Ұлы өзінің үйлену тойында туған әкесін тойханадан қуып шықты

Ұлы өзінің үйлену тойында туған әкесін тойханадан қуып шықты

Біздің көшеде шағын отбасы тұрады. 1 ұл, 1 қызы бар Гүлсапар аудандық ауруханада еден жуушы болып жұмыс істейді. Жас кезінде мектептен соң оқымай қалған. Себебі мектеп бітіре сала Гүлсапарды көрші ауылдың бір жігіті алып қашыпты. Момын қыз сол шаңырақта қалып кеткен. 

 

Гүлсапар сол шаңырақта 5 жыл тұрды. Отымен кіріп, күлімен шықты. Бірақ, алып қашқан жігіт 5 жылдан соң өзгере бастайды. Ол Гүлсапардан 2-ақ жас үлкен еді. Жігіт мектеп бітірген соң әскер қатарына барып келген. Әскерден келгесін үйленгісі келіп, бір-екі рет сырттай көрген Гүлсапарды алып қашқан.

 

Жора-жолдастарымен отырғанда: "Балалықпен ерте үйленіппін" деп жиі айтатын болыпты. Тіпті ащы суды суша сіміруге көшкен. Үйіне келіп Гүлсапарды сабайтынды шығарады. Бұл көпке жалғасады.

 

Гүлсапар екі баласы үшін шыдайды. Ауылдың ұяң келіндеріне тән мінезбен күйеуіне қарсы ештеңе дей алмай іштен тынып жүре береді. 

 

Күйеуі Нұрлыхан бір күні Гүлсапарды үйден қуып шығыпты. "Кет дегенде ит те кетеді" деп айтпаған сөзі қалмаған. Баласына төсек тартып жатқан кәрі әке-шешесі ештеңе дей алмайды. Бірдеңе деген күннің өзінде ұрда-жық ұлдарына сөздері өтпейді.  Гүлсапар жылап-сықтап екі баласын жетектеп төркініне келеді.

 

Бауырлары оған қолдан келгенше көмек беріп, ауыл шетінен қоржын там салып береді. Гүлсапар сонда тұрады. Екінші мәрте тұрмысқа шықпайды. Бар өмірін қос құлынына арнайды. 

 

Ал Нұрлыхан Гүлсапарды қуып шыққан соң басқа бір қызды алыпты. Әйтеуір екеуі жақсы тұрып кеткен көрінеді. Нұрлыхан арағын қойып, жұмыс істеп, тіпті жеке кәсібін жүргізе бастапты деп естиді. Әрине оны әйелі адам қылуға көп еңбек сіңіріпті. "Не де болса бақытты болсын" деп Гүлсапар оған іштей бақыт тілеп жүре берді.    

 

Ауруханада еден жуып, одан бөлек сенбі, жексенбі күндері базарға шығып пісте сатып жүріп ұлы мен қызын оқытты. Жоғары білім әперді. Ал Нұрлыхан ұлы мен қызына бір тиын беріп көмектеспейді. Тіпті ұлы ауырып, ота жасату қажет болғанда Гүлсапар күйеуіне көмек сұрап алдына барады. Бірақ, Нұрлыхан екінші әйелінен қорықты ма, бірінші әйеліне көп көлемде ақша бере алмай, жылы шығарып салады.

 

Оны естіген ұлы қатты ашуланады. "Мейлі, енді біз өлейін деп жатсақ та, әкеме ешқашан бармаңыз" деп ұрсады. Әйтеуір ұлы итшілеп жүріп оқу бітірген соң бірер жылдан соң үйленуге шешім қабылдайды. Қызын анасына әкеліп таныстырады. Гүлсапар қызды ұнатып батасын береді. Содан осы жазда үйлену тойын өткізеді. 

 

Содан жұрт назарын - Нұрлыхан өзіне аударды. Той ортасында тойханаға кіріп келеді. Тойханадағылар Нұрлыханды көріп абдырап қалады. Гүлсапар не дерін білмей сасқалақтап орнынан бір тұрып, бір отырады. Оны төрде тұрған ұлы да байқап, дереу әкесінің жанына жетіп келеді. Жағасына жармаспаса да сүйрегендей қылып сыртқа алып шығады. 

 

- Ұлым, кешір, - деп Нұрлыхан қанша жалынса да, ол әкесін тыңдағысы келмейді.

 

Гүлсапар болса не дерін білмей жылап жүр.

 

Біз, көршілер де: 

 

- Ерлан, бір ашуыңды бас, ит те болса әкең ғой, - деп  араша түсіп жүрміз.

 

Ерлан ешқайсымызды тыңдамай, әкесін көргісі келмейтінін айтты. Нұрлыхан да ұлының жібімейтінін түсінді ме, көзі қызарып, селкілдей жылап қайтып кетті. 

 

Сол кезде біз Ерланның тасжүректігіне қатты таң қалдық. Бірақ, бір жағы оны түсінуге де болады. Ұлына кішкентайында қарамаған әкесі неге тойға келген?

 

Адам қартайғанда өмірдің мәнін түсіне бастайды ғой. Әкесі өз қателігін түсінген шығар.

 

Бірақ, бәрі кеш еді. 

 

 

 

Оinet.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста