Үш баласын тастап, көршінің ұлымен қашып кетіпті
Үш ұлын, күйеуін тастап, ата-енесін жерге қаратып, көршінің ұлымен қашып кетті деп әпкесі шағым жазып, мен парақшамда Маржанға іздеу жарияладым, - деп жазды zamana.kz сайты.
Журналистік зерттеу нәтижесінде 6 жыл хабар-ошарсыз жоғалған Маржан Сүлейменованың Алматыда бірнеше жерде тіркелгенін анықтадым. Қаңғып кеткен үш баланың анасы табылды.
Күйеуі Ғалым қыркүйекте оқыс жағдайдан қайтыс болады. Туыстары марқұмның қалтасынан келіншегінің суретін тапқан. Ол алты жыл бойы әйелін күтіп, үйленуден бас тартқан. Үш баланың әкесі бір үйдің жалғыз ұлы екен.
Қайғыдан қабырғасы қайысқан кәрі шешесі өксіп зарлағанда жүрегім шымырлады. Үш немере туған келінін көргенде көз алдымда кейуана күйіктен бір уыс болып қалғандай көрінді.
Алты жыл қаңғып келген келіншек балаларынан бас тарта ма? Бір үйдің жалғыз келіні Маржан кіммен кет­ті? 6 жыл бойы әке-шешесіне неге бір хабарласпады? Бұл &ndash қазақтың салт-дәстүрін сақтаған ауылды дүрліктірген оқиға болды.
Алты жыл өз үйіне де ат ізін салмаған келіншектің ғашығының шешесімен де сөйлестім. Жан құрбысының келінімен көңілдес болған ұлына өте қапалы екен.
Бір ауылды шулатқан қашқын келінді ата-анасы кешіре ме?
Жазира БЕГАЛЫ.