Ауылдың бәсекелестік деңгейін көтермей, экономиканы өркендетеміз деу – бос сөз

Ғалижан МӘДИЕВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Ғалижан Рақымжанұлы, қазірде біз­дің құзырлы тараптағылар эконо­ми­­каны әртараптандыру мен ел­дің экспорттық мүмкіндіктерін ұл­ғай­­ту­д­ы агро­биз­несті дамытудан бас­­­тау қа­жет­тігін жиі айтып жүр. Ауыл шар­уа­­шылығы саласына де­ген осындай жа­на­шыр пиғылдан ке­йін «жүрісінен жаңылған» ауыл са­ла­сының адымы нықталатын тәрізді бо­лып көрінеді. Сіз ға­лым, білікті ма­ман ретінде ауылды да­мыту тұр­ғы­сын­да таразылап, тал­қы­ға салып, үкі­меттік деңгейде қа­был­данып жатқан жо­ба­лар­ға нендей баға бе­рер едіңіз?
– Біле білген кісіге агробизнесті да­мы­ту, ауыл шаруашылығы саласын өркен­де­туге терең мән беру  – өте орынды дү­ние. Ауылдың экономикасын көтеру бас­қа салалардың дамуына тікелей ықпал ете­ді. Ауылды көтермей, мемлекеттің эконо­ми­касын көтеру мүмкін емес. Рас, біз осы мақсатта бірнеше жобаларды, бағдар­ла­ма­ларды қабылдап, түрлі реформалар ле­гін сарапқа салып жатырмыз. Олардың ішін­де көңілге қонымдысы да бар. Сон­дықтан өз басым ауыл шаруашылығын да­­мы­туға байланысты атқарылып жатқан ша­ралар­ды қолдаймын. Реформалар легі­нен үміт күтемін.
– Рас, біз ауылды дамытуға қа­тыс­ты біршама бағдарламалар легін қа­былдадық. Реформаларға реңк бердік.  Әйт­се де ауылдың нарықтық қағидасы әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Біз осы ауыл­дың жоқ-жітігін түгендеуде неге қау­қар­сыздық танытып отырмыз?
– Иә, бұл ретте өзіндік олқылықтардың да орын алып жатқанын жасырып қалма­уы­мыз қажет. Мысалы, байыптағанға біз­дің қазақ елінің ауылшаруашылық өнім­де­рі республика халқының сұранысын қам­тамасыз етіп қана қоймай, әлемдік сау­даға шығуға потенциалы бар. Ал біз осы мүмкіндікті дұрыс пайдалана ал­май отырмыз. Әлемдік тәжірибедегі эко­но­микалық даму эволюциясынан туындай­тын бас­­ты ұс­та­ным­дар шо­ғыр­лан­ды­рыл­­ған өн­­дірістің экономикалық тиімділігін пай­да­лану үшін нарықтық инфрақұрылымдар­ды қа­лып­тастыру. Ауылшаруашылық өнімдері нарыққа биржа саудасы мен көтерме сау­да арқылы тұтынушыларға ұсынылуы тиіс. Бізде бұл құбылыс осы уақытқа де­йін қалыптаспаған. Сол себепті ауыл өнім­де­ріне белгіленетін баға өзіндік құнынан тө­м­ен. Бұл, біріншіден, осы салада ұдайы өн­дірістің құлдырауына әкелсе, екіншіден,  бұл салаға инвестиция құюға кері ықпал жа­сауда. Егер халықаралық тәжірибені оң­тайлы пайдалана алсақ, өзге дамыған ел­­дер­дің ауылды мемлекет тарапынан қол­дау жә­не агробизнесті ұтымды ұйым­дас­тырған жақсы жақтарын алуға ты­ры­­сып қалуымыз қажет. Міне, біздің аг­ро­бизнесті дамытуда ұстанатын басты қа­­ғидамыз осы болуы тиіс. Біз алдымен өз өнім­­деріміздің ара­сында өзара бәсекеге қа­білет­тілік ту­ды­руымыз керек. Соған жағдай жасауымыз қа­жет. Одан кейін барып өзге де ауыл шар­уа­шылығы са­ласына қатысты секторларды өр­кендетуге ден қойсақ, нұр үстіне нұр болар еді... Жасыратыны жоқ, біздің ауылдар әлі де болса экономикалық құлдыраудан тү­бе­гейлі арыла алмай отыр. Кезінде эко­номикалық реформаның сауатты жүр­гі­зіл­­мегенінің зардабын ауылдағы ағайын әлі тартып отыр. Экономикалық қағиданы то­лық игере алмау ауылдың әлеуметтік-эко­но­микалық ахуалын күрт төмендетті. Ал қа­зір  шырт ұйқыдан оянғандай «ауылдың кә­сіп­кершілік қабілетін арттырамыз» дей­міз.  Өзіңіз ойлап қараңызшы, ауыл кә­сіп­керлігіне жағдай жасалмаған ортада оны қа­лай дамытасың? Ірі кәсіпорындарды же­кешелендіру кезінде орын алған кем­ші­л­ік­тер шоғырланған өндіріс орын­да­рының тиімділігінің төмендігі өзара бай­ланысы бар құрылымдардың ішкі қа­тынас­та­­рын үзді. Жіберілген кем­ші­ліктер мен қателіктер бір ғана бұл әре­кет­пен шек­телмейді. Мы­са­лы, нарықтық эко­номикада жер басты өн­діріс құралы ретінде ба­ға­ла­нуы керек еді. Жер қатынасын реттеу жә­не  оны пай­далану дифференциалды рен­та ар­қылы жүр­гізілуі керек еді. Бірақ ол осы уа­қытқа де­йін шешімін таппай келеді. На­рық­тық экономиканы жетілдіру тек жү­йе­лі түрде негізделген ұстанымдарды та­лап етеді. Соның жоқтығынан ауылда тек қау­қар­сыздық орын алып отыр. Нарықтық жү­­йені қалыптастыруда экономикалық қа­­ғидаларды жетік игеріп, жіті бақылау бас­­­шылыққа алынғанда біздің қоғамды қау­­­қар­­сыз­дық жайлап алмаған болар ма еді?  Ал біз ауылға «Өз күніңді өзің көр!» деген ұран тастадық та, қазақтың қара шаңырағын өз түтінімен  тұншықтырдық. Мал басын жеке қожалықтарға беру арқылы мал шаруашылығын өзіндік деңге­йі­нен күрт төмендетіп алдық. Қазір келіп «ауыл­дағы әрбір шаңырақта жоқ дегенде бес ірі қарадан болуы керек» деп дабыра са­ламыз. Менің бұл ретте айтарым, ауыл­ды дамытуды осыдан он шақты жыл бұрын же­кешелендіру саясатына алғаш енген тұс­та  ойлану керек еді.
– Сонда сіз «бар күшті ауылға са­ла­мыз» деп жұмылып жатқандардың  қа­зіргі ісін «мезгілінен кеш сермелген әре­кет» деп ұғасыз ба?
– Менікі – ертерек қамдану керек еді деген өкініш. Біле білсеңіз, экономикадағы бас­ты қағиданың бірі – кәсіпкершілік қа­білеті бар шаруашылықтарды ірілендіру, өн­ді­рісті шоғырландыра білу. Мұндай шар­­­­уа­шы­лықтарда білікті маман ұстау, за­ма­н­ға сай қуатты техниканы пайдалану қиын­дық туғызбайды. Біз нарық та­ла­бына сәйкес шетелдің тәжірибесін то­лық қолдана алмай отырмыз. Бұл бізге ша­ла­ғай­лықтың дәмін татып, ішімізді удай ашыт­қаннан басқа еш пайда берген жоқ. Қа­зір ауылдағы бауырдан хал сұрасаң, олар бірден еңбек өнімділігінің төмендігін айтып, жұмыссыздық қамытының ауыр­лы­ғына қынжылып шыға келеді. Ауылдағы ұда­йы өндірістің экономикалық негізін жо­ғалтудан әлі де болса арыла алмай отыр­мыз. Қазірдің өзінде ауылдағы кәсіп­кер­лер тапқан табыстарына өндірісті қа­лып­тас­тыруға  мүмкіндік ала алмай отыр.  Қазір ауылды дамыту тұрғысында атқа­рыл­ған істерден гөрі қабылданып жатқан бағ­дарламалар сапы көп. Осыдан кейін «Өр­кен­дей­міз, өркендетеміз!» деген ұранға ауыл баласы қайдан сенсін?
– Жалпы, Қазақстанның ауылшар­уа­шылық алқаптарының көлемі Ре­сей­мен тең түсіп, Үндістаннан озық шы­ғып жатқанын қазір бірқатар елдер мо­йындап жүр. Бұл – елде агробизнес са­ласын өркендетуге мол мүмкіндік ба­рын көрсетсе керек.  Ал енді осы мүм­кіндікті сауатты пайдалана алу үшін болашақта не істелінуі керек деп ой­лай­сыз?
– Ол үшін бізге, ең алдымен, ауыл шар­уашылығын жаңа инновациялық тех­но­логияға көшіруіміз қажет.  Мұндай жетістікке қол жеткізуде ауылдағы ұсақ шаруа қо­жа­л­ықтарын біріктіріп кооперативке шо­ғыр­ландырсақ, ұтымды болар еді. Егер біз ұсақ шаруа қожалықтарын тұтас бір коо­пе­ративке айналдыратын болсақ, көп нәрседен ұтар едік. Қазір жалғыз-жа­рым жүріп, не жем-шөбіне, не дәнді да­қы­лына қаржысы жетпей сансырап жүрген біраз шаруа қожалықтары көптеген мүмкін­дік­тер­ге қол жеткізер еді. Ауылдағы он шақты үй бірігіп, осы тәсілмен бір жыл жұмыс іс­теп көрсінші, түсім өте мол болар еді. Из­раильдық мамандардың айтуынша, Из­раильде кәсіпкерлікті дамытудың осы әді­сі кеңінен белең алған. Ал бізге неге осылай бірікпеске? Егер біз осы тәсілді тиімді, сауатты түрде жүзеге асыра алсақ, ауылдың өндірістік қабілеті де артар еді, ауылда ірілі-ұсақты кәсіпорындар легі де бой көтерер еді.
– Соңғы кезде мамандар «аг­ро­бизнесті дамыту үшін түрлі хол­динг­тер, әл-ауқат қорларын құрумен қа­тар, оның тиімділігін арттыру үшін ауыл­ға арналған қаржы ағымы шо­ғыр­ланатын республикалық дең­гей­дегі ауыл шаруашылығы банкін құ­ру мәселесін қарастырған жөн» деп жүр. Ауылдағы ағайынның ахуалын арт­тыруда бұл тиімді әдіс пе? Қалай ой­лай­сыз,  әрқилы басқару орындарын кө­бейт­кеннен ауылды басқару оңала ма?
– Бұл – біздің өркениетті кәсіпкершілікке ұмтылған қадамдарымыздың бір па­ра­сы. Ауыл шаруашылығын қолдаудың не­гіз­гі көзі мұнда ғана жатқан жоқ. Десек те, мұндай банктер қажет. Мысалы, АҚШ-та қабылданған заңдар банкті елдің эко­но­ми­касын көтеруге бағыттандырып қойған. Ал біздегі банктер алдымен өз ұпайларын тү­ген­деп алуға құлшынып тұрады. Бізге ауыл ша­руашылығын төмен пайызбен не­­сиелендіретін, ауылға ықыласы түсіп тұ­ра­тын банктер ауадай қажет. Сіз білесіз, біз ше­телдік тәжірибеге еліктеп, ауылға не­сие­лік жүйе енгіздік.  Десек те, бұл жүйе ауыл­ эко­но­ми­касына терең сіңіп кете қой­ған жоқ. Ауыл шаруашылығында өндіріс тиім­ді­лігінің деңгейі төмен болғаннан ке­йін банк жү­йесі де ауыл кәсіпкерлеріне несие бе­руге құлық танытпайды. Несие берген күн­нің өзінде мұндай тәуекелге бел буған банк­тер пайыздық төлемін жоғарылатып бе­реді. Несиеге 14-15 пайыздық төлем қою – нақ қазіргі уақытта әлемде жоқ көр­сеткіш. Әйтсе де бұл біздің елде бар. Өз­ге елдің барлығы несиені 3-5 пайызбен қай­та­рады. Несие ауылға өте тиімсіз. Оларға пай­да табуға мүмкіндік берілмейді. Мы­салы,  банк жүйесі бір жылдың ішінде өз­де­рінің активтерін екі есеге ұлғайтады екен. Ал ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері өз­де­рінің активтерін ұлғайтпақ түгіл, өзінде бар активін сақтай алмай отыр. Осындай ұтым­ды ұйымдастырудың жоқтығынан ауыл жұртының қабағы ашылмайтын дең­гейге жетті. Жаңағы, өзіңіз айтқандай, «қа­ра­құрым басқару орындарын көбейте бер­геннен ауылды басқару жүйесі оңал­майды». Әйтсе де жоғарыда аталған ол­­­қы­­­лықтардың орнын толтырып, ауыл ша­­­руа­ларының жоқ-жітігін жамайтын мақ­­­саты болса, ауылға шынымен де пай­да­­сы тиетін болса, агробанктер құрылуы ке­­рек.
– Білетін шығарсыз, біз таяуда сауд­­­арабиялық инвесторларға ауыл ша­­р­уашылығы саласына инвестиция құю мақсатында игерілмей жатқан 3,5 млн гектар жерімізді бердік. Бо­ла­­шақ­та қазақтың игерілмей бос жат­қан жер­ле­ріне саударабиялық инвес­тор­лар ауыл шаруашылығы өнімдерін өң­дей­­тін за­уыттар салып,  азық-тү­лік өн­дір­мек. Осы шетелдік инвес­тор­лар­­ға  эко­­но­­ми­­ка­мыз­ды өркендету мақ­­са­тын­­да жер беру қандай да бір қа­уіп­сіз­ді­­гі­­міз­ге нұқ­сан келтірмей ме?
– Меніңше, бұдан қорқудың қажеті жоқ. Мұн­дайда біз тек өзіміздің экономикалық қа­уіп­сіздігімізге нұқсан келмей ме, ұлт мүд­десіне қандай да бір зиян тимей ме, міне, осы жағын саралап алсақ болғаны. Ше­тел­дік инвесторлармен келісімшарт жасаған сәтте осындай жайттарға басымдық беріп, ұпай түгендеуді ойласақ, біз бұдан тек қана пайда көреміз. Сондықтан тек тегеуріні мықты келісімге отырып алсақ болғаны. Қалғаны анағұрлым қауіпті емес. Бұл үрдіс бізге жаңа инновациялық технологияға көшуге, агроөнеркәсіп кешендерін мем­лекет­тік тұрғыда үйлестіруге септігін ти­гі­зеді деп үміттенгеніміз жөн.
– Біз осыдан үш жыл бұрын «ауыл­ды жа­ңа инновациялық технологияға кө­­шуге бағыттаймыз, ауылда түрлі өн­ді­ріс орындарын жасақтаймыз» деп, ауылды жерлерде «Агроөнеркәсіп ке­шен­дерін дамытуды мемлекеттік үй­лес­­тіру туралы» Заңды қабылдадық. Бі­­рақ қазір ауылдағы ағайын не са­лын­­ған өнеркәсіптің қызығын көрмей, не мал асылдандырудың жемісін тат­пай отырған жоқ па?
– Алға мақсат қою бар да, оны іске асы­ратын механизмдерді қалыптастыру мүлде бөлек. Ауылдың бәсекелестік дең­гейін көтеру үшін, сөз жоқ, өндірісте ин­но­вациялық технология, жаңа техника қол­дану қажет. Бұрын социалистік қо­ғам­да қызмет еткен техника нарықтық ке­ңіс­тікке сәйкес келмейтіні баршаға аян. Қа­лып­тасқан бағадағы тепе-теңдіктің жоқ­ты­ғы, ауыл өніміне бағаның төмендігі инно­ва­ция­лық технологияға, қуатты техникаға қол жеткізуге мүмкіндік тудырып отырған жоқ. Сапалы технология санаулы ғана кә­сіп­орындарда бар. Есіңізде болсын, ин­вес­тиция құйылмай, жаңа техника да, жаңа ин­дустриалды технология да келмейді. Сон­дықтан алдымен баға тепе-теңдігін қа­лыптастыратын механизмдерді іске асы­рып барып, ауылды технологиямен қам­та­масыз ету жағын қолға алған жөн деп ой­л­ай­мын. 
Экономика ғылымын зерттеумен шұ­ғыл­данып жүрген ғалымдар «еліміздің эко­но­микалық саясатына күрделі өзгерістер ен­гізу керек» дейді. Менің ойымша, эко­но­миканы дамыту үшін алдымен ауыл экономикасының ғылыми негізін қа­лып­тастырып алуымыз керек. Табиғи ерек­шеліктерімізді ескере отырып, соны ұтым­ды пайдалануға мүмкіндік туғызатын тех­но­логияны қолдансақ, бәсекелестік дең­­гейі жоғары сұранысқа ие болатын өнім түрлері халықаралық қатынасқа ие бо­лар еді. Біз әлі де болса либералды көзқарастан арыла алмай жүрміз. Ғылыми не­гізі бар экономикалық  саясатты қа­лып­тастырмай, діттеген межеге жету тек қиял болып қалуы мүмкін. Экономикалық сая­сатта ғылыми негіздің болуы – ол эко­но­микалық құрылымның сауатты қа­лып­тасуының баспалдағы. Өкінішке қа­рай, бізде ғалымдарды экономикаға ара­лас­ты­ру бетбұрысын қажетсінбейтіндер де бар.
– Ғылыми негіз дегеннен шығады, сіз «үкіметтің қасынан экономикалық құбылыстарды бақылап отыратын арнайы ғылыми кеңестер құрылуы қажет» деген пікірмен келісесіз бе?
– Біз­де эконо­ми­ка­лық қа­дам­да­ры­­мыз­­ға ғы­­лы­­ми-зерт­­теу­­лер жүр­гі­зе­тін ор­­­та­­­лық­тар жоқ емес. Не­гіз­дел­ген ғы­лы­ми ұсыныс­тар да бар. Бі­рақ кө­бі­не­се сол ғы­лы­­ми ұсы­ныс­­тар пайдаланусыз, ес­ке­рі­лу­сіз  қалады. Өз ба­сым мұ­ның ас­та­рын  ғылым мен эко­номика салаларын бас­қа­ру жүйесіндегі са­раптау жұмысының же­тіс­пеу­ші­лі­гінен із­дер едім.  Сондықтан «эко­но­ми­калық құ­бы­лыстарды зерттеп, са­рап­тап отыратын ғы­лыми кеңестер ғана емес, ғы­лыми са­рап­тау орталықтары да қажет» дер едім.
– Соңғы сұрақ. Сіз маман ретінде Қа­­зақстанның өзге елдермен бәсекеге тү­сіп, «үзеңгі қағыстыра алатын ке­зе­ңі» деп қай уақытты тұспалдар едіңіз?
–  Қайталап айтамын, біз либералдық на­­рықтық экономиканың төңірегінен шы­­ғып алмай, өзге елдермен ашық эко­но­ми­ка­лық бәсекелестікке түсе алмаймыз. Біз тек қана мұнай-газ саласына басымдық бе­­ріп, ықылас аудара бермей, ауылды коо­пе­­рация­ласақ, ауылға инновациялық тех­но­логияны игеруге жағдай жасасақ, мем­ле­к­ет тарапынан қолдау, реттеу шаралары са­­уатты деңгейде жүзеге асса ғана өзге ел­дермен үзеңгі қағыстыра аламыз. Осы аталған түйткілдерді шешіп алмай, бәй­ге­ге түсеміз деу  астамшылық дер едім. Де­сек те, қандай жағдайда болсын үмітін маз­датып ұстайтын қазақпыз ғой, бәлкім, айы­мыз оңынан туатын кез де алыс емес шы­ғар.

Датым...
Бізде жабайы кәсіпкерлік кеңінен қалыптасып кеткен. Қазақстанның кә­сіп­­­керлері қара басының қамын күйттеуден аса алмай жүр. Мемлекеттің жал­­­пы экономикасына үлес қосуға олар асқан ынтызарлықпен бел ше­шіп кірісіп отыр­ған жоқ.  Дүниежүзілік сауда ұйымына енсек, біз ойдағыдай нә­ти­жеге қол жет­кізе алмайтынымыз туралы соңғы кездері экономикалық са­рап­­шылар айтып та, жазып та жүр. Бұған, әрине, мен де қосыламын. Жә­не мұны «құр айғай, бос да­быра» деп ұғынудың қажеті жоқ. Ауылдың бә­се­­келестік деңгейін көтермей, эко­но­ми­каны өркендетеміз деу – бос сөз. Мы­са­лы, ауылдағы әрбір жекеменшіктегі сиыр сүтінің өнімділігі – 2000 литр. Оның өзінің сапасы төмен. Ал сол ауылдың дү­кеніне шетелдің жылтыраған қо­рап­шасы бар, әдемі сәнделген сүтін апарып қо­йып көріңізші, біреу қызық үшін, біреу шын ниетімен сол сүтті алады. Бұл өзі­міздің отандық өнімнің тағы өгей­сіп қалатынын көрсетеді. Тағы бір мысал, біз­де бұрын құс шаруашылығы ин­дус­трияландырған жоғары технологиялық дең­гейде дамыған еді ғой, ал қазір сол құс шаруашылығының жұрнағы да жоқ. Біз­де отандық өнімнің ба­ғын байлау, отандық тауарды тұқырту көзқарасы әлі де басым. Міне, бізге эко­но­микалық әлеуетімізді көтеру үшін алдымен осы көз­қа­рас­тан арылу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста