Жұбайлардың бір-біріне деген сыйластығы арта түсу үшін не істеу керек?

Жұбайлардың бір-біріне деген сыйластығы арта түсу үшін не істеу керек?

Неке – қайық, өмір – теңіз. Қайығыңызды өмірдің дүлей теңізі шыр көбелек айналдырып алып кете ме, тасқа соғып, күйрете ме, әлде теңіздің тынық кездерін тамашалап, дауыл соққанда иық тіресіп, ескекті бірге есіп жүріп, көздеген жағалауыңызға жетесіз бе?

Әлбетте, қайықтың тағдыры ерлік-зайыптылардың қолында. Жұбайлардың бір-біріне деген сыйластығы арта түсу үшін не істеу керек?

Төмендегі кеңестерге ден қойып, отбасыңызға әдет етіп қалыптастырыңыз.

1. Жәрдем.

Жұбайының көмегіне көбінесе келіншектер мұқтаж. Оған бірнеше себеп бар: ер адам күні бойы үйден тыс жұмыс істеп шаршайды, оған әйелінің үйдегі күйбең тірлігі көрінбейді. Қоғамда да әйелдің үй ішіндегі жұмысы төмен бағаланады, тіпті еңбек деп саналмайды. Шын мәнінде, бұл шаршататын, кейде мезі қылатын бір сарынды еңбек. Еңбегінің көрінбейтіні әйелді одан сайын қажыта түседі. Сондықтан осы мәселені талқылап, ерлік-зайыптылар өзара шешуі тиіс. Оның жолдары көп: ер адам күніне бір сағат немесе аптасына екі-үш сағат балаға қарайды, ал келіншегі сол кезде тынығады немесе өзіне қажет шаруаларын істейді, не болмаса, дүкеннен тамақ алуды күйеуі өзі мойнына алады, тағы басқа амалдарды ойластырып, қолдануға болады.

2. Алғыс.

Жұбайлар бір-бірінің көмегін, еңбегін, қамқорлығын елеусіз қалдырмай, әрдайым ризашылық білдіріп, сол көмектің қаншалықты құнды екенін айтып отырса, өзінің де, жұбайының да мейірін асырып отырар еді. Балаға да жақсы өнеге. Ата-анасының өзара сыйластығы баланың өзіне-өзі деген сенімін нығайтады.

3. Қолдау.

Жұбайыңыздың бастамасын, ой-пікірін жер қылмай, көңіл қойып тыңдап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Анық көрініп тұрған қателігі болса, намысына тимей, жұмсақ сөзбен жеткізіп көріңіз. Келіспесе, өз дегеніңізге көндіруге тырыспаңыз. Жұбайыңыз – ересек, ақылды адам емес пе? Тіпті қателессе де, не қылар? Егер мәселенің ұшы сізге де тиетін болса, біржола шешім қабылдауды кейінге қалдыра тұруын сұраңыз. Қолайлы сәт туғанда, қайта оралып, ақылға салыңыз.

4. Адамға жеке кеңістік қажет, соның ұмытпаңыз.

Кейде жалғысызды, тынықтықты қажет етесіз. Кейде үйден тыс, құрбы-құрдаспен бірге болғымыз келеді. Әйел адам кейде құрбыларымен серуендесе, ер адам балық аулап келсе, бірінен-бірі тынығып, қайта қауышатын болса, қарым-қатынасы нығая түседі. Еркектің етегіне жармасудың да, әйелді де үйде қамап ұстаудың да ешкімге пайдасы жоқ.

 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста