Астанадағы мұражай Сәкен мұраларына тарлық етіп отыр

Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын, Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының директоры:

– «Алаштың ардақты азаматы Сәкен Сей­фуллиннің бейне­жазбасы та­бы­лыпты» деген жағымды ақпарат алып жа­тырмыз. Әңгімемізді осыдан бас­тасақ?
– Бейнежазба туралы сөз қозғамастан бұ­рын, Сәкен туралы айта кетейін. Көбі Сә­кен Сейфуллинді Алаш арыстарының бірі деп шатастырып жатады. Ол кісі «Алаш» пар­тиясының мүшесі болмаған. Сәкен – ке­ңес үкіметін саналы түрде мойындаған, сол үшін күрескен және «халқымды сол мұ­ратқа жеткіземін» деген азаматтың бірі. Мүм­кін, Сейфуллиннің бұнысы дұрыс та шығар? Өйткені менің көкейімде «Сол кез­де қазақ халқы Алаш арыстары ұсынған жолға дайын ба еді?» деген сұрақ тұрады. Әлемді дүр сілкіндірген коммунистік идея жарты дүниені шарпығанда Орталық Азиядағы қазақ халқы қайда барады? Алаш арыстары патшалық Ресей құлаған соң, талпынып бақты. Осы құрсаудан бір жола шығып кетсек екен деген ойлары бол­ды. Алайда жойқын күшпен келе жат­қан тап күресі деген бәле оған мүмкіндік бер­мес еді. Ол арман ғана болатын, менің ұғы­мымда. Шынын айту керек, ол кезде ха­лықтың дерлігі сауатсыз болды. Сәкен сол халықтың көрген қорлығы мен бастан кеш­кен азабын, аштықты, 1916-жылғы бол­ған көтеріліс пен оны аяусыз жа­ныш­тауды көрді. Оның үстіне ол кезде боль­шевик­тер­дің «Одақ құрамында әр ұлт өз бетінше гүл­денеді» деген сөзіне сенбеуге болмай­тын еді. Сәкен солардың сөзіне иланды, қалт­қысыз сенді. Бірақ бұл уәде орын­далмады. Осы жолда болғандардың бар­лығы құрбан болды. Сол кездегі қазақ зия­лыларының барлығы да Алаш болсын, қызыл болсын, өз халқына адал бола білді. Қалай болған күнде де халқын бостандыққа алып шығу еді армандары.
– Сәкеннің «Алаш» партиясында бол­ма­ғанын тарихтан білеміз ғой?
– Оны сен білгенмен, елдің көбі біл­мей­ді. Сондықтан айтып жатырмын. Сәкен Сей­фуллин 28 жасында үкімет басқарып, 1938 жылы 25 ақпанда, бар болғаны 25 ми­нутта ісі қаралып, 58-бап бойынша 43 жа­­сында оққа байланып, опат болып кет­ті.
– Енді бейнежазбаға оралайық.
– Сейфуллин – халқы үшін өте көп ең­бек сіңірген азамат. Бір ғана мысал, сол за­ман­ның өзінде мемлекеттік тіл мәселесін кө­терді. Елдің шекаралық тұтастығы үшін кү­ресті. Қоғам болып «араб әліпбиінен латын қарпіне көшеміз» деп шуылдап жат­қанда, «Жоқ! Бұл халықты қолдан сауатсыз қы­лу» деп қарсы тұрды. Ол – ХХ ғасырдағы ұлы тұлғалардың бірі. Сондай алып тұл­ға­ның тірі кезінде жазылып қалған бейне жаз­басы табылып жатыр. Бұл – қуаныш, әри­не. 1930 жылы Түркістан-Сібір темір­жо­лының түйісу салтанатына арнап Абрам Роом деген белгілі режиссер-оператор «Түрксібтің ашылуы» деген деректі фильм түсірген екен. Сол жазбада Сәкен Сей­фул­линнің қас-қағым сәті бейнеленіп қалыпты. Ай­набұлақта (қазіргі Сарыөзек). Сонда Тұ­рар Рысқұлов сөйлегені белгілі. Бейнеде Сә­кеннің атпен тұрған сәті бейнеленген. Мұ­ны осыдан екі жыл бұрын мұражай қызметкерлері алып келген. Олар Мәскеу қа­ласында Сәкенге қатысты деректер жи­науға барған болатын. Жазбаны «Крас­но­горск қаласындағы кино-фото мұра­ға­ты­нан» тапқан. Сол жерде бейнежазбаны сараптаған. Ақыры Сәкеннің өзі деген қо­ры­тынды шығарған. Сәкен Сейфуллин қы­зыл империяның қуғындауына түскені белгілі. Артынша, «партиялық тазалауға» ілі­ніп, Ташкенттегі қызметінен босап, еліне ора­лады. Осы аралықта, яғни 1929-30 жыл­дары ол кісі жұмыссыз жүрген. Кейін інісі Мәжит екеуі салт атпен Алматыға жол тар­тады. Мұражай қызметкерлерінің па­йым­дауынша, Түрксібтің ашылуына олар осы сапарында қатысқан көрінеді. Олай дейтініміз, інісі Мәжит Сейфуллин өзінің «Қыран ұшқан ұя» атты естелігінде Арқа мен Алатау арасындағы ұзақ жолда біраз уақыт жүргендерін айта келіп: «Сәкеннің мін­гені қамыс құлақ, оқтаудай жұмыр тең­біл қара көк ат, үстінде қынама бел, қалың ша­пан, басында түлкі тұмақ, аяғында сап­тама етік, сырты қырша, іші қалаша киін­ген», – деп суреттейді. Сәкеннің атылар ал­дын­дағы суретімен өте ұқсас. Әсіресе, маң­дайы өте ұқсайды. Бұның барлығын қо­рытындылай келіп, дыбыссыз фильмдегі адам­ның Сәкен Сейфуллин екендігіне кү­мә­німіз қалмады. Бұл жаңалықты Сәкеннің атыл­ған күні – 25 ақпанда қалың жұртқа жария еттік.
– Бәрекелді! Алаш үшін жанын бер­ген ардақты азаматымыз туралы әлі талай деректер ашылмай жатқан шы­ғар?
– Ол кісі туралы деректер өте көп. Зерт­теу керек. Кезінде Орынборда шыққан га­зет­терде Сейфуллиннің орыс тілінде шық­қан сатиралары бар дейді. Қазақтың ба­тыр­лары, ашаршылық-зұлмат жөнінде жа­­зып жүрген Табыл Құлыяс деген жазушы бар. Сол кісі анықтапты. Біз ол шаруаны сол кісінің өзіне тапсырдық. Сәкеннің бұған дейін түскен тағы бір бейнесі бар екені бел­гілі. Ол пролетариаттар көсемі – В.И.Ле­­нин­ді жерлеу кезінде түсірілген. Түл­кі ты­мақты бейнесі қазір Мәскеу мұра­ға­тында жатыр екен. Оны да алдыруға ты­рысамыз.
– Жасыратыны жоқ, Сәкенге то­сырқай қарайтындар табылып жатады. Се­бебін өзіңіз де білесіз. Кеңесшіл, қы­зылшыл болды дегендей...
– Мен онымен келіспеймін. Кеңес­шіл­дер­дің керегі жоқ дейтін болсақ, бізде ақын қалмайды. Жыр жампозы Жам­был­дан бастап, Тайыр, Жұбан, Сырбай, Мұ­қа­ға­ли тіптен бүгінгі бізге дейін сызып таста­сын. Түгел кетейік. Сондықтан осындай сөз­дерге абай болуымыз қажет. Халқы­мыз­дың басынан не өтпеді? Не көрмедік? Адам өз өмірбаянынан бас тарта алмайды. Сол секілді халқымыздың басынан өткен тағдырына тарих деп қарау керек.
– Жаңа бір сөзіңізде Сәкенге қа­тыс­ты мемлекеттік тіл туралы айтып қал­дыңыз. Тарихи деректерде Сей­фул­лин­нің Совнаркомға төраға болып кел­­гендегі ең алғашқы бұйрығы қазақ ті­ліне қатысты болса керек. Бұл бұйрық сақ­­талды ма екен?
– Бұл бұйрық, өкінішке қарай, қолы­мыз­да жоқ. Ол кісі 1922 жылы Халық ко­мис­сарлар кеңесінің төрағасы болған кез­де «қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын, іс қа­ғазы қазақ тілінде жүргізілсін, ол қазақ ау­дандары мен болыстарында 1924 жыл­дың 1 қаң­та­рынан шілдеге дейін жүзеге ас­сын. Ал 1 шілдеден ары қарай қазақ пен орыс аралас отырған жердің барлығында да іс қағазы қа­зақ тілінде жүргізілсін», – деп бұйрық шы­ғарғаны белгілі. Бүгінгі таңда бұй­рық­тың түпнұсқасын іздеу жұ­мыс­тарымен ай­на­лысып жатырмыз. Бұл туралы Сәкен өзінің «Еңбекшіл қазақ» (қа­зіргі «Егемен Қазақстан») газетінде шыққан мақалала­рын­да да айтылады. Тек бұйрық шығарып қана қоймай, мекемелер мен оқу орын­дарына ашық хат жіберіп, мемле­кет­тік тіл­дің қай деңгейде орындалып жатқанын ба­қылап отырған. Мақаласында кейбір аудандарды да атап өтеді. «Мына облыс қазақ тілін осынша орындап жатыр» деп.
– Бұл бұйрық бір жерде сақтаулы деген дереккөзі бар ма?
– Бар. Әрине, дереккөзі бар. Ол бұйрық Орынбордың мемлекеттік мұрағатында жатыр. Бұған адамдар жібереміз. Ол – алдағы жылдың еншісіндегі дүние. Бізде қаржы мәселесі қол байлау болып отыр. Іс-сапарларға биылғы бөлінгені 400 мың теңге ғана. Онымен қайда бара аласың? Жүріп-тұру, жатар орын, көлік мәселесі өте қиын. Сол себепті біздің іссапарымыз үшін жеткілікті қаржы бөлінуі тиіс. Амалын тауып бардық дегеннің өзінде Ресей тегін бермейді. Қазір бәрі сатулы.
Сонымен қатар бізде мәдениет са­ласының қызметкерлерінің жалақысы өте төмен. Күні бойы шаң қауып, мұрағат ақ­тарып отырады. Ал алатыны 30-40 мың теңге ғана. Бұндай жағдаймен қалай жұ­мыс жүреді? Мәдениет саласының тұрмыс жағ­дайын көтермей, құр даурыққаннан еш­теңе ұта алмаймыз. Атымыз дардай, ыс­қырығымыз жер жарады. Ал мате­риал­дық деңгейіміз өте төмен. Мәдениет са­ласы мамандарының халі осындай.
– Мұражайға тоқталып өтіңізші?
– Бұл мұражайдың маңызы – өте зор. Оған үлкен құрметпен қарау керек. Алайда қазіргі мұражай таршылық етіп отыр. Қаншама құнды жәдігерлер шаң басып, жер­төледе жатыр. Турасын айтқанда, мұ­ра­жай болып тұрған бұл екі үй – Сәкендей тұлға үшін өте қораш орын. Тым бол­ма­ған­да екі үйдің арасын қосып, жүз адамдық мә­жіліс залы салынса, мұражай әрі жа­зу­шылар бас қосатын рухани орын болып тұ­рар еді. Кенесары мен Әуезов көшесінің қиы­лысында Сәкен қызмет еткен, 18-жы­лы кеңес үкіметінің Ақмолаға орнағанын сол үйдің балконын мінбер етіп, сөз сөй­ле­ген тарихи үй бар. Сол үйді Сәкеннің мұ­ра­ж­айы қылар ма еді?
Ел-жұртқа ол кісінің саяси күрескер екендігін ғана айтамыз. Ал Сәкеннің жазу­шы­лығын, сазгерлігін, жаңашылдығын көп айта бермейміз. Қазақ поэзиясына Мая­ковскийдің стилін кіргізгісі келді. Үл­кен-үлкен поэмалар жазды. Әрине, ол – Мағ­жан емес, бірақ үлкен ақын. Сов­нар­комға төраға болды, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болды. Басқаны былай қойғанда, алғаш рет Жазушылар одағын да осы кісі құрған болатын. Ол кісі қазақ елінің астанасы – Ақмола жерінде болса деп армандады. Сейфуллиннің тарихы осы Ақмоламен тікелей байланысты. Осы жерде оқыды. Осы жерде алғаш «Тіршілік» газетін шығарды. Саяси күресі де осы жерде басталды.
– Жәдігер демекші, соңғы жылдары халықты селт еткізген тағы бір жа­ңа­лық Сәкен Сейфуллин қаруының та­былуы болды. Қазір ол қару мұражай тө­ріне қойылған болар?
– Сәкен бұрын жұмыс істеген жерден бір қару – револьвер табылған болатын. Ол 2007 жылы Бөкейханов көшесіндегі Сәкен тұрған, жұмыс істеген, жалпы Ақ­мола өңірінің революция жолында жүрген зия­лылары қызмет еткен Совдеп үйінен та­был­ған болатын. «Тіршілік» газеті де сол жер­ден шығып тұрған. Сол үйді қайта қал­пына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде құрылысшылар тауып алған екен. Үйдің төбесіне жасырылыпты. Тұп-тура Сәкен отырған кабинеттің бір түк­пірінен. Мұ­қият шүберекке оралып, шұ­лыққа салыныпты. Оның сыртынан шұлғау орал­­ған. Сегіз оғымен болған. Оқтаулы күй­де табылған. Тауып алғандар ақыры ой­ланып, мұражайға хабарлаған. Сұрау­шы­лар көп болған көрінеді. Қыруар ақ­ша­ға сатып аламыз деп. Бұрын осы үйде Сов­деп ғимараты болғанын, Сәкен Сейфул­лин­нің тұрғанын білген олар осында әкеліп тап­сырды. Табылған қаруды Сәкен Сейфул­линің қаруы деген жорамал жасап, біз қа­был­дап алдық. Шағын тапанша-револьвер 1806 жылы Ресейдің Тула қаласындағы «Ору­жей­ный» зауытында жасалған екен. Айтып отыр­ғаныңыз осы жәдігер болуы керек. Бірақ қару нақты Сейфуллиндікі деген құ­жат жоқ. Негізі, қарудың нақты кімге бе­ріл­генін мұрағаттардан қарап, анық­тауға болады.
– Ол қазір қайда? Мұражайға келу­ші­лер көре ала ма?
– Бұл туралы кезінде БАҚ арқылы ел-жұртқа құлағдар етілген. Қару табылғаны туралы Ішкі істер органдарына да хабар­ланған болатын. Олар негізінен мұрағатты ақ­тарып, анықтауға тиіс еді. Олай болмай жатыр.
– Онда «оны Ішкі істер министрлігі қабыл­дап алып, мұрағатты көтеріп жатыр» де­ген жалған сөз болды ма?
– Ол – жалған. Әлі бізде. Тығулы тұр. Құжаттары әлі жасалған жоқ. Ол алдымен тексеруден өтуі тиіс. Рұқсат қағазы болуы тиіс. Сосын барып, біз жазамыз. Бізде мынадай экспонат бар деп. Бізге тарихы керек. Нақты кімге берілген деген.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Керек дерек...
Ел-жұртқа ол кісінің саяси күрескер екендігін ғана айтамыз. Ал Сәкеннің жазушылығын, сазгерлігін, жаңашылдығын көп айта бермейміз. Қазақ поэзиясына Маяковскийдің стилін кіргізгісі келді. Үлкен-үлкен поэмалар жазды. Әрине, ол – Мағжан емес, бірақ үлкен ақын. Совнаркомға төраға болды, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болды. Басқаны былай қойғанда, алғаш рет Жазушылар одағын да осы кісі құрған болатын. Ол кісі қазақ елінің астанасы – Ақмола жерінде болса деп армандады. Сейфуллиннің тарихы осы Ақмоламен тікелей байланысты. Осы жерде оқыды. Осы жерде алғаш «Тіршілік» газетін шығарды. Саяси күресі де осы жерде басталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста