Түрмеде жатқан жігітке ғашық болған әпкем опық жей жаздады

Түрмеде жатқан жігітке ғашық болған әпкем опық жей жаздады

"Алаш айнасы" сайтынан күн сайын небір оқиғаларды оқып, бірде кейіпкер үшін қуансақ, бірде оларды аяймыз. Өмір деген қилы-қилы болып келеді ғой. Тағдыр кімге қандай "тосынсый" жасайтынын білмейміз.

Мен бүгін оқырманға осыдан бірнеше жыл бұрын әпкемнің басынан өткен оқиғасын айтып берейін. Әпкем біздің үйде жатып жұмыс жасап жүрді.Сол кезде ол екі жігітпен сөйлесіп жүрген болатын.Біреуі түрмеде жаткан жігіт, екіншісі карапайым ауыл баласы еді. Әлгі түрмеде жатқан жігіт әпкеме үнемі сені сүйем, маған тұрмысқа шық, бар жағдайыңды жасаймын дейтін. Әпкем оны ұнатып қалыпты. Әйел құлағымен сүйеді емес пе, бірақ ,екінші жігітімен де сөйлесіп жүретін. Өзі ылғи да "екі оттың ортасында калдым" деп жүретін.

Түрмедегі жігіті жолда келе жатып адам қағып кеткенін және түрмеден жакында шығып әпкеме үйленгісі келетінін айтады.Содан түрмеден шығып әпкем екеуі кезеседі. Ол жігіт таза қазақ емес екен, анасы өзбек болып шықты.

Сонымен бір күні әпкем кешке жұмыстан қайтып бара жатқанда әпкемді алып қашады, әпкем көнбейді. Бірақ әлгі жігіт әпкемнің ауылына барып, оның анасының алдынан өтпекші болады. Жігітке көнгісі келмеген әпкемді ол қорқытып, тамағына пышақ тақап, "менің дегеніме көнесің,әйтпесе өлтірем" дейді. Сонымен жігіт әпкемді әпкемнің анасының алдына барып құдайдай сөзін айтып, рұқсатын алып кетеді, әпкем қорыққанынан ештеңе демей отырады.

Әпкемді алып қашқанын біз де білмейміз, біздің үйде жатқандықтан папа жауапты ғой. Әпкемді алып қашып кеткенін естігенде папам қан қысымы көтеріліп ,уайымдап қатты ауырып қалды.

Кейін білдік, әлгі жігіт әпкемді ешқандайда алып қашпаған, үйіне де апармаған. Айдалаға апарып әпкеме білгенін істеген. Біздің апалар артынан қуып барамыз деп дайындалып отырған, ешқандай хабарда жоқ,3 күн бойы жоқ болып кетті.Біз полицияға арыз бердік, қызды іздеді, таппады полицилер. Үш күн өткенде бір кафеден әлгі жігіт пен әпкемді бір таныс кісі көріп полицияға хабараласады. Олар келем дегенше жігіт әпкемді тастап қашып кеткен. Ұстай алмай қалдық, әпкемді үйге алып келдік. Оның осы үш күнде көргендері психикасына әсер еткен болу керек, өзгеріп кеткен не істегенін өзі білмейді. Оны тексеріттік, қыз болмай шықты, әлгі жігіт зорлаған. Содан ол жынды сияқты боп қалды өзімен өзі отырып жылайды, бір уақытта күледі айғайлап. Неше марте асылып қалайын деп жатқан жерінен ұстап қалдық. Уақыт өте келе ол дұрысталды өзінен 10 жас үлкен ажырасқан біреуге тұрмысқа шықты. Кұдайға шүкір күйеуі алтын адам, әпкемді сондай жақсы көреді. Қазір 2 баласы бар, бақытты. Мен мұны сабақ болар деп жазып отырмын,өтінем қыздар сезімге беріліп алданып қалмаңдаршы.


Бақыт, Алматы
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста