Жігіт болсам да, балабақшада тәрбиешімін

Жігіт болсам да, балабақшада тәрбиешімін

Мені қыз мінезді, қылығы қызға ұқсайды деп жүргендер көп. Енді Құдай солай жаратқан шығар, оған пендесі қалай қарсы бола алады? Дегенмен жаман ойлап қалмаңыздар, жыныстық жағынан ешқандай ауытқушылығым жоқ. Ел қатарлы отбасым, ұл-қызым бар. Өзім сүйіп оқитын "Алаш айнасы" арқылы өмірімнен сыр шертіп көрсем деймін.
Айтайын дегенім, бала кезімнен ерекшелеу өсіппін. Құрдастарым «ұшқыш боламын», «ғарышкер боламын» деп армандап жүргенде, мен «балабақшада жұмыс істеймін», «тәрбиеші боламын» дейді екенмін. Мұнымды әкем ерсі көріп: «балам, ер балаға лайық басқа да мамандықтар бар емес пе, тәрбиеші болу саған жараспас» дегенін талай естідім. Керісінше анам қолдап: «істесе несі бар, ол да жақсы мамандық» деп көңіліме медеу беріп қоятын. Ол кісінің өзі балабақша меңгерушісі болып ұзақ жыл еңбек етті. Ақыры жүрекке әмір жүрмейді дегендей, мен де педколледжді «балабақша тәрбиешісі» мамандығы бойынша бітіріп, Оралдағы балабақшалардың біріне жұмысқа орналастым. Әрине, алғашқыда бәрі қызық көрді. Себебі балабақшада жұмыс жасайтын тәрбиеші ер-азаматтар көп емес. Нәзікжандыларға көз үйренгендіктен болар, ер адамға тосырқай қарайды барлығы. Дегенмен бара-бара оған ешкім мән бермейтін болып алды.
Мен, негізі, ер адамдар бала баға алмайды дегенге намыстанып, тәрбиеші болып кеттім. Қазір екінші санаттағы тәрбиешімін. Жұмыс жасап жүрген мамандығым бойынша көп ізденемін. Кітапханаларға, өзге балабақшаларға, қосымша біліктілік арттыру курстарына барып, өзімді жетілдіруге көп көңіл бөлемін. Тәрбиеші болу үшін, ең бастысы, баланы жақсы көру керек. Олардың ағы мен қарасына қарамай, сәбилердің бәрін бірдей жақсы көре білген адам ғана тәрбиеші бола алады. Жылап келген баланы жұбатып, жақсы көңіл күймен алып қаламын. Ата-аналар өздері таңғалып жатады. Кейде жылап, балабақшаға бармаймын деп келген балалар, енді үйлеріне бармаймын деп қиғылық салады. Тамақ жемей отырған балаға сол ботқаны сызып сурет салып береміз. Сонда бала тамақты қызығып жейді
Баланы алғаш рет қабылдап алған күннен бастап ата-анасымен тереңірек сөйлесу керек. Ол бала қандай сөздерді жақсы көреді? Қандай дауыс ырғағымен сөйлегенді ұнатады? Қандай тамақты жақсы көреді? Қалай еркелетеді? – деген сұрақтарды ата-анасынан іздеген дұрыс. Осының бәрі уақ-түйек сықылды көрінгенімен баланы жылатпай алып қалу үшін өте маңызды. Бала кішкентай болғанымен жылылықты, мейірімді жақсы сезінеді. Сондықтан тәрбиешінің мейірімін сезінген балғындар ортаға, топқа тез үйреніп кетеді.
Бала тәрбиесі бір қарағанда оңай көрінгенімен өте қиын. Сондықтан оларға сөзбен емес, іспен үлгі көрсеткен дұрыс. Өз тәжірибемде көзім жеткені қарапайым үйде өскен бала мен ауқатты үйде өскен баланың тәрбиесі екі түрлі болады. Қарапайым отбасының баласының түсінігі бөлек. Ал ауқатты отбасынан шыққан балалар тәртіпке бағынбай, тым ерке болып келеді. Олардың ата-анасының өздері де кейде бізден көмек сұрап жатады. Кейіннен балалары әбден үйреніп кеткен соң бізге алғыс айтады. Баланың мінез-құлқы өз болмысына байланысты болғанымен, ата-ана тәрбиесінің де орны бөлек. Қазір көбі жұмыста болғандықтан, баламен сөйлесетін уақыттары болмайды. Тәжірибемде болған жағдай, менің тобыма үш жастан асқан бала келді. Әлгі бала алғашында мүлдем сөйлемейтін. Анасы да оған алаңдап жүрді. Кейіннен ол баламен көбірек сөйлесіп, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сөйлеп кетуіне көмектестік. Осындай жайттар біздің тәжірибемізде көп кездеседі. Сондықтан балаға бала деп қарамай, сөйлесе беру керек.
Әрине, маған 40 мың теңге үшін жұрттың баласымен алысып, тәрбиеші болып жұмыс істеп қайтесің, одан да басқа мамандықты игер деушілер көп. Бірақ жүрегіңнің қалауымен жұмыс жасағандықтан, жалақының аздығы да сезілмей қалады екен. Қысқасы, тәрбиеші болу ер-азаматтың да қолынан келетіндігін дәлелдедім деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста