000 тоннаға ғана жуық мақта әкелінеді. Ал мұндай жіңішке тал­шық­ты мақта бізде пісіп-жетіліп үлгермейді. Тиімді температура (4800-51000С) же­тіс­пейді. Біздің жеріміз – дүниежүзіндегі мақта өсетін ең солтүстік нүкте.
Шикізат өндірушілердің алдына қойыл­ған басты мақсат – әлемдік талапқа сай жо­ғары сапалы мақта талшығын өндіру. Егер біздегі мақта талшығының сапасы төмен болса, ешқандай мемлекет оны сатып алмас еді. Онда мақта кластерінің сабақтастығы үзіліп, сапасыз өнім қоймада жатып шіриді. Сондықтан біз өнім сапасына көңіл бөлуіміз керек. Ал талшық сапалы болуы үшін жо­ға­ры сапалы тұқымдық шитті жасау керек. Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты селекционерлері элиталық тұ­қым­дық шаруашылықтар үшін жыл сайын 30 тонна элиталық, 15 тонна түпнұсқалық тұ­қымдық шит дайындайды. «Кетебай», «Нысан», «Тұран», «Қараша», «Құлтөре» сияқ­ты тұқым шаруашылықтары тұқымдық шитті көбейтіп, мақта шикізатын өндіруші фермерлерге береді.
«Қазақ мақтасы бәсекеге қабілетті ме?» деген сауалға келсек, жіп иіру мен мата тоқу үшін шетелдерден қосымша «ақ алтын» сатып алады деген әңгімені де құлақтарыңыз шалған шығар. Айтып отырғаным – III типті мақта. Немесе оны жібек мақта деуге бо­ла­ды. Жіңішке талшықты мақтаны жіп иіруге, мата тоқуға аздап қосады. Мұндай мақта біздің өңірде пісіп үлгермейді. Ол Түрік­мен­станда, Өзбекстанның Қашқадария, Су­хан­дария облыстарында ғана өседі. Қазақстан мақтасының сапасы төмендеу дейтіндер де кездеседі. Меніңше, олар – мақта ша­руа­шы­лығының қыр-сырын түсінбейтіндер.
Бізде ІV-V типті орта талшықты мақта өн­діріледі. Мақтаның талшығы сапасына қарай I-II-III-IV-V сорт болып бөлінеді, III-типті жіңішке талшықты мақта да осындай сортқа бөлінеді. Әлемде мақта қозасы 34 млн гектар алқапта егілсе, осы өндірілетін мақ­таның 85 пайызы – осындай орта тал­шық­ты IV-типті мақта талшығы. Ал әлгіндей қоспасы болса, мақта бағасы қымбаттайды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында тек IV және V-типті орта талшықты мақта өнді­рі­леді. Сондықтан III-типті жіңішке талшықты мақтаны шеттен сатып алуға мәжбүрміз.
Біздің бірінші кезектегі мақсатымыз – үшінші типті мақта шығару. Қазіргі таңда біз­дер мақтаның сыртқы орта факторларына төзімді өсімдіктің генетикалық, биологиялық қорларына пайдалану негізінде III-IV типті мақта талшығын шығару мақсатында ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жат­қа­нымызға жеті жыл болды. Оның сапасы да жоғары болуы тиіс. Сәтін салса, төрт-бес жылда Түрікменстандағыдай жібек мақ­та­ның бір сортын шығаруға болады. Осы жұмыстан нәтиже шығару үшін ол 2012-2014 жылдарға арналған жоспарға енді.
Шаруа қожалықтарын түгелімен отандық сапалы, жоғары репродукциялық шитпен қамтамасыз ету үшін тұқым шаруашылығы жүйесін түбегейлі өзгертумен қатар, бұл салаға мемлекеттік қадағалау мен қолдау қажет. Ол үшін тұқымдық шиттің көлемін 8000 тоннаға (оның 2000 тоннасы тұ­қым­дық қамсыздандыру қоры) жеткізіп, эли­та­лық тұқым шаруашылықтарының санын қазіргі 16-дан 20-ға дейін көбейтумен қа­тар, тұқымдық шитке егілетін жер көлемін 10 мың гектарға жеткізу керек болады. Қазір жұмыс істеп жатқан, жаңа құрылатын эли­та­лық тұқым шаруашылықтарға мемлекеттен берілетін субсидияны қайта енгізумен қатар, оның мөлшерін көбейту қажет. Сонда ғана біз мақта өндірушілерді сапалы, жоғары реп­родукциялық тұқымдық шитпен қам­та­масыз етуге қол жеткіземіз.
2009 жылы «ҚазАгро» АҚ Мақтаарал ау­данында республикасындағы барлық мақта өндіретін шаруашылықты жоғары сапалы тұқымдық шитпен қамтамасыз ететін жаңа зауытты іске қосты. Зауыт өзінің жақсы нәтижесін беруде.
Тағы да қайталап айтайын, мемлекет тарапынан мақта саласын дамытуға жақсы қолдау көрсетіліп отыр. Халықаралық мақта ке­ңестік комитетінің мәліметінше, дүние­жү­зіндегі 70-тен астам мақта шикізатын өн­ді­руші мемлекеттердің арасынан тоғыз мем­лекет диқандарға қолдау көрсетеді екен. Мәселен, 2010 жылы Қазақстан, Қытай, Түр­кия, АҚШ, Австралия, Үндістан, Мек­си­ка, Бразилия, Болгария жақсы қолдау көр­сет­кен. Біздегі мақта саласындағы мем­ле­кеттік қолдау: өсімдік қорғау, тұқым өндіруді қолдау, тыңайтқыштардың бағасын тө­мен­дету, су шаруашылығын қолдау, жанар-жағар майды субсидиялау, мақта шикізатын сатып алу, мақта шикізатын және мақта тал­шы­ғына экспертиза жасау жұмыстары бойын­ша жүргізіледі. Мақта өндірісін де­меуге 2005 жылы 3 млрд 243 млн теңге бө­лінсе, 2010 жылы 5 млрд 403 млн теңге бө­лінді.
Бір қуаныштысы, Елбасы мақта саласын да­мытуда алға қойған межелерді өзі тікелей бақылауға алып, нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысында еркін экономикалық ай­мақ құрылды. Мақта-тоқыма кластерінің алғашқы қазығы қағылып, жаңа жобаның жұл­дызы жанды. Қазір Елбасы ұсынған мақ­саттың іске асқанын көріп отырмыз. Өйт­кені былтыр өндірілген мақта талшы­ғы­ның 32,5 мың тоннасын өзімізде өңдеу мүм­кіндігіне қол жеткіздік. Елімізде «Ме­ланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «South Textilene kz» ЖШС, «Oxy Textile» ЖШС, «Хлопкопром-цел­люлоза» ЖШС сияқты әрқайсысы жы­лына 7-8 мың тонна мақта талшығынан жіп иіретін, мата тоқитын, жаңа үлгідегі бәсекеге қабілетті тауар өндіретін фабрикалар іске қо­сылды. Енді 5-6 жылда жоспардағы «Ютекс-KZ» АҚ, «СП «TurKaz Textile» ЖШС, «Чалык» холдингі сияқты әрқайсысы жы­лы­на 15-23 мың тонна мақта талшығын терең өңдеуші фабрикалар іске қосылған соң, қосымша 54,5 мың тонна талшық өңделмек. Бұл 87 мың тоннадан астам шикізат өз же­рі­мізде өңделеді деген сөз, яғни қосымша 1 миллиард доллардан астам өнім шы­ға­ры­луы тиіс.
Қазақстан мақтасы дүниежүзінде мақта егісінің ең солтүстік белдеуінде өсіріледі. Қазіргі кезде жер шарындағы мақта егісінің солтүстік шекарасы 38-440 солтүстік бел­деуде, АҚШ-та бұл көрсеткіш 380- қа дейін, Қытай Халық Республикасында және біздің Түркістан аймағында 440-қа дейін жетеді. Өзбекстанда, Қарақалпақстанның солтүс­ті­гінде, 430- солтүстік белдеуден өтеді. Сон­дық­тан да біздің топырақта жібек мақталар пісіп үлгермейді.
Біздегі мақта максималды түрде 3 мың градус температураны талап етсе, жібек мақ­тасы 5 мың градусты қажет етеді. Қорыта айтқанда, мақтаның пісіп-жетілуі 120 күнге созылады делік, ал жібек мақтасы үшін 150-160 күн керек.
Орта талшықты мақтадан қандай тауар­лар шығарылады? Мәрлі, сүлгі, халат, мәйкі, басқа да ішкиімдер, жастықтың тысы, жаймалар, т.б. Ал жібек мақта қосылса, одан түрлі сапалы көйлектер тігіледі. Ол адам денесіне жағымды әрі қонымды болуы тиіс. Сол себепті жібек мақта қымбат баға­ла­нады. Орта талшықты мақтаға қарағанда, құны 2 есе жоғары. Атап айтқанда, бір тонна орта талшықты мақта 2825 АҚШ долларына тең болса, жібек мақтасы 5-6 мың доллар шамасында. Әлемде 12-15 пайыз ғана жібек мақта өндіріледі. Әсіресе, Мысырда.
– Өзіңізге белгілі, Оңтүстік Қазақстан облысы – мақта өсіретін жалғыз аймақ. Екі миллионнан астам тұрғыны бар об­лыстың ауыл шаруашылығы өндірісінің 40 пайызын мақта шаруашылығы құ­рай­ды. Алайда көптеген шаруа­шы­лық­тар алдағы уақытта мақта өсіруден бас тартуы мүмкін деген болжам бар. Бұл саланы сақтап қалудың жолдары қан­дай деп ойлайсыз?
– Соңғы жылдары әлемдік қаржы дағ­да­рысының салдарынан аумақ эконо­ми­ка­сын көтеруде, ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуда өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану және өндірілген мақта өнімінің бағаларын дұрыс қалыптастыру кө­кей­кесті мәселе болып тұр. Бұған мате­риал­дық ресурстардың, тұқым, жанар-жағармай, тыңайтқыш, химиялық және биологиялық препараттар, қосалқы бөлшектер, ағын су қызметтері бағаларының тұрақсыздығы, қымбаттау үрдісінің орын алуы, шитті мақта және басқа дақылдар өнімдерін сату ба­ға­сының төмендеуі сияқты жағдайлар қол­бай­лау болып келеді. Мақта саласында 2005 жылы әр гектарға орта есеппен 20,4 мың теңге мемлекеттік қолдау көрсетілсе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 49,0 мың теңгеге жетті. Ал 2010 жылдан бастап су-қор үнем­деу, суармалы жерлерді мелиорациялау ба­ғы­т­ына әр гектарға қосымша 6300 теңге бөлінді. Бұл мақта өндіруші диқандар үшін жақсы мемлекеттік қолдау болып есеп­те­ле­ді.
Бүгінгі таңда мақта өсіріп-өндірушілердің білім деңгейін көтеру – ең маңызды мәселе. Әйтпесе өнімділігі жоғары отандық сорттар да, жаңа технологиялар да тиісті тиімділікке жеткізе алмайды. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін түрлі салаларда 71 мыңнан астам шаруа қожалықтары бар. Оның 40 мыңнан астамы мақта өндірісімен айналысады. Сон­дықтан да, шаруа қожалықтарының білім деңгейі мен біліктілігін жоғарылату мақ­са­тында, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «КазАгроИнновация» АҚ-ның қолдауымен Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу ин­ститутының базасында «Мақтаарал» бі­лім тарату орталығы жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ «Мақта саласын дамыту ту­ралы» заңның бағыттарымен қарқынды түрде жұмыс жүргізілуі тиіс. Соның нә­ти­же­сінде қабылданған заңда шитті мақта өндірушілер мен оны өңдейтін кәсіпорындар арасындағы қатынастар, есеп айырысуда жаңа жүйені енгізу, шитті мақтаны сатып алу­да және мақтаның талшығын сатуда оның сапасын қадағалайтын мақта инс­пек­циясын құру, мақта өңдейтін кәсіпорындарды лицензиялау жүйесі және т.б. көптеген оңтайлы жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар мақта өндірушілерге мем­лекет тарапынан берілетін субсидияның жаңа жүйесін енгізуде және шаруа қо­жа­лық­тарын жоғары репродукциялы тұқым­дық шитпен қамтамасыз етуде элиталық тұ­қым шаруа қожалықтарына субсидия мөлшерін арттыру қажет.
Мақта саласындағы проблемалардың бірі, ол ғылыми негізделген инновациялық технологияларды диқандардың дұрыс пайдалана алмауы. Егіншілік мәдениеттің төмендігі, жаңалықтарды өндіріске енгізудің баяу жүруі. Бұл соңғы жылдары өнімнің тө­мен­деуіне әкеліп соқтырды. Біздің ұсы­ны­сымыз, ғылыми негізделген жоба бойынша келешекте облыста мақта 115-120 мың гек­тарға егілу керек, мақтаны кім жақсы күтіп-баптаса, солар еккені дұрыс, сонда ғана суармалы жерді тиімді пайдаланып өнімді екі есе өсіріп сапалы мақта талшығын да екі есе көп өндіреміз.
– Мақта шаруашылығын демеуге ар­налған тағы бір қадам – уақ ша­руа­шылықтарды ірілендіру жайында көп жылдан бері мәселе көтеріліп жүр. Осы тұрғыдан келгенде, шаруа­шы­лық­тар­дың басын қосу қаншалықты тиімді бо­лар екен?
– Бұл – бір елеулі тақырып. Мақта өн­дірушілердің тым ұсақталып кетуінен зиян көбірек. Себебі, ұсақ қожалықтарда кредит, су, минералды тыңайтқыш, зиянкестерге қар­сы күрес, жанар-жағармай, тағы да басқа қажеттіліктер оңайлықпен шешіл­мей­ді. Келешекте де бұл талай қиындықты ту­ғызуы мүмкін.
Негізі халық даналығы «Қосылу үшін бірінші бөліну керек» дейді ғой. Шынын айту керек, ұсақ қожалықтарды ірілен­дір­генде ғана әлгі барлық іс-шаралар орын­да­лып, кластер талабына сай келер еді. Әрине, біз диқандар қауымын бұл істерден тыс өмір сүріп жатыр деп айта алмаймыз. Бұл жүйе ерте ме, кеш пе, өндіріске енерін іштей олар да мойындайтын сияқты. Бірақ көбі кешегі кеңшар кезіндегі бастан кешкендерін қай­талағысы келмейді. Шаруаның қолы әрең жеткен жекеменшігін қайта ірілендіру көптің көңіліне дөп қонып кете алмауы тү­сінікті. Мәселен, жер көлемі 120-150 г және одан да көп болатын шаруа қожа­лық­тарында әлгі қиындықтарды жеңу қиынға соқпайды. Мәселен, өткен жылдың қоры­тын­дысы бойынша, іріленген шаруа­шы­лық­тар ұсақ қожалықтарға қарағанда өнімді әр гек­тар­дан орта есеппен 5-7 центнерден артығырақ алды. Әр гектардан түскен таза пайда 3,5-4 есе жоғары болды. Іріленген шаруашылықтар несімен ұтады? Олар ауыспалы егіс жүйесін қайта қалпына келтіру, мақтаның жаңа сор­тын енгізу, ғылыми негізделген аг­ро­тех­ни­калық іс-шараларды ойдағыдай орындау негізінде іске асырылады.
Қазіргі таңда ауылшаруашылық да­қыл­дар өсірілетін алқаптар ауыспалы егіс на­за­ры­нан тыс қалып қойды. Басты себебі – бө­ліске түскен жер ұсақ қожалықтарды құ­рай­ды. Екіншіден, жыл сайын мақта себілген соң, топырақ құнарлылығы да төмендеп ке­теді. Сондықта топырақ құнарлығын тө­мен­дет­пей, мақта өнімін ұлғайтуда ауыспалы егіс­тің маңызы үлкен екені бәрімізге бел­гілі.
Соңғы жылдары біздің ғалымдарымыз іссапармен Үндістан, Қытай, Пәкістан, Оң­түстік Африка, Аргентина, Бразилия, АҚШ-тың мақта өсіретін аймақтарында болып қайтты. Аталған мемлекеттердің барлығында 500 гектардан астам жері бар фермерлер жо­ғары өнім алып, көп табыс табады. Бразилияда 2 мыңнан 15-20 мың гектарға дейін мақта егетін фермерлер кездеседі. Олар әр гектардан орта есеппен 40-45 цент­нер мақта өндіреді. Жер үлесі бар азаматтар бір фермермен келісіп, жердің мемлекеттік актісі өзінде, бірақ келісімшарт бойынша бір­неше жылға келісімді бағамен фермер иелік етеді. Қандай өнім алса да келісімді бағаны фермер жыл сайын белгілі уақытта жер иесінің есепшотына түсіреді. Ара­ла­рын­да ешқандай жанжал жоқ. Жер иесі фер­мер­дің қолында күнделікті жұмыс істеп, айлығын тағы алады. Келешекте бізде де жұмысты осындай тәсілмен жүргізсек, нәти­же­сі оң болмақ.
Шаруа қожалықтарын ірілендіру мә­селесіне келсек, кішігірім жер үлесі бар ша­руашылық кооперацияның артық­шы­лығын түсінеді: ауыспалы егіс, ауыл шаруашылығы тех­никасын пайдалану, несие алу. Бірақ, адамдардың бір-біріне деген (тіпті туыс­қан­дар арасында да) сенімінің жетіспеушілігі кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ шағын ша­руа­шылықтардың біріккісі келмейтін себебі: жеке тұлға мәртебесінен айырылу оларды жеңілдіктерден айырады. Келешекте тек қана шаруа қожалықтарының бір-бірімен бір­лесуі арқылы ғана олар мемлекеттен кө­мек ала алады.
– Енді баға мәселесі. Елімізде мақта шикізатына мемлекет тарапынан тұ­рақты баға белгіленбеген. Мақта өң­дей­тін зауыттар шаруалардан шикізатты ең төменгі бағамен сатып алады. Өйт­ке­ні өңдеушілер де мақта талшығының Ливерпульдегі биржаның индексіне қарайды. Ал әлемдік нарықта мақта бағасы әзірге көтеріле қойған жоқ. Ша­руаның маңдай терімен өсірген өнімнен пайда табуы үшін баға мәселесін ше­шу­дің жолдары бар ма?
– Расында да, бүгінде мақта өнді­ру­шілерді толғандырып отырған ең негізгі бір мәселе – баға. Қазіргі кезде елімізде мақ­та­ны бағалау, оны сатып алу өлшемдері ес­кір­ген. Мақта өнімін дайындау, оның бағасын белгілеу жөнінен біз осыдан 35-40 жыл бұрынғы кеңес заманы кезіндегі ескі тех­но­логиялар бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Ал басқа жұмыстар нарық қатынасы бойын­ша атқарылады.
Қазір бүкіл дүниежүзінде мақтаның өнімділігі оның әр гектарынан түсетін мақта талшығымен есептеледі. Мақта тек талшық үшін өндіріледі. Сондықтан да мақта ши­кі­затын сатып алушылар шаруалармен есеп айырысқан кезде, ақшасын шикізатпен емес, талшықтың бағасымен төлеуі керек. Қалған жанама өнімдер өз алдына төлену керек.
Облысымыздағы мақта тазалау зауыт­та­ры мақта өндіруші агроқұрылымдарға, фер­мерлерге, мақтасын өткізген күні кешкі сағат 23.00 - ге дейін талшық, шит, линт, сон­дай-ақ басқа да қосалқы өнімдері туралы құжаттарды дайындап қолдарына тиісті құжаттарды беруі керек. Осындай нақ­тылы құжаттар мен іс-шаралар зауыттар та­ра­пынан қолға алынса, көктемнен күзге дейін табысын күтетін диқандардың ынтасы ар­тады.
Сондықтан мақтаның бағасын бірден белгілеуге асықпау керек. Қазіргі уақытта шикізаттағы таза талшықтың мөлшерін анық­тайтын құралдар жетерлік. Сол құрал­мен талшық көлемін анықтап алып, кейін Ливерпуль биржасындағы бағамен шаруа­лар­дан мақта өнімдерін сатып алуы қажет. Сонда ғана мақташының еңбегі әділ анық­талады.
Шаруаның еңбегі дұрыс бағалануы үшін «шитті мақта» деген сөзді де, ұғымды да қою керек. Оның әр келісінде қанша грамм таза талшығы бар екенін анықтап бергенде ғана айқындық пайда болады. Қазір мақ­та­ны өндіруші емес, мақтаны өңдеушінің та­быс­ы артып тұр. Сондықтан өндіруші мен өң­деуші арасында әзіл бөлініс болуы керек.
Бүгінгі таңда облыста 20 мақта таза­лай­тын зауыт бар, оның жартысынан астамы тоқтап тұр. Осы кәсіпорындардың түгелге жуығы ескі технологиямен жұмыс істейді. Мақта талшығын алу үшін өнім өңдеудің технологиялық регламенті қолданылмайды. Неге зауыттар шаруалардан өнімді мақта талшығы бойынша қабылдағысы келмейді? Өйткені зауыттар өз өнімінің сапасына, соң­ғы нәтижесіне жауап бере алмайды. Мақ­та­ны шикізат ретінде қабылдау – оларға ың­ғайлы және пайдалы. Соның салдарынан зауыттардың ескі технологиямен жұмыс іс­теуіне және құрал-жабдықтарының көне бо­луына байланысты шаруалар өсірген өнім­дерінің сапасын нашарлатып, тал­шық­тың шығымдылығын төмендетіп жатады.
Мақта шикізатін өңдеу бағасы жария, ашық болып, ол монополияға қарсы коми­тетте бекітілу керек.
– Біздегі тігін және тоқыма өндірісінің тоқырау себебі бір есептен шикізат тапшылығынан деп айттық. Осы орайда мақта шикізатын өзімізде пайдаға асыр­ған тиімді ме, әлде экспортқа шы­ғар­ған тиімді ме? Өйткені АҚШ-та өсі­рілген мақтаның сонау Қытайға жетіп, сол арадан дайын өнім болып шығатыны белгілі. Мүмкін, бізге де осы жолмен жүру керек шығар?
– Дүниежүзіндегі мақта өндіретін 70 мем­лекеттің 23-і мақтаны өз елінде терең өңдеп, дайын бұйым шығарады. Біз де сол 23 елдің ішіндеміз. Бұл жетістік еліміздің индустриалды мемлекет екенін көрсетеді. Өйткені мақтаны терең өңдеп, дайын бұйым шығару кез келген мемлекеттің қолынан келе бермейді. Сондықтан біз бұл дәрежені жо­ғалтпай, оны әрі қарай дамытуымыз керек. Егер де мақта талшығын терең өндеп, дайын бұйым түрінде экспортқа шығарсақ, бастапқы құны жеті есе өседі. Елімізде қо­сым­ша жұмыс орны ашылады, бюджетке қосымша қаржы түседі, экономикалық-әлеуметтік жағдайымыз артады.
Ал АҚШ-қа келсек, бұл ел әлемдік қар­жы дағдарысына дейін өндірілген мақта талшығының 85-90 пайызын өзінде өн­дей­тін. Соңғы жылдары тоқыма, тігін фаб­ри­ка­ларындағы жұмысшылардың жалақыны көтеру талабын орындай алмаған соң мақ­таны талшық күйінде экспорттау тиімді болды. Содан өндірілген мақта талшығының 65-70 пайызын Қытай және басқа да мем­ле­кеттерге экспортқа шығара бастады. АҚШ соңғы жылдары дайын бұйымдарды да Вьет­нам, Бангладеш, Қытай, Үндістан сияқ­ты жұмыс күші арзан мемлекеттерге тап­сы­рыс беріп, импорттауға көшті.
Ал біздің елімізде мақта-тоқыма жұ­мыс­тарын жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Басталған жұмысты, қолайлы жағдайды тиімді пайдалансақ, бізге мақта талшығын, яғни шикізатты экспортқа шығару тиімсіз болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста