Әлеуметтік желі әуейілердің ордасына айналды

Әлеуметтік желі әуейілердің ордасына айналды

Қазақстандық қолданушылардың Интернеттегі тіршілігі Mail.ru-дан басталған еді. Ірі коммуникациялық порталдың танысу бұрышы - Love.mail.ru мен «Агент» мессенджері махаббат пен ләззат іздеушілердің таптырмас құралы болды. Қолданушыларды сонысымен өзіне тәуелді ететін. Бүгінде әлеуметтік желілер қатарының көбеюімен бірге виртуалды қарым-қатынас құралдарын тек қана интимдік кездесулер мен құпия құмарлықтарға пайдалану мүмкіндіктері де дамып келеді, - деп жазады «Алаш айнасына» мақала жолдаған автор.
Әлеуметтік желіні төсек ләззаты үшін пайдаланушыларды қолдану мәдениеті жағынан екіге бөлген дұрыс болар: ник орнына түпкі мақсатын анайы да бейәдеп сөздермен ашып жазып қойып («Секс», «Минет», «Секс в Алмате», т.б., одан да сорақы атаулар бар) өзгелермен танысатын «Агент» қолданушылары және өзге желілердің мейлінше мәдениетті қолданушылары. Соңғысы жыныстық құмарлықтары жайлы мақсаттарына құпия әрі жеке жағдайда жетуді қалайды. «Вконтакте» желісін бүгінде балалар да, ересектер де көп қолданады. Бұл жерде төсек ләззатының алуан түріне арналған топтар мен парақтар бар. Эротикалық-порнографиялық беттерге таныстары, достары мен туыстарынан қысылмай еркін кіру үшін мұнда қолданушылар жалған аккаунт ашып алады. Мұндай пабликтердің көбінде +18 таңбасы көрсетіледі, дегенмен тыйымды айналып өткісі келетін жасөспірімдерді тағы да фейк-аккаунттар құтқарады.
«Вконтактені» төсек ләззатының алуан түрі жайлы танымдық портал дерсің. Гейлер мен лесбиянкалардың құпия қоғамдастықтары өз алдына. Фроттаж дейсің бе, кунилингус, римминг дейсің бе, топтарға қосылып алып, мағынасын Google-ден қарап алып, «өз ортаңды» табуыңа болады. Жыныстық әуестіктің вуайеризм, страпон қолдану, бірлескен мастурбация, фут-фетиш, садо-мазо сияқты қалыптан тыс түрлерімен кәдімгідей әуестеніп, өзара үлкен топ құрған қазақстандықтар, әсіресе, алматылықтар көп.
Алик деген нигі бар қолданушы:
– Менің әйелім бар. Бірақ мен жұмыс бабымен Алматыда көп боламын. Украинада, Әзірбайжанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде біраз уақыт тұрдым. Түрлі елдерде болғанда сексуалдық талғамдарым қалыптасты, тәжірибе жасағанды ұнатамын. Олар естен кетпейтін әсерлер сыйлайды. Мысалы, Украинада көңілдес келіншекпен арадағы жыныстық қатынасымызға оның күйеуі де араласты. Қатты ұнады. Сол сияқты Алматыда да бисексуалдық «групповухалар» болған. Мұндай ортаны әлеуметтік желілерден, танысу сайттарынан таптым.
Алеша Пучков деген қолданушы:
– Маған куни ұнайды. Тек қана куни. Әлеуметтік желіде, көбіне «Вконтактеде» танысамын. Ол ыңғайлы, сурет, видео алмасуға. Мұнда жасырын аккаунт ашқанмын, достарыммен, туысқандарыммен басқа шынайы аккаунтымнан сөйлесемін. «Вконтактеде» көп қыздармен танысқанмын, санында шек жоқ, Алматының қыздары жақсы, көп қысылмайды, қызмет көрсетіп жүрмін.
Человек деген нигі бар қолданушы:
– Шынайы өмірімде жыныстық қатынас жеткілікті. Желілерде жай ғана қызық үшін отырамын. Интимдік тақырыптарда әңгіме қозғаған ұнайды. Порнороликтер қараймын, ал негізінде желіні тап бір секс іздеу үшін пайдаланбаймын.
Бұл жерде интимдік хикаяларымен бөлісуге болатын топтар да бар. Тіркелушілердің саны өте көп. «OMTS ПОШЛОЕ (18+!!!)» деген топтағы жаңа хикаялардың біріне құлақ түріңіз: «Алматыдан сәлем! Менің хикаям мынадай, жақында Бішкектен келген қонақтарды мейманханаға орналастырдым. Жұмысым сондай. Қонақтардың арасында бір қыз болды. 33 жаста екен, екі баласы, күйеуі бар! Диссертация қорғауға келіпті. Мен оның WhatsApp нөмірін алдым, танысып, кездестік, кофе іштік. Қонақүйге дейін шығарып салдым. Бір кезде ерніне жабыстым, қолымды ішкиіміне сұғып жібердім. Басында қарсы болып еді, кейін өзі жабысты... Дене бітімі әдемі, 33-те болса да. Ал мен 24-темін. Кездесудің жалғасы болады деп ойлаймын».
Қолданушылардың көбі жыныстық қатынас мақсаты үшін танысуға Skype желісінің өте тиімді екенін айтады. Веб-камераны қосып қойып, ойға алған шаруамен еркін айналысуға болады. Әлеуметтік желілерде шынайы аккаунтпен танысқан қыз-жігіттер де кейде оффлайнда кездескеннен гөрі Skype-ті интимдік қатынас орнына айналдырғанды қалайды.
Әлеуметтік желілердегі мұндай еркіндіктің азғындық пен қылмысқа әкеліп соғатыны да бар. «Вконтакте» желісінде белгісіз біреулермен танысқан ақтөбелік 14 жастағы Гүлдира Сәкенованың жынысқұмарлар қолынан қайтыс болғаны белгілі.
Сарапшылар ғаламдық желілердің басты екі кемшілігін атап көрсетеді: қолданушыларды жыныстық құмарлыққа шектен тыс тәуелді етуі және жеке бас ақпараттарының таралып кетуі. Бір замандарда бозбалалар үшін қыздарға «сен маған ұнайсың, мен сені жақсы көремін» дегенді қағазға жазып берудің өзі қиынның қиыны болса, қазіргі жасөспірімге кез келген қызбен анайы әңгіме жарастыруға кедергі жоқ. Оның үстіне, «білімін кеңейтіп, көзін ашатын» топтар бар. Психологтердің айтуынша, қолданушыларға әлеуметтік желіде шынайы жыныстық қатынастан гөрі сол тақырыпты көбірек талқылау ұнауы мүмкін, секс іздеген адам солай виртуалды қатынастың ғана адамына айналады, бұл өзін-өзі танудың, өз мүмкіндіктерін дәлелдеудің бір әдісі болуы мүмкін.
Психолог Алла Игнатович былай дейді: «Адам әрқашан жаңашылдыққа, тылсымға, тыйым салынған нәрсеге құмар. Ол үнемі өткір сезімдерді қалап тұрады. Күнделікті өмірінде жыныстық ләззаты жеткілікті адамдар да, керісінше, төсек құмарлығына зәру адамдар да мұндай желілерді жиі пайдалануы мүмкін. Ал отбасыларға келсек, көбіне ерлі-зайыптыларды әдеттегі қатынас жалықтырып жатады. Адамгершілік қағидалары оларға көңілдестер ұстауға кедергі болады, сондықтан көпшілік виртуалды секске жүгінеді. Әлеуметтік желіде түрлі жыныстық ләззат іздеуді қиялға ерік беру деп қабылдаған да дұрыс, одан қауіптенуге болмайды, әрине ол шынайы өмірдегі ортаға, жақын адамыңмен қатынасқа кері әсерін тигізбеуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста