Жыныстық қатынас сезім мен сезімнің айнытпас белгісі десек құмарлық пен құштарлықты оятып, ләззатты арттырудың бірден-бір тәсілі. Шынайы махаббаттың нәтижесінде туған жыныстық қатынастың тиігзер пайдасы мен көрсетер көмегі көп екенін білеміз. Көңіл күйді көтеріп, физикалық жағынан қанағаттандыруда өзіндік рөлге ие болса, салмақ тастауда да өзіндік әсер берсе керек. Ал денсаулаққа одан да көп, орасан зор пайдасы бар екенін білесіз бе?
Сексологтардың айтуы бойынша, жыныстық қатынасқа жиі түсу адамның денсаулығына оң әсерін тигізетіні дәлелденген. Алайда, өзіңіз жақсы көретін адаммен жыныстық қатынасқа түскенде ғана оң әсерге ие болады деседі.
Сексуалді жағынан белсенді адамдарда жүрек аурулары және инфаркт қаупі төмендеп, қан айналым жүйесі жақсара түседі.
Бір қызығы, кез-келген әйел жыныстық қатынасқа түсу барысында ерінің денсаулығын нығайтуға ат салысады екен. Эндокринологтардың айтуынша, жыныстық қатынас кезінде инсулиннің деңгейін жоғарылайды , сондай-ақ, оның әсері сонша, диабетке қарсы тұруға қауқары жетеді.
Онымен қоса, етеккір алдындағы ауырсынудың алдын алуға септгін тигізеді. Ал қуаныш гормондары мен эстрогеннің бөлінуінен ауырмайтын болса керек.
Тағы бір айта кетерлігі, жыныстық қатынасқа жиі түскенде ағзада иммуноглоблин өндіріледі, ол иммунитетті күшейтіп, тұмау мен суық тиюге қарсы тұрады.
anabol.kz