Жүргіш келіншек күйеуімді дуалап алыпты
Күйеуін өзге әйел дуалап алды деп мұңын шаққан әйел әлеуметтік желідегі "Үшбу хат" парақшасына басындағы жағдайды баяндапты. Оның оқиғасын қаз қалпында оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.
"Сәлеметсіз бе! Күйеуіммен отандасқанымызға 2 жылдан асты. Осы уақытқа дейін бір жүргіш әйелмен жүріп келе жатыр. Мен талай рет оған бұл қылығын қой деп өтіндім. "Қумашы, онымен сөйлеспейміз ғой" деп алады да, қайтадан барып жүреді, мені алдайды, маған миымды жейсің деп ренжиді.
Сонымен не керек, оны жақында әлгі әйелмен тағы ұстап алдым. Оның бұл жүрімсін ата-енеме айттым .Сөйтсемі ол мені сүймейді екен, сүйе алмапты. Бәріне көз жұмып қарап жүрмін, бірақ психологиялық жағынан жүйкем сыр бере бастады. Күйеуімді көрсем, оның жүргіштігін бетіне баса беріемін. Қазір оны ата-енем оқытып жатыр Әлгі көргенсіз әйел күйеуімді дуалап тастапты, тек өзін сүйетін қылып алған көрінеді. Енді ата-анасының әрекетінен нәтиже шыға ма,дуаны қайтара аламых ба? .Кімде осындай жағдай болды? Оқытылып, қайта өз отбасына қайтқандар бар ма? Қатты шаршадым, шынымды айтсам, ажырасып кеткім келед"і.
Аноним