Жеңгем отбасында дұрыс тәрбие көрмеген сияқты...

Жеңгем отбасында дұрыс тәрбие көрмеген сияқты...

Біздің шаңыраққа алғаш келін түскенде анамның қуанғанын айтсаңызшы. «Балам келін алып келді» деп қуанғаннан көзінің жасын сығып алғанын да көзіміз көрді. Әрине, мұндай жағдайда барлық ана солай жасайтын шығар. Бауыр еті – баласының азамат болып ержетіп, үйге келін түсірсе, бұдан артық қандай қуаныш бар, өзі? Қазақтың «Құтты келін аяғынан» деген сөзі бар. Шаңырақ босағасын аттаған әрбір ел енді өзінің келген жұртын бақытқа бөлеп, соларға тастай батып судай сіңуге тырысады. Келін әрбір кезде сынға ілініп жатады. Әрине, ененің сынағы оңай емес. Бұрынғының келіні соның жолында өзінің отбасында көрген тәрбиесін жасап, үлкендерден оң бағасын алып жататынын көнекөздерден естіп өстік. Бұл ата-бабамыздан қалған дәстүрдің бір көрінісі екені белгілі. Ауыл адамдары біздің анамызды құрмет тұтатын. Қашанда үйдің берекесін келтіріп, әкемізді асқар таудай етіп отыратын еді. Біз де соған үйренген едік.

Өкініштісі, біздің үйге келген үлкен келін жайында бұлай айтуға болмас. Өйткені, келген келін бірден-ақ кердең-кердең қағып, өзінің әдепсіз келбетін көрсетіп қойды. Тіпті, жас келін екенмін деп именгенін көрген емеспіз. Ағамыздың жуастығы шығар. Оның осы қылығына тәйт деген ағамды көрген жоқпыз. Не айтса да соған бас шұлғып отырған ағамыздың кейпін көргенде жеңгеміздің үйленбей жатып-ақ бар билікті өзінің қолына алғанын түсінгендей болдық. Жас келін түске дейін ұйқысын қандырып, асықпай оянып жатқанда біз ішімізді тартып қалғанымыз рас.
Біздің үйдің үлкендері оның бұл қылығының жөнсіз екенін айтпады емес. Бірнеше мәрте сол жайында әңгіме етті. Санасызға қанша сөйлесең де оны құлағына қыстырмайтыны рас қой. Кесір келін одан кейін де өзінің қателігін түсініп, өзінің әдепсіз қылықтарын түзей қойған жоқ. Тағы бір қынжыларлығы, жеңгеміз өте салақ болып шықты. Үйдің ішін жинау дегенге мүлдем олақ. Заттар шашылып жата беретін. Дастарханның талай мәрте жиналмай қалғанын көзіміз көрген. Осыдан кейін ыдыс-аяқ пен тамақ істелген қазанның жуылып тұруын айтпай-ақ қоялық.
Анамыз кең адам еді. Келініне барлығын жай сөзбен түсіндіруге тырысты. Ешқашан дауыс көтерген емес. Көпті көрген адам ғой. Келіннің қанша жерден кесірлігін көрсе де ашу шақырып, онымен керісіп көрген жоқ. Дегенмен, кесір келін мұны да түсінген жоқ. Өзінің үйінде жүргендей алшаң басып, кейбір сәттерде анамызға тілінің де тиіп кеткенін байқаған едік. Осылай өмір де өтіп жатты. Ата-анасынан көрген тәрбиесі сол шығар. Жас келін түзелмеді. Осылай жүргенде олар қалаға көшеміз десті. Әрине, олардың шешімдеріне ешкім қарсы бола қойған жоқ. Сонымен, ағамыз екеуі қалаға кетті.
Осылайша жылдар артынан жылдар жылжып, замана ілгері қарай қадам басты. Әрине, туған бауырым болғандықтан, ағамыздың үйіне барып тұрдық. Сонда үйдің ішінің ластығына қарап, көңіліміз құлазып, еңсеміз түсіп қайтатыны талай мәрте кездесті. Жеңгеміз әйел болып, үйдің ішін жинағанын көрген емеспіз. Өзіміз үйіне қонаққа барғанда үйді жинап қайтуға мәжбүр болатын едік. Тіпті, әбден кірлеп кеткен үйдің ішін ақтап, перделерін жууға тырыстық. Оған беті қызарған жеңгемізді көрген емеспіз. Баяғы әуенімен мұрнына су жетпей жүретін. Бірақ, тындырып жатқан ештеңе жоқ. Байқағанымыз, күні бойғы бар тірлігі көршілердің немесе туған-туысқанының үйін аралап, қыдырып жүре беру еді.
Біз оған жанашырлықпен «Бір сәт үйдің ішін жинап, шаңырағыңды таза ұстамайсың ба» дейміз. Оны құлағына қыстырған жеңгеміз жоқ. Таңалакеуімде үйден шығып кешке әрең жететін. Бұл тірлігін қашан қояр екен деп біз жүрдік.
Әрбір мұсылман баласына үйдің іші мен ауласын таза ұстау міндет емес пе? Өкініштісі, жеңгеміз оған ешбір мән бермегені өкінішті. Таңның атысы мен күннің батысына риза болып, ертеңгі күннің мәселесіне мүлдем бас ауыртпаған адамға қалайша ауыз ауыртып, өзіңнің ақылыңды айта бермексің? Тіпті, өзінің үстінде киетін киімнің сатпақ болып жүргенін талай мәрте көзіміз көрген еді. Осыдан кейін тілімізді тістеп, өзіміздің де жүйкеміздің жұқартуымыздың бекер екенін ұғындық.
Оны көріп өскен бала қандай тәрбие алады? Әрине, олар да тазалыққа немқұрайлы болып өседі. Шындығында, үйдің іші таза болмаса, сол шаңырақтың да берекесі кетеді емес пе? Ағамых ақшаны табудай-ақ табады. Алайда, ел-жұртқа көрсете алатын жеңгеміз жоқ. Алған жаңа дүниесінің өзі шамалы күннен кейін ешбір жуылмастан көрінген жерде жататын. Сол жаны ашымастық салдарынан бұл отбасында ешбір береке болған жоқ.
Қанша десек те, туған бауырымыздың шаңырағы емес пе? Олардың осы күйі біздің жүрегімізді ауыртады. Ағамызға да айтқанбыз. Әйелімен сөйлескен шығар. Алайда, әбден қанына сіңіп қалғаннан кейін жеңгеміз сол әдетін әлі күнге дейін жалғастырып келеді. Ол үйге барғанда тезірек қайтып кетуге тырысамыз. Тіпті, дастархан үстіне қоятын жөнді ідысты таппай, бірнеше мәрте ұшынып қала жаздағанымыз тағы да рас.
Рас, адам баласы сан түрлі болып жаратылады. Оны отбасында алған тәрбиеден дейді ғой. Бәлкім, солай да шығар. Дегенмен, әрбір адамның санасына берсін дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Әйтпесе, жастары қазір үп-үлкен болды емес пе? Айта кетерлігі, ұлдары мен қыздарын үйлендіріп және тұрмысқа берген сәтте ағайын-туыс болып сол үйді жинап, тазалап жатамыз. Жеңгеміз ол жағын мүлдем ойламайтын секілді. Келген ел-жұрт не дейдіЮ? Оған басы ауыртып жатқан ол жоқ. Сол баяғы әдетімен қыдырымпаз әдетін тастар емес.
Көптен бері көкейде жүрген ойым осы еді...

Нағима, ШҚО

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста