Жел шығу: жыныстық қатынас кезіндегі ең қолайсыз жағдайлар
Ұлыбританиялық ғалымдар әйелдер мен ерлердің интимдік қарым-қатынасы кинодағыдай "әдемі" емес, біраз кемшіліктерден тұратынын анықтады. Бұл туралы pohnews.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
Зерттеушілер әйелдер мен ер-азаматтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген. Белгілі болғандай, әйелдер үшін ең қолайсыз жағдай - іштегі желдің шығуы екен. Олардың 58 пайызы жыныстық мүшеден шығатын жел үшін қатты ұялса, 37 пайызы етеккір кезінде өздерін ыңғайсыз сезінеді. Ал 21 пайызы төсектегі қатынас кезінде күлуді құптамайды және 9 пайызы төсек ойындарынан ұялатын болып шықты.
Ер-азаматтар әйелдерге қарағанда сезімталдығы төмен болғандықтан, көп нәрсені "ұятты" деп санамайтындарын айтқан. Дегенмен, жыныстық қатынастан соң бірден ұйқыға кету, әйлдердің ләззат алу кезінде жылап жіберуі, сәтсіз әзілдер мен мерзімінен бұрын шәует шығару өздеріне ыңғайсыздық тудыратынын жеткізген.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, жоғарыда аталған "қолайсыз жағдайлар" жыныстық қатынасқа түсетін жұптардың 75 пайызында кездеседі екен. Сондықтан ғалымдар оған аса мән бермей, әрбір сәттен ләззат алуға кеңес берді.