Жігітімнің анасы, ұлымды қабылдағысы келмейді
Қайырлы күн. Жасым 24-те ажырасқанмын, 2 жылдан асты, ұлым бар 1 жас 8 ай. Кімнен қалай ақыл сұрарымды білмеймін. Шақшадай басым, шарадай болды. Сол себепті KYN.KZ ақпарат агенттігінің «Үшбухат» айдарына хат жолдауды жөн көрдім.
«Шымкент қаласынан жазып тұрмын. Екі жыл бұрын тұрмысқа шыққан едім, дәм тұзымыз жараспай ажырасып кеттік. Біраз уақыт болды 29 жастағы еркекпен көңіл қостым. Ол да 6 жыл бұрын ажырасқан, қызы бар.
Бір-бірімізді ұнатамыз. Үнемі маған көңіл бөліп, баламада тәттілерін әкеліп қуантып тұрады. Тұрақты жұмысы бар. Жағдайы да жақсы. Таныстарымның барлығы оны мақтайды. Мінезі де өте жайлы. Жаман әдеті жоқ. Ыңғайсыз болса да, ажырасқан себебін сұрасам ашып ештеңе айтпайды.
Ендігі мәселе мынада оның анасы «Баланы қабылдай алмаймын», деп айтыпты. Бұл маған әрине ауыр тиді.
Анасының бұндай шешімімен келіспей бетін қанша рет қайтарсамда артымнан қалар емес. Шынымды айтсам өзімде қимаймын. Менің ата-анам «Баланы бізге тастап, өз-өміріңді ретте, бұндай жақсы жігіт кездеспейді», — дейді. Ата-анамның баламды қарайтындай жағдайы бар.
Бірақ мен кішкентайымды қалай тастап кетем. Аналық жүрегім бұған қалай шыдайды? Маған қандай кеңес бересіздер, ойларыңызбен бөліссеңіздер?», — деп ойын аяқтаған.