Үйленген соң күйеуімді танымай қалдым
Менің жасым 18-де. Тұрмысқа шыққаныма 4 ай болды. Айтайын дегенім күйеуім үйленгеннен кейін мүлдем басқа адам болып шықты. Үйленгенге дейін маған ешқандай ауыр сөз айтып, боқтамайтын, ұрмайтын. Сабырлы керемет жігіт болатын. Ал үйленгеннен кейін мені қатты қызғанып, инстаграмда қыздарға лайк бассамда боқтап ұратын ды щығарды. Күйеуге шыққан 4 ай бойы күндерімнің барлығында жылаумен келемін. Былай арамыз керемет барлық жағынан. Кейде ашуланбай жақсы болып жүреді де, кейде көзіне бірдеңе көрінгендей жынданып шығады өзінен өзі. Мен оған жындануға ешқандай себеп бермеген сияқтымын. Далаға шығып түнгі 2-3 те келседе үндемеймін, сыртта жүрсе тіпті звондамаймын достарынан ұят болар деп. Ата енемді өзімнің əке шешемдей сыйлап жақсы көріп қалағандарын істеймін. Олар өте жақсы адамдар. Аллаға шүкір. Бірақ күйеуімнің маған істейтіндері жүрегімді ауыртады. Күнде жылап бар өкпемді ішімде сақтап жүрмін. Сірə ешкімге айта алмаймын, өз ата анам күйеу баласын жек көріп кетер деп, ал ата енеме өзім жаман болып , баласын да жаман қылып көрсеткім келмейді. Осылай ішімнен тынып, бəрін сақтап жүре берсем ауру болып кететін сияқтымын. Күнде ойыма ол ұрысқан сайын бекер күйеуге шықтым деп ойлаймын( Не істерімді білмеймін? бір ойым 4 айдан бері əлі көтермедім мүмкін содан шығар деп.. бірақ білмеймін.Дəрігерге тексерілгенімле бəрі жақсы, воспаление ештенең жоқ деп жіберген. Ол сол денім сау болып тұрып көтере алмай жүргесін содан жынданама деп ойлаймын кейде. сіздер қандай кеңес бересіздер?
Аноним