Тұрмысқа шығу арманым

Мен бала кезден өте кірпияз, таза болып өстім.Алматы қаласында туып,өстiм. Өмірімде белгілі бір ережелер болатын. Сол ережелерді қатаң сақтадым. Мектепте үздік оқып, ЖОО-ны қызыл дипломмен аяқтадым, магистратураға да өз күшіммен түстім. Білімге деген құштарлығымды қайтейін, қазір жасым отызда. Жалғызбын. Керемет жұмысқа тұрмасам да, ел қатарлы барып-келіп істейтін жұмысым бар. Қатарлас құрбымның көбі балалы-шағалы болып, бір отбасының түтінін түтетіп отыр. Ал мен болсам... Тіпті, сөйлесіп жүрген жігітім де жоқ.

 
Кейде "кез келген біреуге шығып алып, ажырасып кеткенім жақсы еді бұдан" деп ойлаймын. Балалы болу, сүйікті жар атану менің орындалмас арманыма айналды. Отызға келіп бағы ашылып жатқандар болғанымен, олар өте сирек. Менің сенімім де күннен-күнге азайып барады. Оның үстіне түнде өз-өзімнен елегізіп,ұйықтай алмайтын ауруға ұшырадым. Психолог әпкеміз "бұл - жалғыз қалам-ау дегеннен туған қорқыныш" дейді. Менің басымдағы жағдайды тағдырластарым түсінер.
Мақсатым - тек оқу болатын. Оның үстіне "оқуды үздік бітіріп, қызыл диплом алсам, ата-анамды қуантсам" деген мақсат құрдым. Қызыл диплом алып келгенімде, ата-анам бүкіл туған-туысқанды жинап, ұлан-асыр той жасады. Олардың да ел алдындағы беделі өсіп қалғанымен, бәрі уақытша болатын. Қазір дипломым түкке жарамсыз болып, сандықтың түбінде шаң басып жатыр.
Бара-бара біреуге бір нәрсе айтудан қалдым. Іштей өзімді жегідей жеуден басқа амалым жоқ. Елдің бәрі қолын шошайтып, маған күлетін секілді. "Қыз мұраты - кету" деп ата-бабамыз бекер айтпаған екен. Іштей әлі өзіме 18 жастағы қыз сияқтымын, ал уақыт өз дегенін алып жатыр Жазған зерттеулерім газет-журналдарға жарияланғанымен, олар да жанға дауа бола алмайды. Тек осы зерттеуімнен медет іздеймін. Ал менің тағдырым ше?.Оқудың соңына шам алып түсу қыз балалардың маңдайына жазылмаған ба деп қаламын. Тым құрыса, тұрмысқа шығып алып барып, оқуыңды жалғастырсаң, дұрыс жол осы болмақ. Қыз баланың ең басты міндеті - тұрмыс құру екен. Адам кез келген сәтсіздігіне айналасын кінәлайтыны белгілі. Қолымнан не келеді? Күту... Күту... Күту ғана.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста